Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жүзден жүйрік
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім:
Бал, балауса жайқалғандай гүлдерің
Бірің тұңғыш, кенжесісіңдер бірлерің,
Қарсы аламыз даярлық «б» тобының
Балжайнаған ұлдары мен жауқазындай гүлдерін.
дей отырып, сайысқа қатысушы
1 топ – «Сұңқар»
2 топ – «Барыс»
3 топ – «Тұлпар» топтарын ортаға шақырамыз.
Армысыздар бал - балауса балдырған
Қылықтарың жүрекке із қалдырған
Бірің әнмен, бірің бимен өрнектеп
Көрінетін сайыстарда сан қырдан.
Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі даярлық «а» тобында өткелі отырған «Жүзден жүйрік» сайысына қош келдіңіздер!
Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Сайыс ережесі бойынша әрбір сұрақтың дұрыс жауабына ұпай беріледі. Берілген сұраққа жауапты тез беруге тырысыңыздар. Әуелі белгі береміз, атыңыз аталғаннан кейін жауап бере аласыз. Сұраққа бірінші болып белгі берген топ жауап береді, егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда сұраққа белгіні екінші болып көтерген топ жауап береді және бірінші топ келесі сұраққа жауап бере алмайды. Ол топтың да жауабы дұрыс болмаса, сұрақтың жауабын өзім айтамын.
Кім жеңді, кім жеңілді деп жүрмейік,
Әділ - қазы бағасына жүгінейік.
Сайысқа баға беріп, сөз айтатын,
Қазыларға төрден орын берейік.
Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беруге әділқазылар алқасын сайлаймыз.
Сіздерді әділқазылар алқасымен таныстырамыз.(ортадан әділқазылар алқасы сайланады)
Алғашқы кезегіміз таныстыру,
Топтарды бір - бірімен табыстыру.
Айдар таққан атауларын қорғайтындай
Өлең сөзбен өрнектеп жарыстыру. Сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстыру»
Әр топ өздерін таныстырады.
(Әділқазылар 1 – ші кезең бойынша ұпайларды айтып өтсеңіздер)
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда,- дей отырып келесі кезекті бәйге сайысына берейік.
2 - кезең: «Бәйге» сайысы.
Сайысымыздың бұл кезеңінде сіздерге ертегілерден үзінді көрсетіледі. Сіздер сол көрініс қай ертегіден алынғанын айтуларыңыз қажет.
(Әділқазылар 2 – ші кезең бойынша ұпайларды айтып өтсеңіздер)
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте. дей отырып ендігі
3 ші кезең «Жеті жұрттың тілін біл» сайысы.
Мұғалім:
Бұл сайыста жұмбақтардың дұрыс жауабын тауып, оның орыс тілінде аудармасы айтылса, 25 ұпай беріледі. Тек қазақша жауабы үшін 15 ұпай беріледі.
1. Табанынан тыз етіп
Жүрсе дағы сыз өтіп.
Күні - түні ерінбей
Үйді жүрер күзетіп. (Ит - собака)
2 Таңмен көзін ашады
Әлемге нұрын шашады (Күн - сольнце)
3. Ат сабылтып алыстан
Борандатып жетеді,
Үш ай төрде қонақ боп
Аунап, қунап кетеді (Қыс - зима)
4. Менің үш көзім бар
Бір көзім: «Кідір!» дейді
Бір көзім: «Жүгір!» дейді
Бір көзім: «Абайла!» дейді
«Қарап ал, маңайға!» дейді (Бағдаршам - светофор)
5. Еркін самғап ұшсын деп
Мәпелейміз баптаймыз
Бейбітшілік құсы деп
Қайсы құсты мақтаймыз? (Көгершін - голуб)
6. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ
Қолыңа алсаң шешен
Ақылы асқан көсем. (Кітап - книга)
(Әділқазылар 3 – ші кезең бойынша ұпайларды айтып өтсеңіздер)
Мұғалім.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін математикаға берелік.
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың енді жауаптарын көрелік
4 - кезең. «Кім жылдам?» логикалық математикалық тапсырмалар.
1. Аспанда неше жұлдызды көріп тұрсыңдар? Осы сегіз жұлдыздың төртеуін бұлт басып қалды. Аспанда сонда қанша жұлдыз қалды?
2. Мына суретте нені көріп тұрсыңдар? Жылқы. Жылқының неше аяғы бар? Ал, осындай екі жылқының неше аяғы болады?
3. Аспанда 2 - кі құс ұшып бара жатыр еді. Осыған 3 құс келіп қосылды. Сонда барлығы неше құс болды?
4. 6 тышқан шырша айналып билеп жүр еді. 2 - кі тышқанды аналары шақырып кетті. Сонда неше тышқан қалды?
5 Бұл қандай фигура? Бұл төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады? Бұл төртбұрыштың бұрыштары азайды ма балалар әлде көбейді ме?
6. Мынау қандай фигура? Осы үшбұрышты ортасынан кесіп тастасақ неше үшбұрыш шықты?
(Әділқазылар 4 – ші кезең бойынша ұпайларды айтып өтсеңіздер)
Мұғалім
Әдемі үйлер салатын
Қоныстанған ел - жұртым
Рахаттанып қалатын дей келе
5 кезең «Біз құрылысшылармыз»
Конструктордан әр топ үй құрастырады.
Үйді 1 ші болып және әдемі құрастырғанға 15 ұпай. 2 ші болғанға 10 ұпай. 3 ші болғанға 5 ұпай беріледі.
«Сұңқар» тобы «Барыс» тобы «Тұлпар» тобы
Ән: «Көңілді күн» әні
(Әділқазылар 5 – ші кезең бойынша ұпайларды айтып өтсеңіздер)
Мұғалім
Сөзжасам бұл әркімге ой салады,
Сөз тізбегін құрамын деп толғанады.
Сөзден - сөз шығаруға жетік болсаң,
Сөзжасам кезегі енді басталады.
6 - кезең. «Сөзжасам» сайысы.
Қағаз бетіне сөзден көп сөз құрау: Ең көп құрағанға 20 ұпай, одан киінгіге 15, соңғысына 10 ұпай беріледі.
Қызғалдақ: қыз, дақ, ала, қала, қал, қалақ, аға, қазақ, ақ, қағаз, алға,...............
Жауқазын: жау, жаз, қазына, қаз, қазы, жақ, ана, ауа, қазан, уыз, ау,................
Раушангүл: Рауан, гүл, ана, шана, ру, анар, шар, шал, үн, үш, үр......................
Ән: «Тәттім»
(Әділқазылар 6 – ші кезең бойынша ұпайларды айтып өтсеңіздер)
Суретші болғым келеді
Сұлулықты көретін
Түсінгенін түйсікпен
Қағазға салып беретін
7 - кезең. «Біз суретшілерміз»
Әр топқа бір - бір қағаздан беріледі, сол қағазға топ мүшелері
1 топ: «Менің ауылым»
2 топ: «Ғарыш әлемінде»
3 топ: «Қыс қызығы» тақырыптарында сурет салады және салған суреттері бойынша Топ мүшелері қорғайды.

Қаражорға биі: Даярлық «а» тобының тәрбиеленушілері.
Мұғалім: Сонымен қазылар алқасына сөз беріледі. Бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы қай топ болды екен? Қорытынды:
Балалар бүгін ерекшеленіп киініп отырмыз.
Қызыл түсті таңдағаным қызуқанды, батыл, тәуекелшіл, өз - өзіне сенімді болсын дегенім,
Сары түсті таңдаған себебім күннің түсі, Ананың мейірімін күнге теңейміз, балалар мейірімді, жұмсақ, қарапайым болсын дегенім,
Жасыл түсті таңдаған себебім жайқалып өскен ағаштай, табиғаттай бай болсын деп таңдадым.
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректеріңде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым
Өрендер өрлей берсін өнерлерің
Айналаң бәрі сенің көрерменің
Тілеймін дәл осылай барлығының.
Тек қана биіктерден көрінгенін деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Бала шақтан болашаққа
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Көңілді спорттық жарыс
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Көңілді старт
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Күлте қыздың сауық кешіне баруы
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Білімді біздер - баламыз

Іздеп көріңіз: