Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ж дыбысы мен әріпі

Мектепалды дайындық сабақ жоспары:  Ж дыбысы мен әріпі

Сабақтың тақырыбы: «Ж дыбысы мен әріпі»
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды ж дыбысымен таныстыру.
Сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ж әрпімен таныстыру, әріп элементтерін дұрыс жазуға, сауатты жазуға үйрету.
Тәрбиелігі: Ізденімпаздыққа ұқыптылыққа, жауапкершілікке, тәртіптілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту. Ойын арқылы тапсырманы тиянақты орындауға дағдыландыру, тез шапшаң оқу дағдысын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғау, сұрақ - жауап ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер әліппе - дәптер
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, айналамен танысу.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Психологиялық дайындық.
Қызығушылықты ояту.
Ой шақыру.
1. Әріп дегеніміз не?
Көреміз, жазамыз, оқимыз.
2. Дыбыс дегеніміз не?
Естиміз айтамыз.
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Екіге дауысты және дауыссыз.
4. Өткен сабақта қандай дыбыстармен таныстық?
ІІІ. А, Ш, С, Л, У, О, Р, Н, Ә, Т, Й, М, І, Д, Ы, Қ, Е, Ұ.

5. Мына сөздерді оқу.
Қа - ла, ай - на, қа - ра, ша - на, да - ла, ма - та, ба - ла.

IV. Жаңа сабақ:
Балалар біз бүгін тағы бір жаңа әріп өтеміз. Мен сендерге жұмбақ жасырам. Сол
жұмбақтың шешсеңдер. Өтетін жаңа әріп бар сөз шығады.
1. Күндіз бәрі қашады
Түнде аспанды басады (жұлдыз)
2. Төбеден төгеді
Тамшысын төгеді ( жаңбыр)
3. Ағайынды бәрі
Шықса бәрі
Түссе сары ( жапырақ)
- Ал енді балалар, осы жұмбақтың жауаптары қандай дыбыстан басталып тұр?
- Ж дыбысы
- Қане, бәріміз бірге дыбыста созып айтып көрейікші созып айтуға келеме?
- Жоқ. Ендеше ж дыбысы қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс
- Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз.?
- Көк түспен.

V. Сурет бойынша оқушыларды сөйлету: жапырақ, жолбарыс, көжек, жүрек
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ, сұр қоян
Есті қалып сыбдырды
Ойлы - қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып секірді
Қарап еді артына
Келе жатқан өзіні
Көжегі екен томпаңдап.

VІ. Дәптермен жұмыс.
Ж әрпін жазып үйренейік. Ауада жазу. Жазу жолындағы әріптерді жазу. Ж әрпін балалардың әдемі таза сауатты жазуларын қадағалау.

VІІ. Ойын «Сөз ойла, тез ойла»
1. Ж дыбысына байланысты сөздер айту
Жолбарыс, жұлдыз, жапырақ, жүзім, жүгері, жуа
2. Әріпті жұмбақ шешу.
Жайлауда бар
Қыстауда жоқ
Жасылда бар
Қызылда жоқ (Ж дыбысы)

VІІІ. Сабақты қорытындылау.
– Қандай дыбыспен таныстық?
– Ж дыбысы қандай дыбыс?
ІX. Бағалау .....


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мектепалды Ж дыбысы мен әріпі дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Ж дыбысы мен әріпі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]