Балабақша тәрбие сағаты: Коммуникативті- тілдік құзыреттілікті меңгерту
Сабақтың тақырыбы: Коммуникативті- тілдік құзыреттілікті меңгерту
Сабақтың мақсаты: Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес балалардың бүгінгі таңда тиянақты білім беру үшін олардың коммуникативтік,танымдық тілдік қабілетін дамыту басты мақсат болып саналады.
Мен өз тәжірибемде тіл дамыту жұмысының негізін мынандай мақсатқа бөліп қарастырдым:
1) Балалардың бақылағыштық , ойлау қабілеттері мен тілін дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, жинақтап, жалпылап, нақтылап салыстыру негізінде балаларды өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйретем.
2) Бала бойында қазақ тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс айтып бере алатындай дағдылар қалыптастырам.
3) Балаларды ана тілін сүюге,оның алтын қорын,тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге,оны сезініп құрметтей білуге баулу.
4) Балалардың ауызша және жазбаша тілін дамытуға септігі тиетін жұмыстардың оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып тәжірибемде қолданам.
Біздің ең басты мақсатымыз «Білім беру» саласы бойынша тіл дамыту арқылы дара қатынасқа қабілетті мектеп жасына дейінгі тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Құзіреттіліктер ретінде: білім беру нәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған:
-Тілдік құзіреттілігі.
-Ақпараттық құзіреттілік.
-Коммуникативтік құзіреттілік.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде балалардың коммуникативтік қабілетін дамытуға да көп көңіл бөлінуде.Коммуникативті қабілетті дамыту жеке тұлға құзіреттілігін арттыруды қажет етеді.Құзіреттілік жалпы қабілеттілікте байқалатын, оқу үрдісінде және әлеуметтендіруде пайда болатын,өз бетімен табысты іс-әрекетке қатысуымен білім және іс-тәжірибесіне негізделген және тұлғаның интеграциялық қасиеті қарастырылса, онда коммуникативтік құзіреттілік өз ана тілін және басқа тілді білуді қарастыру.
Ал жаңа білім парадиаграммасына сүйене отырып, дайындық негізінде білім парадиаграммасының орнына құзіреттілік амалы келетінін ұмытпаған жөн, ал ол балабақшалар үшін дәстүрлі болып табылатын жалпы білім беру мақсаттары мен мазмұнын жоққа шығармайды, қайта байытып жаңартады.
Құзіреттілік амалы-білім беру нәтижесінде ден қоятын амал,бұл жерде нәтиже ретінде ақпарат көлемін игеруді емес,балалардың алған білімін қолдана, жаңа білім тудыра отырып, түрлі проблемалық ахуалдарда өз бетімен әрекет етуін қарастырады. Құзіреттілік амалы-оқу үрдісін практикалық нәтижелерге бағдарлайтын білім берудің әрекеттілік сипатын жүзеге асырушы амал.
-Мотивация.Білім алушы оқып үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау.Үйренушілер арасында ашық,еркін шығармашылық қарым-қатынас орнату.
-Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу.
-Үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру.
Үйрету үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу,пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру.Үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай,оларды ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға балаларды ынталандыру.
Коммуникативтік құзіреттілік үш түрлі қатынасты қалыптастыру арқылы дамиды:
1)Жазбаша және қарым-қатынас.
2)Диалог.
3)Топтық.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жұмыстарына қойылатын талаптар:
Қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп,өмірімен байланыстыру.
Оқылған әңгіме,ертегілерді түсінігі бойынша өз сөзімен және әдеби тілде айта білу.
Жаңадан меңгерген сөздерді белсенді сөздік қорына енгізу.
Заттардың аттарына, қасиетіне белсенділігіне қарап ажырату.
Монологты және диалогты сөйлеудің екі түрін пайдаланып,оқыған әңгімені баяндау.
Тіл дамытуда мимика, ыммен сөйлесу, ымдап сөйлеуді түсіну.
Ұлттық салт-дәстүрге,өнерге(камзол,тақия,текемет,сырмақ) байланысты сөздерді меңгерту.
Тілдегі дыбыстарды ашық, таза, дұрыс айтып, бір-бірінен ажырата білу.
Тіл дамытуға арналған дидактикалық ойындарды мақсатына, шартына байланысты орындай білу.
Балалармен қандай тақырыпта әңгіме құрастырсақ та, алдымен белгілі мақсат қоямыз.Сол мақсатқа жетуде балаларға адамгершілік, патриоттық, еңбексүйгіштік, экологиялық,т.б. көзделеді.Әрине, ол үшін жылдық мақсатты басшылыққа алу керек.Тәрбиеші сурет бойынша әңгіме құрастыруда қоршаған орта, өсімдіктер мен жануарлар, мультфильмдер туралы сурет топтамаларын пайдалану қажет.
Баланың жүйелі ойлауына,сөздік қорын дамытуына, өзін қоршаған ортадан нақты мағлұмат алуына,байланыстырып сөйлеуіне көмектестін «Триз»атты ойын ұсынғым келіп тұр.
Триз.
4-4,5 жастағы балалардың ақыл-ойын дамыту үшін Триз жүргізудің тиімді екендігі практика жүзінде дәлелденіп отыр.Қай бағдарламамен немесе қандай методиканы қолданып жүрсе де Тризді пайдалану тәрбиеші үшін қолайлы.Тризді сабақта және сабақтан тыс уақытта да пайдалануға болады.
Триз 8-10 баламен аптасына 2-3рет сабақты немесе үлкен тақырыпты бекіту мақсатында да жүргізіледі. Тәрбиеші Триз жүргізу арқылы баланың ойлау деңгейінің қаншалықты дәрежеде екендігін тексере алады.Триз жүргізу үшін кез-келген затты алуға болады. Мысалы,қарапайым орындықты алайық . Балаларға тәрбиеші нақты жауап алмайынша, сұрақты түрлендіріп қойып отырады.
Орындықтар.
Керекті құралдар:Орындық,ойыншықтар Айболит,түлкі,матрешка.
Барысы:Орындықты көрсетіп сұрақ қою:
-Мынау не,ол не үшін керек?
-Орындық отыру үшін керек.
-Орындықты тағы не үшін пайдалануға болады?
-Ойнауға,орындыққа шығып биіктегі затты алуға болады.
-Орындық неден тұрады?
-Отырғыштан, арқасынан және аяқтарынан.
-Тағы да ненің (кімнің)арқасы және аяқтары болады?
-Адамдарда,аң,жануарларда.
-Орындықтың қандай түрлері болады?
-Қызыл,жасыл ,сары,темір,ағаш,үлкен,кіші.
Тапсырма:Орындықтың суретін салыңдар(балалар тапсырманы орындайды).
-Орындық пен үстелдің ұқсастығы бар ма?Несімен ұқсайды?
-Екеуі де ағаштан жасалған,4аяғы бар,екеуіне де отырса,сурет салса болады.
-Орындық пен үстел жасалмас бұрын не болып еді?
-Тақтайша,ағаш.
Тапсырма:Орындықтың қасына ағаштың суретін салыңдар.Енді тәрбиеші балаларға келесі тапсырма береді.
-Бір орындықтың бір уақытта үлкендер үшін биік және кішкентайлар үшін аласа болуы үшін не ойлап табуға болады?
-Бұрап үлкейтіп,кішірейтуге, педальді орындық жасауға болады.
Тапсырма:Өзіңе ұнаған орындықтың суретін сал
-Үстел үлкен және кіші болуы мүмкін.Үлкен үстел қонақтар көп сиып отыру үшін,кішкентай үстел бөлмеде аз орынды алып тұру үшін .
-Енді ойланыңдар,үстелдің қасына орындықты қойдық.Оны бір сөзбен не деп айтуға болады?
- Жиһаз,парта.
-Егер орындықтың арқасын алып тастаса не пайда болады?
-Скамейка,табурет.
Арқасы жоқ орындықтың суретін салуды тапсыру.
-Орындықтың аяғын алып тастаса не пайда болады?
-Сырғанақ тебетін тақтай ,жерге қойып сурет салатын тақтай т.б.
Енді түлкіге,дәрігер Айболитке ,матрешкаға арнап жаңа орындық моделін ойластырып,суретін салыңдар деп тапсырма беріледі....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: