Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Дос болайық бәріміз
Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру. Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру. Өзара сыйластық қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.
Әдісі: Әңгіме, жағдаяттарды талдау. Шығармашылық жұмыс. Ертегіні сахналау.
Көрнекілігі: Слайд, стикерлер, журекше, гул бейнелері, қайшы түрлі түсті қарындаштар.
Қос тілділік: Дос - друг. Достық - Дружба.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті:
Мотивациялық қозғаушы
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн. Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Дос болайық бәріміз» атты ашық оқу іс әрекетінің «Шаттық шеңберіне» шақырамын.
Армысың досым,
Кел маған қосыл.
1Шеңберге бірге тұрайық
Жер шарын айналып,
Әлемге жарық ұқсайық
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық.
Ізденуші ұйымдастырушы;
1. Өткен сабақты пысықтап кету.(слайдтан өткен сабақтағы суреттерді көрсетіп естеріне түсіру)
Тыныштық сәті.
Балалар денелерің түзу, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді түгел жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап қоршап, қамқорлап жатыр. Ал, енді тұла бойларың жақсылыққа, махаббатқа толды деп есептеймін.
2. Жаңа сабақ.
Әңгімелесу.
Балалар, сендер достық, татулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?
(Балалардың достық туралы пікірлерін тыңдау)
‒ Өз досың туралы айтып берші?
‒ Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма? Ойлап көріңдерші?
Түйін:
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жалғыз ойнасақ, жалғыз серуендесек, жалғыз тамақтансақ көңілсіз екен. Сондықтан біз жалғыз қалмау үшін біздерге дос жолдас керек екен.
Достық ‒ адамдардың бір‒біріне деген адалдығы, өзара сыйластығы, татулығы, сүйіспеншілігі, жанашырлығы, қамқорлығының белгісі.
Дәйексөз: Балалар енді «достық» құндылығының мәнін аша түсу үшін дәйексөздің мағынасын түсіндіреді.
«Татулық ‒ достық кепілі» деген халық мақалының мәнін ашу.
Мақал‒мәтелдер.
Балалар енді достық туралы қандай мақал мәтелдер білесіңдер?
«Екі дос» ертегісін сахналау.
Балалар ертегіні мұқият зейін қойып тыңдаңдар.
‒ Балалар қалай ойлайсыңдар, бұл достықты адал достыққа жатқыза аламыз ба?
Жаңа ақпарат
Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдай да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас дос. Балалар достықтың екі түрі болады екен. Біріншісі ‒ адал достық, екіншісі айнымалы алдамшы достық.
Біздер сол екі достықтың қайсысын таңдаймыз. Олай болса балалар бір‒бірімізге адал дос болайық.
Ұжымдық жұмыс.
Балалар екі топқа бөлініп ұжымдық жұмыс жасайды.
‒ Балалар ұжымдасып келесі топтағы достарына жасаған жұмыстарын сыйлайды.
«Достық» туралы білетін тақпақтарымызды айтайық.
Бибізайнаб:
Екі деген ‒ екі дос,
Бірін‒бірі сыйлайтын.
Артық кемді етпей сөз,
Бірін бірі сыйлайтын.
Әсемай:
Досыңа бол адал жан,
Бірдей бөліс сынақты.
Бір нүктеге қадалған екі көзің сияқты.
Самира:
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда деп
Достар бір біріне сенімді боламыз.
Нұрдәулет:
Достар бірге жүреміз.
Бірге ойнаймыз күлеміз.
Бірге балық аулаймыз.
Міне біздер қандаймыз.
Азамат:
Адал дос барлық жерде керек екен.
Өмірде достың орны бөлек екен
Жақсы дос жадыратса, жан дүниеңді.
Жаман достан жамандық келеді екен.
1. Жағдаятты талдау.
Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатын теуіп ала жөнелді.
Сұрақтар:
• Сырым мен Динаны жан достар деп айтуға бола ма?
• Неліктен?
• Олардың достықтары қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?
2. Жағдаятты талдау. Суреттегі балалардың көңіл күйі туралы айтып беріңдер.
«Ғажайып сөздер»
Балалар, бүгінгі сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтайықшы.
‒ Дос болайық бәріміз.
‒ Достық татулықтан басталады.
‒ Досыңның басына іс түскенде көмектес.
– «Дос болайық бәріміз» әнін айту.
Әні: Х. Талғаров
Сөзі: И. Нүсіпбаев
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті
Еңбекті сүйіңдер
Қ - сы
Дос болайық, бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз
Рефлексивті коррекциялаушы
Қорытынды.
‒ Балалар, бүгінгі сабағымызда жүрегімізге, жанымызға жақын, жақсы көретін достарымызтуралы әңгімелестік. Досымыз туралы ең жақсы, тамаша сөздерді айттық. Достар бір біріне әрқашан көмектесу керектігі түсіндік. .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: