Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Бала - біздің бақытымыз

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Бала - біздің бақытымыз

Бала негізгі өнегені ең алдымен отбасында ата - анасынан алады. Әркім өзінің баласын жаман болсын демейді, оның тәрбиелі, білімді болғанын қалайды әрі еңбексүйгіш, жақсы адам болса, еліне, халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі, үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп те тілейді.
Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын – ата - ана. Бала тәрбиесі – бесіктен басталады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн.
Баламызды мектеп жанынан ашылған шағын орталық тобына жіберіп, тәрбие, білім береді деп бар ауыртпалықты тәрбиешіге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы шағын орталық тобына берген соң ата - ана тәрбиешімен тығыз байланыста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, жан - жақты білімді болуына көп байланысты.
Кейбір ата - аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтаулатып, баласының тәрбиесіне 30 минут та көңіл бөлмейді, тәрбие ісімен айналысуға ерінеді. Осыдан үлкен қателік туады. Баланың күнделікті өмірінде бірде бір әрекетін ата - ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсы нәрсесін мақтап, білмегенін айтып, түсіндіріп, үйретіп отыруы керек. Сонда ғана көп жетістіктерге қол жеткізеді.
Ата - аналар өзінің алдына төмендегідей мақсат қойып, оның жүзеге асуына мән беретін болса, ұрпағының тәрбиелі, өнегелі, білімді болып өсуіне жол ашады:
1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
2. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс - әрекетпен айналысып отырса.
4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсетіңіз.
5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой - пікірімен санасыңыз.
8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
10. Жас мөлшері әр түрлі адамдармен дұрыс қарым - қатынас жасауға үйретіңіз.
11. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көрсетуіңізді сездіртіңіз.
12. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
13. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын т. б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.
14. Балаңыздың алған негізгі ісіне ойдағыдай орындалуына, сеніміңіз болмаса да, сол істі аяқтауына жағдай жасаңыз.
15. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.
16. Істеген жұмысының нәтижесі болуына көмектесіңіз.
17. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
18. Балаңыздың өткір ойлылығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз .....


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Драма сабағының баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызы
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ынтымақты отбасы сайысы
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына перспективалық жоспары
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Кім жүйрік
» Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Білімді біздер - баламыз

Іздеп көріңіз:
мектепалды Бала - біздің бақытымыз дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Бала - біздің бақытымыз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]