Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Құстарды аялайық
Білімділік: балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға үйрету.
Дамытушылық: құстардың дауыстарын сала отырып, тілдік қорын жетілдіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: тыйым сөздер, мақал – мәтелдер айту арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: құстардың бейнесі, дала құстары мен үй құстарына арналған тапсырмаға сәйкес суреттер.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Ал, балалар, қанеки алдымен сәлемдесіп алайық...
Балалар, біз қонақтарымызбен амандастық, енді алақандарымызбен бір – бірімізге жылы лебіздер айтайық...
- Балабақшамыз гүлдене берсін.
- Нанымыз көп болсын.
- Ата - анамыз ауырмасын.
- Қаламыз көркейе берсін.
- Ешқашан ауырмайық.
Тәрбиеші: – Жарайсыңдар!
Негізгі бөлім:
- Балалар, мен сендерге Айсұлудың әңгімесін айтып берейін. Барлығымыз мұқият тыңдаймыз.
- Ертеде Айсұлу деген қыз болған екен. Ол қыз бір күні анасынан рұқсат сұрамай үйден шығып кетеді. Келе жатып орманның ішіне кіріп кетеді. Балалар, айтыңдаршы, орманда нелер тіршілік етеді?
- Аю, қасқыр, түлкі, тиын, қоян.
- Дұрыс айтасыңдар. Орманда аңдар, құстар, жәндіктер өмір сүреді. Айсұлу орман ішінде аяндап келе жатып, құстардың дауысын естиді. Ол құстардың дауысын айыру үшін, олардың үніне құлақ түріп тыңдайды. Ол құстар мына жұмбақта жасырылған. Егер сендер сол жұмбақты шешсеңдер, Айсұлудың естіген құстарының үнімен таныс боласыңдар.
Қонып алып талға
Қарқылдайды... қарға. (қарқ - қарқ - қарқ)
Өзінің атын төтеп
Шақырады... көкек. (кук - кук - кук)
Отыра алмай тыншып,
Шиқылдайды... шымшық. (шиқ - шиқ - шиқ)
Бұл Айсұлудың естіген құстарының даусы болатын. Айсұлу одан әрі жүріп келе жатып, қалың шөптің арасынанысылдаған жыланның даусын естиді. Қыз жыланды көріп кері шегінеді. Балалар жылан қалай дауыс шығарады?
- Ыссс – ыссс - ыссс...
- Жылан Айсұлуға менен құтылғың келсе, менің тапсырмамды орында дейді. Балалар Айсұлу сендерден көмек сұрап жатыр, көмектесеміз бе?
- Ендеше жыланның мына тапсырмасын орындайық. Сендер мына жерден үй құстары мен дала құстарын айырып екі бөліп топтастырып, олардың аттарын атап берулерің керек.
- Жарайсыңдар, енді әңгімемізді одан әрі жалғастырамыз. Айсұлу сендердің көмектеріңнің арқасында жыланнан құтылды. Ол құтылғанына қуанып, ағаштың түбіне келіп аздап тынығып алайын деп отырады. Осы кезде құлағына ызыңдаған дыбыс естиді. Балалар бұл ызыңдаған ненің даусы деп ойлайсыңдар? Әрине бұл масаның даусы. Қане, бәріміз масаның даусын салайық.
- Ыз – ыз – ыз...
- Айсұлу әбден шаршап, қайтар жолды таба алмай орман ішімен келе жатады. Кенет алуан түрге енген гүлдерді көріп қуанып кетеді. Олардың жанына келіп, гүлдердің хош иісін иіскеп тұрғанда, гүлдердің шырынын жинап жүрген араларды көреді. Енді бәріміз сол аралардың дауысын салайық?
- Ыжжж – ыжжж – ыжжж...
- Мен сендерге қазір «З, Ж» дыбысына арналған жаңылтпаш айтам, ал сендер соны қайталайсыңдар.
Жағажай, жағажай,
Жағайжада Қамажай.
Зу - зу зулап,
Зымырайды ұшақ. (3 - түрлі айту, баяу, орташа, тез)
- Жарайсыңдар, балалар, қазір бір орнымыздан тұрып сергіп алайық.
- Біраз сергіп алдық. Айсұлудың әңгімесіне оралайық. Айсұлу орман ішінде келе жатыр еді, күннің көзі бұлт басып, қатты жел соғады. Қане, бәріміз жел сияқты дыбыс шығарайық.
- Ууу – ууу – ууу...
- Сол қатты желден ағаштардың жапырақтары шулай бастайды. Жапырақтар жел соққанда қандай дыбыс шығарады?
- Шшш – шшш – шшш.
- Айсұлу бұл дауыстан қорқып, үйіне барғысы келеді. Бірақ ол үйіне барар жолды білмейді. Сөйтіп, ағаштың түбіне ықтап отырып, жылайды. Сол кезде ағаштан – ағашқа секіріп жүрген тиін Айсұлуды көріп:
- Сен кімсің? Неге жылап отырсың дейді?
- Айсұлу өзінің үйінен рұқсатсыз шығып кетіп, адасып қалғанын айтады. Тиін Айсұлуға тапсырманы орындаса, оған үйіне барар жолды көрсетемін дейді. Балалар сендер Айсұлуға тапсырманы орындауға көмектесесіңдер ме?
- Ендеше тиіннің тапсырмасы бұл «логикалық тапсырма». Мұнда мен сендерге тиіннің тапсырмасын оқимын, ал сендер жауап дұрыс беруге тырысыңдар.
1) ҚР мемлекеттік Туында қандай құс бейнеленген? (бүркіт)
2) Әнші құс қалай аталады? (Бұлбұл)
3) Каспий теңізінде қыста қандай құс ұшып келеді? (аққу)
Енді осы құстарға байланысты жұмбақ жасырғым келіп тұр, шешуін табайық.
Жайнаған бақтың әншісі,
Тамсанған оған сән кісі. (бұлбұл)
Су бетін сызып,
Ақ құман жүр жүзіп (аққу)
Бес қаруы белінде,
Самғап жүрер көгімде. (бүркіт)
Балалар, сендер сондай тапқыр балалар екенсіңдер. Сендердің сондай тапқырлықтарыңнан Айсұлу үйіне аман - есен оралды. Сендер осы тиіннің тапсырмасын орындаған соң, тиін оған үйіне барар жолды көрсеткен болатын. Сол себепті де, Айсұлу сендерге рахметін айтып жатыр енді мен қазір сендермен бірге шеңбер жасай отырып, ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Не жақсы? Не жаман?» деп аталады. .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: