Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жыл мезгілдері

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жыл мезгілдері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларға жыл мезгілдері туралы, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер жайлы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Табиғаттың әсем көрінісін қызықтай білуге, қоршаған ортаны сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларға жыл мезгілдері жайлы мағлұмат бере отырып дүниетанымын, ой - өрісін, сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, жұптық, жеке жұмыстар, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: үлгі суреттер, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, Жапсыру

Іс - әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушылардың оку - құралдарын түгендеу.
2) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Балаларды шеңбер жасауға шақырады:
- Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болды?
- Ол неге ұқсайды?
- Ендеше біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп, үлкен шеңбер жасайық. Кәне, бәріміз бірдей үрлейік.
- Жақсы, енді «Деніміз сау болсын!» деп өз - өзімізді емдейік.
- Олай болса, «Сиқырлы айна» деген ойын ойнаймыз.
Шарты: Балалар кезектесіп айнаға қарап тұрып өз - өздеріне тілек айтады.
- Бүгінгі күніміз жақсы болсын, көңілді болайық, деніміз сау болсын, татулықпен, достықпен бәріміз сабақ барысында бір - бірімізге тек жақсы көңіл сыйлайық.
Қызығушылық танытады.
- Шеңбер кішкентай.
- Ол допқа және шарға ұқсайды.
«Шеңберді үрлейді»
Балалардың жауаптары тыңдалады

ІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
«Суреттер сөйлейді»
- Балалар аққала жасап, шанамен сырғанау үстінде. Бұл - қыс.
- Балалар құстарға ұя жасап жатыр, ағаш отырғызуда. Бұл – көктем.
- Күн шығып тұр. Айнала жап - жасыл. Балалар суға шомылуда. Бұл - жаз.
- Жаңбыр жауып тұр. Дала сары түске боялған. Бұл - күз.
- Дұрыс айтасыңдар балалар, қыс, көктем, жаз, күз мезгілдерін бір сөзбен қалай айтатынын білесіңдер ме?
- Өте жақсы, олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жыл мезгілдері» деп аталады.
- Сурет бойынша жыл мезгілдеріне жеке - жеке тоқталу. (интерактивті тақтада тірек сөздер арқылы түсіндіру: ауа - райының ерекшелігі, табиғаттағы өзгерістер, адамдардың еңбегі, адамдар қандай киім киеді.
- Бір жылда төрт мезгіл бар. Олар қыс, көктем, жаз, күз.
Қыста айнала аппақ қар, балалар сырғанап ойнайды. Су қатып мұз болады. Көктемде жер көктеп, бәйшешектер гүлдейді. Күн қызып, көбелектер ұша бастайды. Жазда күн жылынып жемістер піседі. Құстар ән салып ағаштарға қонады. Күзде күн салқындайды, жапырақтар сарғайып, жеміс - жидек көкөністер піседі.

Жұптық жұмыс
Мақсаты: Балаларды жұпта бір - біріне көмектесіп, ақылдасып жұмыс жасауға, ой қорытындылауға үйрету.
«Ойлан тап» ойыны
Бағалау: Балалар бағдаршам арқылы бағалайды
Сергіту сәті
Қыс мезгіліне арналған физминутка

Сабақты қорытындылау:
Жеке жұмыс
Мақсаты: Баланың ойын арқылы өз бетінше жұмыс жасауына, өзі шешім қабылдауына, ойлануына дағдыландыру.
Артық затты тап
Мақсаты:
Жуан - жіңішке сұрақтар:
- Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?
- Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз?
- Көктем мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?
- Жаз мезгілінде адамдар қалай еңбек етеді?

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі: Маханова Динара Рысбекқызы .....


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мектепалды Жыл мезгілдері дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Жыл мезгілдері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]