Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Желілі - рөлді ойын Шаштараз

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Желілі - рөлді ойын Шаштараз

Мақсаты: Балалардың ойынға қызығушылығын арттыру, өз бетінше ойнай білу қабілетін дамыту, ойын үстінде өзін - өзі ұстай білу мәдениетіне, бір - біріне көмектесуге және жағымды қарым - қатынас жасай білуге үйрету. Ойын жағдаятын қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Айна үстелімен, шаш үлгілерінің журналдары, қайшы, тарақ әр түрлі, касса, чек, ақша, тиын, әр түрлі шаш түйрегіштер, машинка, шаш кептіргіш, бейджик, иіссу, сабынсу құтылары.
Рөлдер: Екі шаштараз, үш клиент, бір кассир, тәрбиеші шаштараздың меңгерушісі ретінде.
Балалар шеңбер болып тұрады.
Тәрбиеші:- Балалар қараңдаршы бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр, қане бәріміз амандасайық.
Балалар:- Сәлеметсіздер ме?
Тәрбиеші: - Енді барлығың маған қараңдар. Қане барлығымыз қолдарымыздан ұстап жылулық шеңберін құрайық.
Бәрі бірге:
Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын кеңге ашқан
Тілегіміз тыныштық
Ашық болсын көк аспан
Мықты болсын іргеміз
Бәрімізде біргеміз.
Тәрбиеші:- Балалар біздер топта қандай ойын түрлерін ойнаймыз?
Балалар:- Қимылдық, дидактикалық, ұлттық, желілі - рөлдік т. б. ойындар.
Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар, ал бүгін қандай ойын түрін ойнаймыз?
Балалар:- Желілі - рөлдік ойын.
Тәрбиеші:- Ал сендер желілі - рөлдік ойынның қандай түрлерін білесіңдер?
Балалар:«Дүкенші», «Асхана», «Дәрігер», «Шаштараз» т. б.
Тәрбиеші:- Ал қазір қандай ойын ойнағыларың келеді?
Балалар:- «Шаштараз» ойынын ойнаймыз.
Тәрбиеші:- Балалар бұл ойынға кімдер керек?
Балалар:- Шаштараз, шаш қидыруға келетін аға - апалар, кассир.
Бірінші клиент шаш қидыруға келеді. (Асем)
Шаштараз:- Сәлеметсіз ба?
Клиент:– Сәлеметсіз ба?
Шаштараз:- Сізге қандай көмек көрсете аламыз?
Клиент:- Мен аздап шашымды қысқартайын деп едім.
Шаштараз:- Келіңіз мұнда отырыңыз.
Клиент: - Менің шашым көп түсе береді, ол үшін не істеуім керек?
Шаштараз: - Мен сізге сабынсудың мына түрімен жууды ұсынар едім. Ол «Эйвон» компаниясының пайдалы сусабыны.
Клиент:- Рахмет! Мен осыны пайдаланып көрейін.
Шаштараз:- Міне мен шашыңызды қиып болдым, қалай сізге ұнады ма?
Клиент:- Ұнады рахмет!
Шаштараз:- Мынаны алыңызда, касса да есептесіңіз. Сау болыңыз, тағы да келіп тұрыңыз.
Клиент:- Сау болыңыз!

Клиент кассаға келіп, қолындағы шаштараз берген қағазды береді.

Кассир:- Сәлеметсіз бе?
Клиент:– Сәлеметсіз ба?
Кассир:- Сіз 500 теңге бересіз.
Клиент:- Міне алыңыз.
Кассир:- Рахмет, сау болыңыз!
Клиент:- Сау болыңыз!
Екінші клиент шаш жұқартуға келеді. (Тілек).
Клиент:- Сәлеметсіз ба?
Кассир:– Сәлеметсіз ба?
Клиент:- Сіздер де ерлер шашын қия ма?
Кассир:- Әрине солға қарай өтіңіз.
Шаштараз:- Сәлеметсіз ба? Сізге қандай көмек көрсете аламыз?
Клиент:– Сәлеметсіз ба? Мен аздап шашымды жұқартайын деп едім.
Шаштараз:- Келіңіз мұнда отырыңыз. Машинканың қай өлшемімен жұқартайын?
Клиент:- Мен үнемі төртпен жұқартатын едім.
Шаштараз:- Жарайды. Міне мен де болып қалдым, қалай сізге ұнады ма?
Клиент: Әрине ұнады. Рахмет!
Шаштараз:- Мынаны алыңызда, касса да есептесіңіз. Сау болыңыз, тағы да келіп тұрыңыз.
Клиент:- Сау болыңыз!
Клиент кассаға келіп, қолындағы шаштараз берген қағазды береді.

Клиент:– Мынаны алыңыз.
Кассир:- Сіз 300 теңге бересіз.
Клиент:- Міне алыңыз.
Кассир:- Міне артық ақшаңыз. Сау болыңыз!
Клиент:- Сау болыңыз!
Үшінші клиент шаш сәндеуге келеді. (Амина).
Шаштараз:- Сәлеметсіз ба? Сізге қандай көмек көрсете аламыз?
Клиент:– Сәлеметсіз ба? Мен шашымды сәндейін деп келдім, мына көйлегіме қандай шаш үлгісі жарасады деп ойлайсыз?
Шаштараз:- Жүріңіз мына жерде шаш үлгілерінің журналдары бар, мүмкін соны қарап көрерсіз?
Клиент:- Мен мынадай етіп сәндегім келеді.
Шаштараз:- Жарайды, жүріңіз, отырыңыз.
Клиент:- Бүгін менің туған күнім, соған дайындалып жатырмын.
Шаштараз:- А солай ма, туған күніңіз құтты болсын.
Клиент:- Рахмет! Бүгін мен ерекше әдемі болуым керек.
Шаштараз:- Әрине мен сіздің шашыңызды өте әдемі етіп сәндеп беремін.
Клиент:- Олай болса жақсы болар еді.
Шаштараз:- Міне мен болып қалдым, қалай сізге ұнады ма?
Клиент:- Рахмет! Маған өте қатты ұнап тұр.
Шаштараз:- Мынаны алыңызда, касса да есептесіңіз. Сау болыңыз, тағы да келіп тұрыңыз.
Клиент:- Сау болыңыз!
Клиент кассаға келеді.
Кассир:- Сәлеметсіз ба?
Клиент:– Сәлеметсіз ба? Мынаны алыңыз.
Кассир:- Сіз 800 теңге бересіз.
Клиент:- Міне алыңыз.
Кассир:- Міне артық ақшаңыз. сау болыңыз!
Клиент:- Сау болыңыз!
Тәрбиеші:- Балалар біздің ойынымыз осымен аяқталды, қалай ойын сендерге ұнады ма?
Балалар:- Ұнады.
Тәрбиеші:- Олай болса кейінірек тағы да ойнайтын боламыз, ал қазір қонақтармен қоштасайық.
Балалар:- Сау болыңыздар!.....


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мектепалды Желілі - рөлді ойын Шаштараз дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Желілі - рөлді ойын Шаштараз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]