Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Хайуанаттар бағындағы қызықтар
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар
Оқу іс - әрекетінің мақсаты: Балаларға хайуанаттар бағы туралы түсінік беру, жа¬байы аңдар туралы білімдерін тиянақтау. Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жан - жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: аңдардың, тордың суреттері, ойыншықтар, суреттер.
Оқу іс - әрекетінің барысы:
1. Кіріспе бөлім.
а) Сабаққа дайындық ретінде балалар алдын - ала хайуанаттар бағына апарылады. Хайуанаттар бағынан алған әсерлері үйден салып келуге тапсырылған суреттерінен байқалады.
ә) Жұмбақтар шешу.
1. Қалқиып қос құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)
2. Халық «қу» деп,
Қылған күлкі
Айласы көп.
Бұл не? (Түлкі)
Хрестоматияда берілген «Жануарлар әлемі» атты мәтінді оқып беру.
Осы мәтін арқылы әлемдегі ең үлкен жануар - көк китті таныту.
Ол теңіздегі ең ірі сүтқоректі жануарлар болып табылады.
Әлемдегі ең ұзын жануар – керік. Ол жануарлардың ішінде ең жүрегі үлкен аң. Керіктің тілі – қап - қара болады екен.
б) Сұрақ - жауап әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын айтқызу. Балаларға жануарлар әлемі туралы теледидардан, бейнетаспалардан көруге болатындығы және көптеген кітаптар бар екені айтылады. Астана қаласындағы «Мұхит аралы», Алматы қаласындағы хайуанаттар паркінен көптеген жануарлардың түрін көруге болатындығы айтылып, олардың суреттері көрсетіледі.
2. Негізгі бөлім.
а) Хайуанаттар бағы - жабайы жануарларды қолда (торда, қоршауда) немесе жартылай қолда (табиғи мекендеу ортасына жақын көлемде қоршалған аумақ) ұстайтын ғылыми ағарту мекемесі. Онда біздің елде мекен етпейтін, теледидардан ғана көре алатын, жыртқыш, жабайы жануарларды адамдар өз көздерімен көруге мүмкіндік жасалған. Оларды хайуанаттар бағының қызметкерлері баптайды. Хайуанаттар бағындағы жануарларға кез - келген тамақты беруге тиым салынған. Өйткені олар ауырып қалуы мүмкін.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Хайуанат - жан - жануарлардың жалпы атауы.
Хайуанаттар бағы - жан - жануарларды бір араға жиып, көпшілікке көрсету шараларымен шұғылданатын мекеме.
б) Сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Дәптердегі хайуанаттар бағы бейнеленген суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады. Балалар көмек арқылы торда тұрған қасқыр, аю, көжек туралы әңгімелейді.
Қасқыр - ит тұқымдас жануар. Түсі - сұр. Оны жыртқыш дейді. Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды.
Қоян - ұзын құлақ жабайы жануар. Қоянды үйде де асырайды. Оның түсі аппақ, сұр болады. Ол - өте қорқақ аң. Қоянның баласын көжек деп атайды .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: