Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Б дыбысы мен әрпі
Білімділігі: Балаларға Б дыбысы мен әрпімен таныстыру, осы дыбыс арқылы жасалатын жаңа сөздерді оқуға үйрету. Ойлау қабілетін, іскерлік дағдысын дамыта отырып, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Б дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасату.
Көрнекілігі: сұрақ - жауап, әріптер, текшелер, кеспе әріптер, интерактивті тақта.
Әдіс - тәсілдері: ойын, түсіндіру, топтық жұмыс, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, математика, музыка.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Барша адамды құрметтеп
Бас иеміз біз.
Біз бақытты баламыз
Ойнап, білім аламыз.
Сауат ашу пәнінде
Оқып, жазу жазамыз.
ІІ. Қызығушылығын ояту
1, 2, 3
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз!
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру.
- Қандай әріп, дыбыстармен таныспыз?
Аяжан
- А әрпі және дыбысы.
Ата, зейін салдың ба?
Бар әріптің алдында
Неліктен «А»тұрады?-
Деп бір күн сұрадым.
Атам менің сауатты
Былай берді жауапты:
- Ата, Ана, Ақыл, Ар, Адам,...
«А»- дан бәрі басталар
Содан шығар, құрбаным,
«А»- ның алда тұрғаны!
Дастан
Т әрпі
Тауық теріп тезекті,
Тасбақаны көрмепті.
Тышқан өткен жерлерді,
Бұл не қылған із - депті.
Елтай
П әрпі
Партада жатқан кітапты
Піл парақтап қарапты
Кітаптан алған білімі
Пайдасына жарапты.
Жанерке
Н әрпі
Найзасын алып қолына
Назар батыр қатулы.
Намысын бермей жауына
Найзағайдай атылды.
Ақтілек
Ғ әрпі
Ғалым болам - десеңіз,
Білімді жина басынан.
Ғарышқа ұшам - десеңіз,
Шынықтыр дене жасыңнан.
Аружан
Л әрпі
Лашын құсым самғай бер,
Шынықсын жас қанатың.
Секіріп лағым ойнай бер,
Шыңдалсын мықтап тұяғың.
Мәдина
М әрпі
Мойнына моншақ іліп ап,
Мысық жатыр пырылдап.
Маңына маса келіп қап,
Мазасын алды ызылдап.
Мадияр
Қ әрпі
Қазан толы қатықты
Қасқыр ала қашыпты.
Қоян қарап қалмапты,
Қалқып апты қаймақты.
Сажида
Ш әрпі
Шегіртке түнде шырылдап,
Шыбын күндіз ызылдап,
Шаршамайды екен - деп,
Шырмауық жатыр тың - тыңдап.
Жансая
Д әрпі
Дөңгелене доп келеді,
Оны теуіп Дәу келеді.
Мәз болады шаттана,
Ойы мүлдем басқада. .....
Көрнекілігі: сұрақ - жауап, әріптер, текшелер, кеспе әріптер, интерактивті тақта.
Әдіс - тәсілдері: ойын, түсіндіру, топтық жұмыс, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, математика, музыка.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Барша адамды құрметтеп
Бас иеміз біз.
Біз бақытты баламыз
Ойнап, білім аламыз.
Сауат ашу пәнінде
Оқып, жазу жазамыз.
ІІ. Қызығушылығын ояту
1, 2, 3
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз!
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру.
- Қандай әріп, дыбыстармен таныспыз?
Аяжан
- А әрпі және дыбысы.
Ата, зейін салдың ба?
Бар әріптің алдында
Неліктен «А»тұрады?-
Деп бір күн сұрадым.
Атам менің сауатты
Былай берді жауапты:
- Ата, Ана, Ақыл, Ар, Адам,...
«А»- дан бәрі басталар
Содан шығар, құрбаным,
«А»- ның алда тұрғаны!
Дастан
Т әрпі
Тауық теріп тезекті,
Тасбақаны көрмепті.
Тышқан өткен жерлерді,
Бұл не қылған із - депті.
Елтай
П әрпі
Партада жатқан кітапты
Піл парақтап қарапты
Кітаптан алған білімі
Пайдасына жарапты.
Жанерке
Н әрпі
Найзасын алып қолына
Назар батыр қатулы.
Намысын бермей жауына
Найзағайдай атылды.
Ақтілек
Ғ әрпі
Ғалым болам - десеңіз,
Білімді жина басынан.
Ғарышқа ұшам - десеңіз,
Шынықтыр дене жасыңнан.
Аружан
Л әрпі
Лашын құсым самғай бер,
Шынықсын жас қанатың.
Секіріп лағым ойнай бер,
Шыңдалсын мықтап тұяғың.
Мәдина
М әрпі
Мойнына моншақ іліп ап,
Мысық жатыр пырылдап.
Маңына маса келіп қап,
Мазасын алды ызылдап.
Мадияр
Қ әрпі
Қазан толы қатықты
Қасқыр ала қашыпты.
Қоян қарап қалмапты,
Қалқып апты қаймақты.
Сажида
Ш әрпі
Шегіртке түнде шырылдап,
Шыбын күндіз ызылдап,
Шаршамайды екен - деп,
Шырмауық жатыр тың - тыңдап.
Жансая
Д әрпі
Дөңгелене доп келеді,
Оны теуіп Дәу келеді.
Мәз болады шаттана,
Ойы мүлдем басқада. .....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: