Балабақша сабақ жоспары

Балабақша сабақ жоспары: Әнші балапан

Әнші балапан
Құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар және ауыл тұрғындары. Бүгін №100 мектеп жанындағы «Айгөлек»жазғы тынығу лагерінде өткізілгелі отырған «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер.
1 - жүргізуші: Көңілдері марқайып бір қалсыншы
Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы.
2 – жүргізуші: Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын.
Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал сері» деген атаулар беріп ыстық ықыласқа бөлеген.
1 - жүргізуші: Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді.
Ендеше біздің мектебімізде осындай оқушылар барма?

2 - жүргізуші: Олай болса тұрмайық байқауымызды бастайық.
Бүгінгі мерекелік құттықтау сөз кезегін мектеп директоры ------------------ ағайға береміз.
Сахнада ән сап жүреді
Радамирді бәрі біледі
Қазіргі бізге тартуы
Әсем ән «Бала тілегі»
«Бала тілегі» әнімен Айтасқызы Радамирді қарсы алыңыздар. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Мен ғарышкер боламын

Мақсаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. Сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, зымыран суреті, үн таспа.
Әдіс - тәсілдер: Жұмбақ шешу, тақпақтар, ойын, сұрақтар.
Жүру барысы: Шаттық шеңбер:
Сәлем саған жер анам,
Сәлем саған алтын күн.
Сәлеметсіздер ме апайлар,
Сіздерді көргеніме қуанам.
Тәрбиеші: Балалар кім айтады қазір жылдың қай мезгілі?
Ал көктемнің қай айы?
Сәуір айында қандай мерекелер бар?
Бүгін балалар ғарышкерлердің мерекесі, он екінші сәуір ғарышкерлер күні, биыл ғарышқа ұшқан күнге 53 жыл болды. Бүкіл халық бүгін мерекені тойлап жатыр. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жерде болса тұрағым,
Марсқа ұшып тұрамын......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Алғашқы тамшылар

Мақсаты: Балаларды судың қасиеттерімен таныстыру (дәмі, иісі, түсі, аққыштығы). Бүкіл тіршілік ететіндерге судың маңыздылығын нақтылау. Адамның өміріндегі, табиғаттағы судың маңыздылығы туралы түсінік беру.
Ойлау қабілетін, байқампаздығын, тілдерін, білуге құмарлықтарын дамыту. Белсенді сөздік қорларын кеңейтіп, сұйықтық, түссіз, дәмсіз, мөлдір деген сөздерді енгізу.
Суға деген ұқыптылық қатынастарын тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекі құралдар:
1. «Кімге су керек» атты панно
2. Тәжірибеге арналған құралдар: сауыттар сумен (балалардың санына қарай), бос сауыттар, тұз, қант, зеленка, марганцовка, қасықтар, сүт; өзен, жылға, теңіз, мұхит бейнеленген суреттер.
3. «Қолыңды жудың ба – шүмекті жабуға ұмытпа» атты танымбелгі.
4. Тамшы қуыршағы.
5. Тамшылар маскалары (балалардың санын қарай).
6. Бұлттың маскасы (тәрбиешіге).
7. Шырын (балалардың санына қарай).

Сөздік жұмыс: сұйықтық, түссіз, дәмсіз, мөлдір; жылға – өзеннен кішірек, жіңішке су ағыны; тәжірибе – заттың сапасын немесе қасиетін анықтауға өткізілетін іс - әрекеттер.
Билингвальдық компонент: мөлдір – прозрачная, сұйықтық – жидкость, жылға – ручеек. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Аталарға тағзым

Мақсаты: Балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Ұлы отан соғысының мазмұнын әңгімелеп осы соғыста ерлік көрсеткен барытлардың ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, балалрды отан қорғауға, Ұлы отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға үрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің потриоты болуға тәрбиелеу.

Құрметті: Ата аналар, ұстаздар, балалар 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен және де 9-мамыр жеңіс күнімен құттықтаймыз. «Біз Отанның сарбазы» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Жауынгер біздің саңылақтар

Жауды жеңген солдаттар

Ардақта Отан- ел үшін

Бақытты туған жер үшін

.

Отан үшін мерт болғанды танып біл,

Оларды әсте ұытпайды халық бұл!

Ерлік даңқы ешқашанда өлмейдіді,

Батырлардың жүрегі отбоп жанып тұр!.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Аналар мерекесі

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
Ақ жаулықты әжелер, асыл да
Аяулы аналар,ару қыздар!
Сіздерді 8 Наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз!
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық .
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әр бір күнің әр айың.
Қадірлі аналар көңілі,
Көктемдей жайнап гүл ашсын.
Бақытқатолып өмірі -
Шаттыққа шаттық ұлассын!.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Береке – бірлікте ырыс - ынтымақта

Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұрандар,қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық көстюмдер.
(Ән ұран орындалады.)
Жүргізуші:
Бірлік пен ынтымағы халықтың
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!
- дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты мерекемізді тамашалауға шақырамыз. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Тәуелсіздік - ынтымақ

Сабақтың мақсаты: Осы тақырыппен өткізілген сабақта балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ол үшін тәуелсіз Республиканың рәміздері туралы білу, оларға құрмет көрсету туралы үйрету. Соған қоса балалардың ойлау қабілетін өсіру, тақпақтарға қызығушылығын, сөздік қорын, тіл байлықтарын байытуға мән беру.
Көрнекілікті құралдар: Қазақстан мемлекетінің рәміздері, Астана қаласының көрікті ғиматар суреттері.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Дені саудың жаны сау

Сабақтың тақырыбы: Дені саудың жаны сау ашық сабақ

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрету;

Дамытушылық: Ой – өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;


Тәрбиелік: адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,ауызша,пікірталас,

Көрнекіліктер:презентация

Пән-аралық байланыс: валеология


Сәлематсиндарма балалар! Қане ки оянамыз,оянамыз.Жақсырақ тағы оянуымыз үшін сендермен бір жаттығу жұмысын жасап шығайық

Кім кезекші бүгін?Сабақта кім жоқ?

Балалар сендердің бүгінгі сабаққа келген көңіл-күйлерін қандай? Олай болса оны тереңірек білу үшін смайликтер арқылы өзіміздің көңіл-күйлерімізлің күйін айтайық (смайликтер арқылы табу)

Балалар біздің бүгінгі сынып сабағымыздың тақырыбы жасырынып тұр.Оны бізге анықтау үшін жазылған қате әріптерді теріп сөйлем құрастыруымыз керек.сонда ғана бірде тақырыбымыздың аты пайда болады.

Сабақтың барысы:.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: 1 желтоқсан - Президент күні (Тұғыры биік Елбасы)

Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты
Айын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
- Құрметті қонақтар, балалар, Сіздерді тұңғыш президент күнімен құттықтаймыз! Еліміз осылай жылдан - жылға көркейіп жайнап өсе берсін!
Елбасымыз аман болсын,
Еліміз тыныш болсын!
- Балалар республикамыздың рәміздеріне не жатады?
- Ту, Әнұран, Елтаңба.
- Олай болса балалар орнымыздан тұрып, қолымызды жүрегімізге қойып, мемлекеттік әнұранымызды орындайық.
- Балалар, сендер өз туған жеріңді ауылдарыңды жақсы көресіңдер ме?
- Иә, өте жақсы көреміз.
- Отан туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер? .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Биші болам өскенде

Сабақтың тақырыбы: Би музыкасы және сап музыкасы
«Биші болам өскенде» Т. Тайбеков – үйрену.
«Барабан» Б. Дәлденбаев – тыңдау.
Сабақтың мақсаты: Би өнерінің түрлі қасиеттері мен әдемілігін дәріптеу.
Сабақтың міндеті: 1. Оқушыларды көркем өнерге баулу. Хореографиялық әдіс тәсілдердің сипаттарымен таныстыру.
2. Музыкалы - ырғақтық қимылдар жасауға, би өнеріне қызығушылығын арттыру.
3. Ұлттық би өнерін үйренуге, әдет ғұрып, салт дәстүрді білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Қазақтың ұлттық биі «Қара жорғадан» үзінді тыңдалады.
- Бұл қандай әуен? Саған таныс па? Бұл әуенге қандай қимыл жасауға болады?
Қазақтың би өнерінің түп - тамыры ғасырлар қойнауында жатыр. Би - жақсылықты, әсемдікті, сұлулықты, салт - дәстүрмен әдет ғұрыпты дәріптейді.
«Қара жорға», «Айжан қыз», «Келіншек», «Былқылдақ» сияқты ұлттық билер – халық өмірін, оның тұрмыс тіршілігін би тілімен баяндайды. Әр бидің өзіне тән ерекшелігі, мінез құлқы бар. Көкпар, бәйге, қыз қуу, жорға шабыс, қол өнерде – киіз басу, кілем тоқу, ши орау, қазақ үй әбзелдері, ою өрнек, т. б. Ал бишілер өнерін мың бұралған әсем қимылдарымен көрерменге жеткізеді. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0