Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Дос іздеген бота
Балаларды таныс ертегі кейіпкерлерінің рөліне, диалог, монолог түрінде сөздерді дыбыс ырғағына келтіре айтуға үйрету. Ертегіге деген қызығушылығын арттыру арқылы сахнада өзін - өзі еркін ұстауға қалыптастыру.
Көрнекілік: Жайлау бейнесі, аңдардың киімі.
Қатысушы кейіпкерлер:
Боталы түйе
Мысық
Ит
Әтеш
Бақа
Лақ
Қозы
Ара
Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.
Бір күні анасы:
- Боташым, мен саған жақсы достан басқаның бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қызық емес,- дейді.
Бота әндете жолға аттанады.
Бота, бота, ботамын,
Ақылды боп атандым
Тостақандай көзім
Әдемімін өзім.
Мысықты кездесіреді:
- Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін,- дейді бота боздап.
- Мяу - мяу, мияулаған мысықпын,
Өзім тым пысықпын,
Кел екеуміз дос болайық.
- Жоқ - жоқ сен сияқты дос емес.
Бота итті кездестіреді.
- Аф, аф,
Атым менің Саққұлақ,
Жүремін ылғи шапқылап.
Кел екеуміз дос болайық.
Бота әтешті кездестіреді.
- Ку - ка - ре - ку,
Алқызыл менің айдарым
Таңмен ерте тұрамын,
Кел екеуміз дос болайық.
Бота бақаны кездестіреді.
- Бақылдаған бақамын,
Қызыққа күнде батамын.
Бота лақты кездестіреді.
- Мен ақпын,
Секеңдеген лақпын
Кел екеуміз дос болайық.
Бота қозыны кездестіреді.
Мен қозымын,
Момақанның өзімін.
Кел екеуміз дос болайық.
Бота Араны кездестіреді.
- З - з - з, кел екеуміз дос болайық,
Гүл терейік, бал жинайық.
- Жоқ, жоқ сен сияқты дос емес.
Ара ашуланып қуа жөнеледі. Бота зорға дегенде қашып құтылады.
Анасы: Дос таптың ба, ботам?
- Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен.
- Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек.
Бота қуанып достарын шақырып алады. .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жануарлар туралы жалпы ұғым
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Төлдер айтысы
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Төлдердің айтысы
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Төлдердің айтысы
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қоянның құлағы неге ұзын

Іздеп көріңіз: