Кітапхана сабақ жоспары: Кітап және кітаптың құрлымы

Кітапхана сабақ жоспары: Кітап және кітаптың құрлымы

Кітапхана сабағы: Кітап және кітаптың құрлымы
Мақсаты: балалардың кітапқа, кітап оқуға деген ынтасын ояту.

Кітап оқығанды жақсы көретін адам бақытты. Ол ақылды да мейрімді сенімді достардың ортасынды. Ең үлкен досың – кітап. Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап жан айнасы, оған қарап ойыңды да, бойыңды да түзеуге болады. Оған қарап оғаш мінезіңді, ерсі қылығыңды көріп түзейсің. Айналаңдағы адамдарға адал мейріммен қарауға үйренесің. Кейде жаңсақ, жаңылыс басқан қадамдарың болса оны оп-оңай аңғарасың, терең сырлы тәрбиеші, ұлы үйренуші.

Кітаптар үйіңнен кең дүниеге алып баратын ұлы арна.

Қымбатты балалар! Мектеп табалдырығын аттағалы бері көптеген дүниені білдіңдер, таныстыңдар, оқыдыңдар. Бүгін біз сендермен кітап туралы және кітаптың құрлымы туралы әңгімелесеміз.

Менің қолымда кітап. Біз не көріп тұрмыз? Кітаптың мұқабасын. Бұл кітаптың мұқабасы неге керек? (балалардың жауабы)


Дұрыс айтасыңдар. Кітаптың мұқабасы кітап беттерінің жыртылмауынан сақтайды сонымен қатар бұл кітапты кім жазды, қалай аталатыны туралы мәлімет береді. Егер мұқабада суреттер болса онда біз кітаптан оқитын шығармамыздың шытырман оқиға ма жоқ әлде ертегі екенін білуге болады.

Кітапты ашамыз. Бініші бетінен біз кітаптың

Кітапты кім жазғанын
Тақырыбын
Бұл шығармаға кімнің сурет салғанын
Қай қалада, қай баспаханадан кітаптың нешініші жылы жарық көргенін білеміз
Осы кітапты қолына алған оқырманға жазушы өз шығармасы туралы бірнеше сөз айтқысы келеді. Бұл алғысөз деп аталады. Алғысөзді осы кітап немесе автор туралы өз пікірімен алмасқысы келген басқа адамда жазуы мүмкін. Алғысөзден кітап кім, не туралы жазылғанын, қай елде, қандай оқиғалар болатынын біле аласың. Алғысөз өте қысқа болады, оны сөре жанында оқып бұл кітап саған керек -керек еместігін білесің.

Кітаптың соңғы бетінде мазмұны туралы мағлұмат беріледі. Бұл жерден кітап неше бөлімнен тұратынын, егер бірнеше авторлардың шығармалар жинағы болса мазмұнын және қай бетте екенін тез тауып аласың.

Кітап неден жасалынған? Ерте де адамдар тасқа қашап, малдың терісіне немесе қайыңның қабығына жазған. Адамзатқа ыңғайлы да ұзақ сақталаатын, күн мен ылғалғы төзімді материал қажет еді. Осылай дүниеге қағаз келді. Қағазды ойлап табу адамзат тарихындағы үлкен жетістік. Адам баласы қоғамның алға басып өсіп – өрбуі есею жолында өміріне ұлы өзгеріс кіргізген сан алуан керемет ғылым, техника жаңалықтарын біледі. Ал осының ішінде кітап басу өнерінің ашылуы оның өміріне солардың бәріненде артық баға жетпес мол өзгеріс кіргізді- дейді орыстың ұлы жазушысы Максим Горький.

Қағазды қалай жасайды? Неден?

Қағазды ағаштан жасайды. Бірақ ағашты ақ қағазға айналдыру үшін адамзат көп тер төгеді. Кітап – өте құнды дүние. Кітап – ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. Кітапты ұқыпты ұстай білу керек.

Ал балалар кітапты ұқыпты ұстау дегенді қалай түсінесіңдер?(балалар жауыбы)

Кітап өте нәзік, ол судан, оттан, кір қолдан қорқады.

Кітапты ұқыпты ұстасаң ғасырлар бойы сақтауға болады. Ескі кітаптарды қолға алып көру кімге де болса да қызықты.

(Кітапханашы баспадан түрлі жылдары шыққан кітаптарды көрсетеді)

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
кітапхана сабағы, кітапхана сабақ жоспары, мектеп кітапханасы сабақ жоспары, мектеп китапханасы сабак жоспары, библиотечный урок на казахском языке, китапхана сабагы, 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні, китап куни сабақ жоспары, кітап күні сабақ жоспары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]