Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні және 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған
Тақырыбы: Бәйшешек пен Бәйтерек (ертегі)
Мақсаты: Жас жеткіншектерге Тәуелсіздік ұғымын үйрету, Елбасы туралы және мемлекеттік рәміздер жайлы алғашқы түсініктерді беру. Сонымен бірге отанды сүю сезіміне және ұлттық салт – дәстүрлерді білуіне, құрметтеуіне ықпал ету.
Керекті құрал – жабдықтар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері (Елтаңба, Жалау, Әнұран жазылған текст – қағаз және Елбасының суреттері) қойылған.
Мұғалім: Құрметті оқушылар мен оқытушылар, мектепке дейінгі сынып оқушылары әзірлеген «Ертегілер елінде» атты айдармен өтілетін «Бәйтерек пен Бәйшешек» ертегісі бойынша танымдық – тәрбиелік шараны назарларыңызға ұсынамыз. Ертегі негізінде дайындалған бұл көрініс жақындап келе жатқан былтыр бірінші рет ал биыл екінші рет тойланғалы отырған 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні және 16 – желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне арналады. Бұл қастерлі мерекелерге әлі уақыт бар. бірақ ертегі тақырыбы осы мерекелерге сәйкес жазылған. Сонымен бірге Тәуелсіздіктің іргетасын қалаған, негізін салған – аса құнды құжат – Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация 1990 жылы 25 қазанда қабылданған еді. Сонан бері бұл күн Республика күні деп аталып келеді. Енді мен сіздерге осы ертектің мазмұнын оқып берейін.
Ең алдымен ертегі кейіпкерлерін ортаға шақырып, таныстырайын.
1. Бәйтерек пен Бәйшешек;
2. Шаңырақ;
3. Қос қанатты қос тұлпар;
4. Бала бүркіт;
5. Бозторғай;
6. Бәйтерек.
Бәйтерек пен Бәйшешек (ертегі оқылады)
Баяғы, бағзы, ежелгі ерте заманда қазақ жерінде жасайтын адамдар бақытты да берекелі өмір сүріпті. Халқы құт қонған қасиетті, елі – емін – еркін, ержүрек, адал да ақкөңіл болыпты. Жері мен жұртына ырыс пен дәулет, кие мен құдірет қонақтапты. Көгінде алтын күн жарқырап, шаңырағынан нұр төгіпті. Белес – белінде бәйшешек пен қызғалдақ құлпыра өсіпті. Ақордасының белдеуінде қос – қостан қанатты тұлпарлар байланыпты, алтын ордалар мен аппақ отаулардың маңдайында егемендіктің еншісі, тәуелсіздіктің таңбасы, азаттықтың айғағы болып саналатын көкбайрақ желбірепті, аспанда қыран құстар қалықтапты. Байлыққа, бақытқа, берекеге бөленген ел тыныш, тату – тәтті, мамыржай тіршілік етіпті. Бірақ үсті – кең, асты – кен ұлан – байтақ дарқан далаға дұшпандар көбейіп, өзара күш біріктіріп оны басып алыпты. Сөйтіп дербес даланың азат Отанның ұлын – құл, қызын – күң етіпті. Мал – мүлкін, байлық – дәулетін талан – тараж етіпті. Қарсы шыққан ер – азаматтарды аяусыз жазалапты, алыс жақтарға айдауға жіберіпті. Басқыншылар егемендік пен тәуелсіздіктің белгісі көкбайрақты мүлдем жойып халықтың еркіндікке, азаттыққа деген үміті мен арманын біржола құртуды ойлапты. Ел қамын жеген ерлер мен білікті билер, ардақты азаматтар қайтсе де көкбайрақты сақтап қалуды ойластырыпты. Олар көпті көрген кемеңгер, ақылды ақсақалдың айтуымен ең соңғы қалған құйттай көк жалауды Бәйшешек бейнесіне ұқсатып, шебер – ұсталарға жасатып биік Бәйтеректің ұшар басына қойып жау көзінен жасырыпты. Басқыншылар ең соңғы көкбайрақты қанша іздегенмен оны таба алмапты, адамдар жау қанша қинап, қорлық көрсеткенімен оның қайда екенін айтпапты. Себебі олар ең соңғы көкбайрақ жау қолына түспей аман қалса, күндердің күнінде азаттық алып, егемен ел болатындарына сеніпті. Арада айлар, жылдар, ғасырлар өтіпті. Ақыры адамдардың ата – бабалардың арманы, сенімі орындалып биіктеп өскен алып Бәйтеректің басын баяғы Бәйшешек жарып шығып көк жалауға айналыпты. Сол кезде халқымыз тәуелсіздікке қол жеткізіпті.
Міне ертектің қысқаша мазмұны осындай мен оның бір тарауын ғана оқыдым. Ертектің басқа бөлімдерінде елдігіміз, ерлігіміз, еркіндігіміздің нышаны белгісі, символы – көк жалаудың кейіпкерлері: бала бүркіт, Әнұранды жау қолына түсірмеу үшін аспанға алып кетіп, бұлтқа жасырып сақтап қалған – Бозторғай, Тәуелсіздігіміздің таңбасы Елтаңбаның үлгілері шаңырақ пен қос қанатты қос тұлпар жайлы да қызықты пікірлер айтылады. Балалар біз оқыған ертекте Бәйшешек бүгінгі шындық пен ақиқат. Елбасымыз бастамасымен бой көтерген ерке Есіл жағасындағы сұлу да сәнді жаңарған жас қала, бас қала – Астанада зәулім де салтанатты Бәйтерек бар. Бұл Бәйтерек бостандықтың, бейбітшіліктің, бақыттың, достықтың дәлелі мен дәнекері, символы. Ал қырдағы желмен желбіреген Жалауша мен Бәйшешек – сендерсіңдер. Ертең сендер де Бәйшешектен Бәйтерекке айналып Отан жалауын, ел намысын жоғары көтеретін үлкен азамат боласыңдар. Тәуелсіз Отанымыздың тарихын бүгіннен бастап тани білуіміз керек енді соған байланысты мен сұрақтар қоямын сендер жауап бересіңдер.
1. Біз Тәуелсіздігімізді қашан алдық? (1991 жылы, 16 – желтоқсан)
2. Биыл Тәуелсіздігімізге қанша жыл? (22)
3. Елбасымыз кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
4. Қазақстанның астанасы, бас қаласы қайсы қала? (Астана)
5. Тұңғыш Президент күні қай күн? (1 – желтоқсан)
6. Еліміздің негізгі заңы, басты құжаты? (Конституция)
Қорытынды: Сонымен біз бүгін мектепке дейінгі сыныбымен шағын іс – шара өткіздік. Балалар елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің рәміздері Әнұран, Жалау, Елтаңбамен азды – көпті танысты. Мемлекетіміздің басшысы, елі сүйген Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және егемен елдің Негізгі заңы Конституция – Атазаңымыз туралы қысқаша мағлұмат алды.
Тау – тастан, тамшыдан – теңіз құралады. Біздің бүлдіршіндерді осылайша біртіндеп білім кенін игере береді. Себебі олар әлі кішкентай тіпті оқу, жазуды да меңгеріп үлгермеген, олардың бәрі алдында.
Тек ұстаз ғана емес ата – аналар баршамыз көмектесіп, жол көрсетіп, үлгі өнеге беріп отырсақ олардың білімді де, білікті ұл, қыз болып жетілуі кәміл. .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Тәуелсіздік - ел тілегі

» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мемлекеттік рәміздер
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Туған тілім - ардағым туған жерім - шаңырағым

Іздеп көріңіз: