Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Бала тілін дамытудағы ертегілердің маңызы

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Бала тілін дамытудағы ертегілердің маңызы

Халықтың асыл қазыналары – ауыз әдебиеті аңыз - әңгімелерден, ертегілерден, шешендік сөздерден тұрады. Балалардың ақыл - ойын дамытуға аңыз – әңгімелер, ертегілер оқудың маңызы зор. Халықтың асыл қазынасымен сәбилерді сусындату, ертегілерді пайдалану арқылы жүзеге асады. Бүлдіршіндер өте әсершіл келеді. Естіген ертегі мазмұнын есте сақтап, әділдікке сену, біреуге жақсылық жасау, көмектесу сияқты қасиеттерге ие. Балаға күнделікті жылы дауыспен айтқан ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, күлдіргі әңгімелер сәбидің жан дүниесіне әсер етіп, ізгі қасиеттерін дамытып, ақыл - ойын жетілдіреді. Ертегі арқылы еңбекке, шыншыл болуға, туған жерін сүюге, батыр да батыл болуға тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктейді, өзі де ертегінің басқа түрін, ойлап шығарады. Түйсік қабілеттері дамиды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана - сезімін оятып, ақыл - есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың жасына лайықты, ертегі, жұмбақ жаңылтпаш, әңгіме естіп өсуі – олардың сөздік қорының молаюына, ақыл - ойының жетілуіне дыбыстарды дұрыс айту мәдениетіне әсер етеді. Өйткені, бала ертедегі жақсы кейіпкерге еліктеп батыр, шыдамды, ақылды, кеңпейіл болғысы келеді. Балалардың ең сүйіп тыңдайтын дүниесі – ертегі қайталап айту арқылы баланың сөздік қоры дамиды. Бұрынғы уақытта балалар көбінесе ата - әже бауырында өскен. Олар үлкендердің ертегі, әңгімесін тыңдап, зейін қойып өскен. Ол балалар үлкенге құрмет, кішіге мейірімді, ілтипатты болған. Қазір көбінесе теледидар немесе компьютер алдында отырады да кино, көп сериялы мультфильмдер көреді.
Ертегілер мазмұны қызықты болса ғана тыңдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ауыз әдебиетімен таныстыру /балабақша/ мектепалды даярлық топтарындағы ұстаздардың міндеті. Көптеген ертегі, әңгімені осы жерден естиді, мазмұнын үй ішіне, жолдасына, ата - анасына қайталап айтуға тырысады. Ертегі мазмұнына сәйкес кейіпкерлерге яғни рөлдерге бөліп драматизациялау, саусақ театры, көлеңке театры, қуыршақ театры балалардың асыға күтетін нәрсесі. Ертегі кейіпкерлеріне сай дауыс ырғағымен айтуға үйренеді, қимыл - әрекетін келтіреді және жүреді.
Мектепалды даярлық топтарына арналған «Мақта қыз бен мысық», «Алтын сақа», «Ертөстік» т. б ертегілер бар. Балалар ертегілердің мазмұнын түсініп, қайталап айтып беріп қана қоймай ертегіге байланысты суреттер салу, ермексазбен мүсіндеу, түсті қағаздан және табиғи материалдардан кейіпкер бейнесін жасауда балаларға еңбек тәрбиесі беріледі. Эстетикалық мәдениетін, көркемдік талғамын қалыптастырады. Сондай - ақ баланың байқампаздығын, шыдамдылығын, сабырлылығын, дербес шығармашылық әрекетін дамытады. Сондай - ақ батырлар туралы ертегілер балаларды отансүйгіштікке тәрбиелейді. .....


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мектепалды Бала тілін дамытудағы ертегілердің маңызы дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Бала тілін дамытудағы ертегілердің маңызы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]