Мақсаты: Балаларға жыл басы туралы түсінік беру. Балалардың тілдік қорын байыту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеуге, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке,әсемділікке,шығармашылыққа тәрбиелеу. Білімділік: Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру. Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге,аялауға,еңбек етуге үйрету,тәрбие беру. Жаңа жыл мерекесіндегі өзгерістер жайлы түсініктерін молайту. Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау,қабылдау қабілеттерін дамыту. Қатысушылар: Бауырсақ, Түлкі, Қоян. Жүргізуші:Армысындар, ағайын! Бармысыздар,ағайын! Сіздерді жаңа 2013жылымен құтықтаймыз, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке бақыт әкелсін! Ақ көңілмен айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға. Қыс қызығы басылмай ұласады. Сол кезде «Бауырсақ» жүгіріп кіріп, шыршаны айнала қашады. Артынан түлкі қуа жөнеледі. .....
Тақырыбы: «Жадырайық, жайнайық, жылы лебізімізді сыйлайық» тренингі Тренингтің мақсаты: Ата - аналардың қарым - қатынасын жақсарту. Балабақша мен ата - аналар байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата - анамен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Қатысушылар: ата - аналар Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар! Мен бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Сіздерді құрметпен тренингке қатысуға шақырамын. Бүгінгі тренингімізді бастамас бұрын тренингіміздің ережесімен танысып алайық. Тренингтің ережесі: 1. Белсенді қатысу 2. Тыныштық сақтау 3. Бірін - бірі тыңдау 4. Ойын ашық айту 5. Бірін - бірі сынамау 1 - жаттығу «Танысу» тренингі Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Жұмысымызды таныстықтан бастаймыз. Әркім өз есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын өзіңнің үш қасиетін және өз есімін кезекпен айтады. 2 - жаттығу «Сиқырлы қобдиша» Мақсаты: Қатысушылар арасында жағымды қарым - қатынас тудыру. Нұсқау: Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Қатысушылар кезекпен, қобдишаның ішінен сыйлықтарды алып шығады. Сыйлықтар – әр түрлі көңіл - күй күлкілер (смайлдар) бар тілектер. Әртүрлі күлкілі эмоцияларды қатысушылар алып, керісінше бетіндегі жылы лебіздерді оқып, қалаған қатысушыға береді. 3 - жаттығу «Қар қиыршықтары» Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз де, оң бұрышын жыртып аламыз. Тағы да бүктейміз де оң жақ бұрышын жыртып аламыз. Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз......
Тақырыбы: «Солдан-оңға» Мақсаты: Білімділік: Сан атауын заттарды көрсете отыра сәйкестіруге үйрету. Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға, шыдамдылыққа, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу Дамытушылық: Зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік жұмыс: Текше, күлгін Көрнекі құралдар: 1-5ке дейінгі сандар, көрнекі суреттер. Технология: «Тәй-тәй» технологиясы Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауап, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс -әрекеті Қызығушылық және ынталандыру кезеңдері Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударады. Балалардың көңілін өзіне аудартады. Балалар тәрбиешіге назар аударады. Іздену және ұйымдастыру-шылық кезеңі Тәрбиеші:Балаларды ортаға шақырып жылулық шеңберін құрады. - Балалар, қараңдаршы менің қолымда не? - Иә, гүлдер қандай? - Қазір мен сендерге бір-бірден гүлдерді таратып беремін, сендер сол гүлді бір-біріне әдемі тілектерінді айта отырып, ұсынасыңдар. - Ой, менің қолымда көп гүлдер жиналып қалыпты! Рахмет сендерге, балалар! Сендерге осы гүлдер сияқты жайқалып өсіңдер! - Енді сәлемдесіп алайық. - Жарайсыңдар, енді орнымызға ақырын ғана барып отырамыз. - Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті ҚМҰҚ. Тақырбы: Солдан-оңға Тосын сәт. Айдана жылап кетіп бара жатады. Оны тәрбиеші тоқтатып: - Айдана бұл сенбісің? - Иә, мен – Айданамын. - Балалар, мынау – Айдана! - Сәлеметсіңдер ме балалар?! - Айдана сен неге жылап кетіп бара жатырсың?
- Неге?
- Сен балабақшаға бардың ба? - Болды жылама, бүгін біз балалармен сандарды үйренгелі жатырмыз. Біздің балалар саған көмектеседі. Балалар сендер Айданаға көмектесесіңдер ме? - Айдана сен мына жерге балалармен бірге отыр, сабаққа қатыс. - Балалар мынау қандай сан? - Дұрыс, ал мынау не? - Қарбыз нешеу? - Мынау қандай сан? - Иә, ал мынау не балалар? - Ол нешеу? - Мынау қандай сан? - Дұрыс, мыналар нелер? - Олар нешеу? - Иә, қандай сан? - Дұрыс, мынау қандай пішін? - Олар нешеу? - Дұрыс, қандай сан? - Иә, мынау не? Олар нешеу? - Дұрыс, жарайсыңдар балалар! Тағы да менде жақсы, әдемі заттар бар. Мынау не ? - Менің қолымда неше кітап бар? - Дұрыс, ал мынау не? Нешеу? - Иә, ал мынау не? - Лентаның неше түсі бар? - Дұрыс, ал мынау нелер? - Иә, дұрыс бірақ та ол орысша. Ал қазақша ол – текше деп аталады. Қане текше деп айтайық. - Менің қолымда неше көбелек бар? - Дұрыс. Балалар текшелер көп пе, әлде көбелектер көп пе? - Қайсысы аз? - Енді балалар сендермен қызықты бір ойын ойнайық. «Қай сан жоқ?» атты ойын. Мен бір санды жасырамын, сендер тауып алуларың керек. Қане, көзімізді жұмамыз.(тәрбиеші бір санды тығып қояды) Қай сан жоқ? - Дұрыс, тағы да жасырып көрейін. Енді мен Айданадан сұраймын. Қай сан жоқ? - Бес - Дұрыс Айдана. Үйреніп қалдың ба? - Иә, үйреніп қалдым. (Ойын осылай жалғасын табады.)
-Гүлдер
- Әдемі Балалар бір-біріне әдемі тілектерін айтады.
- Рахмет!
- Сәлем саған алтын күн!
Сәлем саған Көк аспан! Сәлем саған Жер Ана! Сәлем маған, сәлем саған! Балалар өз орындарына барып отырады.
- Сәлеметсіз бе?!
- Өйткені мені мектепке алмай қойды. - Мен сандарды, пішіндерді білмеймін. - Жоқ, мен барған жоқпын, әйтпесе білер едім.
- Иә, көмектесеміз.
- Жарайды, рахмет!
- Бір - Қарбыз. - Біреу. - Екі - Бұрыш - Екеу. - Үш. - Қояндар. - Қояндар үшеу. - Төрт. - Дөңгелек
- Төртеу. - Бес. - Доп. Доптар бесеу.
- Кітап
- Бір кітап бар.
- Екі жұмыртқа.
- Лента. - 3 түсі бар. Сары, көк, қызыл. - Кубиктер.
Тәрбиеші: Эрика Сергеевна Гросс, Карлығаш Кабиденовна Утеубаева, Көктөбе ауылы, «Ақбота» балабақшасы Тақырыбы: Жаңа жыл Мақсаты: Балаларға жыл басы туралы түсінік беру. Балалардың тілдік қорын байыту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеуге, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке, әсемділікке, шығармашылыққа тәрбиелеу. Білімділік: Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру. Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге, аялауға, еңбек етуге үйрету, тәрбие беру. Жаңа жыл мерекесіндегі өзгерістер жайлы түсініктерін молайту. Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту. Қатысушылар: Бауырсақ, Түлкі, Қоян. Жүргізуші: Армысындар, ағайын! Бармысыздар,ағайын! Сіздерді жаңа 2013 жылымен құтықтаймыз, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке бақыт әкелсін! Ақ көңілмен айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға. Қыс қызығы басылмай ұласады. Сол кезде «Бауырсақ» жүгіріп кіріп, шыршаны айнала қашады. Артынан түлкі қуа жөнеледі. Бауырсақ: Тимеші мені, Жемеші мені. Жаңа жылды тойлауға барамын. Асыр салып, би билеп, .....
ойын - бала өмірінің нәрі Ойын балалар өмірінің, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, саналы білікті болуы міндетті.
Балаларға ақыл - ой адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Қай бала болсын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», Ойында озған, өмірде де озады. Деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым - қатынасы, мінез - құлық көріністері олар өсіп - есейгенде де жалғаса береді. Ойындардың негізгі мақсаты - балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтауы мен қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс - әрекетін бағалап, құрметтеп, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтайды, қалыптастырады. Ойын мен еңбектің бір - біріне ұқсас сипаттары көп. .....
Мақсаты: Қимыл - қозғалыс белсенділігін дамыту. Жылдамдық, ептілік, төзімділікті шыңдау, көңіл - күйге қуаныш әсерін сыйлау. Қажетті құралдар: 2 шана, 2 кәрзеңке, картоннан жасалған сәбіздер, 2 шырша, саңырауқұлақтар, көз - мұрын жасау үшін материалдар, ойыншықтар, лента, туннель, отырғыштар.
Жүру барысы: Екі топқа бөлінген балалар ортасынан топ басшыларын сайлап ап, бір - бірімен амандасады. І топ: «Алғырлар» тобы ІІ топ: «Аңшылар» тобы
І. Эстафеталық ойын: «Қояндар» Аппақ қардың үстінде 2 топтан бір-бірден ойыншылар шығып, қоянша секіре отырып (екі аяқ бірге, екі қол бірге кеуде тұсында, оңға бір, солға бір қарай отырып) межеге жетеді. Меже – үлкен қардан жасалған төбешік. Бұл төмпешіктің тасасында кәрзеңкеге салынған сәбіздер жасырулы тұрады. (беті шөппен бүркелген). Осы сәбіздерден ауыздарына бір-бірден тістеп, қайтадан қоянша секіре отырып, кейін қайтады. Қай топтың жинаған сәбізі көп болса, сол топ жеңімпаз атанады. .....
Сабақтың мақсаты: Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру;құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; ой-өрісін дамыту, адам құқығы туралы Конвенция шарттарын меңгерту; белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту; балалардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру. Көрнекіліктер: нақыл сөздер,суреттер,слайд.....
Сабақтың мақсаты: 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту. Сандарды басқа сөздермен байланыстыра қолданып айта алу дағдыларын қалыптастыру. Шапшаңдыққа, тез ойлап, қазақ тілінде дұрыс жауап бере алуға үйрету. Балалардың танымдық және логикалық білімдерін арттыру. Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: интерактивті тақта мен қаламы, доп, текшелер. Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пиктограммамен жұмыс (мнемотехнология), интерактивті флипчарт-ойын түрлері, дидактикалық-қимылдық ойыны......
Сабақтың мақсаты:Елбасымыз Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халқына жолдаған жолдауын насихаттау. Сол арқылы оқушыларды үздіксіз білім алуға шақырып, болашаққа сеніммен қарауға тәрбиелеу. Тәрбие сағатының көрнекілігі:Интерактивті тақта....
Мақсаты: Балалардың үлкен - кіші, көп - аз туралы ұғымдарын қалыптастыру. Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып күнделікті өмірде қолдана білуге және бір - бірін аттарымен атай білуге үйрету. Балалар бойына достық, мейірімділік сезімін егу. Заттарды түстеріне, түрлеріне қарай ажыратып салыстыруды меңгерту. Ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Қоршаған ортамен жан-жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу. Әдіс - тәсілі: Қуанышты сәт, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сергіту сәті, қорыту. Көрнекілігі: қуыршақтар, үлкен - кіші алмалар муляжы. Сөздік жұмыс: Қуыршақтар, қызыл - сары алмалар, үлкен - кіші, көп – аз
Оқу іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру (талпындыру) - Балалар сендер қандай әдемісіңдер, тобымызда әдемі, күніміз де әдемі. Осы әдемілігімізді сезініп, көңілімізді көтеріп ән айтайықшы. Күн күлімдеп әлемде Күлімдейді әдемі Төбемізде қарлығаш Айналады әдемі Әніміз осындай Сәніміз осындай.....