Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ертегі еліне саяхат

Мектепалды дайындық сабақ жоспары:  Ертегі еліне саяхат

Мақсаты:
- оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істету, ой - өрістерін дамыта отырып өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру;
- ертегі арқылы оқушылардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету, баулу;
- Бір - бірлерімізбен тату болу, ұжымшыл болу;

1. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Балалар, ертегі - сөзін естігенде қандай ой келеді, көз алдарына не елестетесіңдер? Қандай ертегілер білесіңдер?
(балалар пікірін тыңдау).

2. Жаңа сабақ
Мұғалім: Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді, біз «Ертегі еліне саяхатқа» шығамыз.
Ертегі - халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлуге болады.
- жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету)
- қиял - ғажайып ертегілер
- шыншыл ертегілер
Ертегіден халқымыздың тұрмыс - салтын, әдеп - ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял - ғажайып оқиға аралас келіп отырады.
Кел, тыңдайық ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді.
«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы:
Ерте, ерте, ертеде.... бір ата мен әже болыпты
Атасы: - кемпір - ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Әжесі:- неден пісірейін ұн жоқ қой.
Атасы:- қаптың түбін қақ, бауырсақтық ұн табылып қалар.
Әжесі солай істейді: қаптың түбін қағып, қалған ұннан бауырсақ пісіреді де, суытып терезе алдына қояды.( іс - әрекеттерін көрсетеді) Бауырсақ домалап кетеді...
Орман ішіне домалап келіп, қоян ананың көжегін үйретіп жатқанын естиді:
Қоянның көжегі:
Мен ақ қоян, ақ қоян,
Қорқақ қоян, сақ қоян.
Қасқырлардан қорқамын.
Орманға мен зытамын.

Қоян:
Сұр көжегім, көжегім,
Еркелігін сеземін.
Сабаққа мойын бұратын
Сенің де келді кезегің.
Көжегі бауырсақты көріп қорқып, қашып кетеді.
Қоян: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын.
Бауырсақ: - жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып беремін, соны тыңда.
Атадан да қаштым,
Ападан да қаштым,
Қоян сенен де қашып кетемін.
Қоян: - қой, бауырсақ сенің өлеңің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында.
Бауырсақ: енді не істеймін, балалар, сендер маған көмек көрсетіңдерші.
Мұғалім: орындаймыз ба қоянның тапсырмасын?

Қоянның тапсырмасы:
1. Қазақстан Республикасының президентінің аты – жөні кім?
2. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
3. Біз қай қалада тұрамыз?
Бауырсақ:- рақмет, балалар, сендердің көп көмектерің тиді.
Қоян: Сендер өте ақылды оқушылар екенсіңдер, олай болса мен өз жөніммен кетейін.
Бауырсақ домалап қояннан қашып, ағаш түбінде жатқан қасқырға кездеседі.

Қасқыр:
Түсім сұрқай, тым суық,
Орманда жүремін аң қуып.
Қасқыр:- бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: - жемеші, мен саған өлең айтып беремін.
Қасқыр: - жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.
Қасқырдың тапсырмасы:
1. Жыл мезгілдерін ата?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Оларды ата?
Бауырсақ:- рақмет, балалар, қасқырдан да құтқардыңдар.
Қасқыр: Сендер менің тапсырмамды орындадыңдар, онда мен ары қарай жол жүрейін.
Шөп үстінде құлпынай жеп жатқан аюға кездеседі.
Аю: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: - жемеші мені, мен саған қандай өлең айтып беремін
- ападан да қаштым, атадан да қаштым,
сенен де аю қашып кетемін.
Аю: Әй, балалар, балалар!
Менде қызық ойын бар,
Ал ықылас қойындар
Кәне, тәртіп сақтайық,
Мен берген тапсырманы,
Бұлжытпай орындайық......


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мектепалды Ертегі еліне саяхат дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Ертегі еліне саяхат

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]