Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 4 цифрымен танысу

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 4 цифрымен танысу

Мақсаты: 4 цифрін 4 санының таңбасы ретінде таныстыру; 4 цифрінің сандық қатардағы орнын анықтау; «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін пайдалана отырып, заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйрету; баланың зейінін дамыту.
Әдіс - тәсілі: әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: үлкен, кішкентай заттардың салыстыруға арналған суреттері, цифрлар карточкасы, шарлар, ойыншықтар, геометриялық пішіндер, асық, кубиктер.
Барысы:
Тәрбиеші: Жұмбақ.
! Әйгерім өз себетіне,
Үш саңырауқұлақ салды.
Қарап жүрмей тағы да,
Тап қасынан біреуін алды.
Жоғалтпайық уақытты,
Бізге тек санау ғана қалды.
Балалар: - 4 саңырауқұлақ.
Тәрбиеші: - Балалар, көңіл - күйлерің қалай?
Балалар: - Тамаша.
Тәрбиеші: - Олай болса, «Тамаша» ойынын ойнап жіберейік. Ойынның шарты: мен сендерге сөз айтсам, сендер «тамаша» деп, жұдырықты түйіп, бас бармақтарыңды көтеріңдер.
Тәрбиеші: - Біздің топтың балалары қандай?
Балалар: - Тамаша.
Тәрбиеші: -«Қыс» мезгілі қандай?
Балалар: - Тамаша.
Тәрбиеші: -«Қар жауған» қандай?
Балалар: - Тамаша.
Тәрбиеші: - Менің айтып тұрған сөздерім қандай?
Балалар: - Тамаша.
Тәрбиеші: - Жақсы балалар, бүгінгі күніміз де осындай тамаша өтсін!
Тәрбиеші: - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: - Қыс.
Тәрбиеші: - Бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар: - Төрт мезгіл.
Тәрбиеші: - Балалар, үстел үстінде геометриялық пішіндердің ішінен өздерің таңдаған пішінді алыңдар. (Балалар өздері таңдаған пішінді алады).
Тәрбиеші: Үшбұрышты алған балалар бір топқа, төртбұрышты алған балалар екінші топқа отырамыз. (Балалар екі топқа бөлініп орындарына отырады).
Тәрбиеші: - Балалар, біздің топқа қонақ келіп тұрған сияқты. Қане, кім екенін қарайықшы. «Ой қозғау»
Тәрбиеші: - Бізге қоян қонаққа келіпті. Қоян көптеген тапсырмалар ала келіпті.
1 - тапсырма:
Төртбұрышта неше бұрыш, неше қабырға бар?
Балалар: - 4 бұрыш, 4 қабырға.
2 - тапсырма:
Логикалық есептер.
1) Машинаның дөңгелегі нешеу?
Балалар: - 4 дөңгелек.
2) Үй жануарларында неше аяқ бар?
Балалар: - 4 аяқ.
3) Бағдаршамда неше көз бар?
Балалар: - Үш көз.
4) Аспанда неше күн бар?
Балалар: - Бір күн.
3 - тапсырма:
- Үйшікте тату - тәтті 4 қоян өмір сүріп жатыр. Осы қояндарға жететіндей сәбіздерді жолақшаға орналастыр. (Балалар 4 сәбізді жолақшаға салады).
Тәрбиеші: - Біз бүгін 4 санымен танысып отырмыз. Барлығымыз төртке дейін тура және кері санайық.
Балалар: - 1, 2, 3, 4
4, 3, 2, 1
Ойын: «Көршісін тап» (Балалар ойынға қатысады)
Тәрбиеші: - Екі қатарда да төртбұрыштар орналасқан. Қанша екенін санайық. Көлемдері қандай?
Балалар: - Үлкен, кіші.
Тәрбиеші: - Біз қоянның қандай тапсырмаларын орындадық? (Тәрбиешінің сұрағына жауап береді).
Тәрбиеші: - Бүгінгі ҰОІӘ - де неше санымен таныстық?
Балалар: - 4 санымен таныстық.
Тәрбиеші: - Қандай тапсырмалар ұнады? (Балалар өздеріне ұнаған сәттерді айтады)

Жақсы қатысқан балаларға жүрекше тапсыру.
Қорытынды: 4 цифрін, «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін білді; 4 цифрін өзге сандардың арасынан табуды игерді; 4 цифрі туралы түсінікті меңгерді. .....


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мектепалды 4 цифрымен танысу дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, 4 цифрымен танысу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]