Балабақша тәрбие сағаты: Мен көшеде келемін

Балабақша тәрбие сағаты: Мен  көшеде  келемін

БҚО, Қаратөбе ауданы.Алакөл ауылының
«Балдырған» шағын орталық
тәрбиешісі Шонаева Г.Н.

Сабақтың тақырыбы: Мен көшеде келемін
Сабақтың мақсаты : Жолда жүру ережелері туралы мағлұмат беру. Көше қиылысы, бағдаршам,жол белгілері , қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері туралы білімдерін бекіту,баланы зейінді,епті болуға тәрбиелеу.
Билигвалдық компоненті : Бағдаршам-светафор.жол белгісі – дорожный знак.
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері
Біз қандаймыз,қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
- Жарайсындар балалар!
Алақан жылуы арқылы сезіне тұрып жеткізейік.
- Еліміз тыныш болсын.
- Деніміз сау болсын.
- Бәріміз дос болайық.
- Нанымыз көп болсын.
- Бақытты болайық.
- Бірлігіміз жарассын .
Жол белгілерін есте сақтайық
Ескерту белгілері – үшбұрыш, қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жайсыз, қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.
Тыйым салу белгілері – дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс,атаулының бәріне тыйым салады.
Көрсеткіш белгілер - дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.
Ойын: «Бағдаршам»
Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткенде алақандарын соғады, қызыл түсті көрсеткенде тыныштық сақталады. МАЙ қызметкері балаларға жол белгілері туралы түсінік береді.Балаларға алдын – ала дайындалған жасыл ,сары, қызыл түстерді көрсету.Ақ жолақтың қасында тұрып жол сілтеу.Бұл белгілердің арнайы жарқырап тұратын, белгілердің тиімділігі - жол бойының нағыз хабарландырушысы екендігінде.
Сергіту сәті.
Жұмбақтар шешу, тақпақтар айтқызу.
Өнер” орталығына келіп қалдық.Автобустан түсейік.
Альбоммен жұмыс.
Бағдаршамды бояу.
«Бағдаршам» сергіту сәті.

«Үндемес » ойыны.

Бір-біріне тілектер айтады.

Толғанай :
. Жол қиылысында аса абай бол.
. Көшеден тек жаяу адамдар өтпелері бойынша жүр.
. көшелер мен жолдарда шана мен арбамен ойнама.

Сергіту сәті.
“ Машина”
Бип-бип, бип – бип –дейді.
Жолдан былай кет дейді. Күшікті басуға, басуға. Болмайды ,болмайды машина.
Нұрайна :
Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды./Автобус/
Самал:
Оңғада бұрылады, Солғада бұрылады.
Жол тәртібін
Реттеп тұрады./бағдаршам/
Саламат:
Қырдан – қырға алғасады,
Барған сайын алға асады./жол/
Алдияр:
Көздерін ашып – жұмып тұрады,
Жол тәртібін реттеп тұрады./бағдаршам/
Еркенұр:
Көшеде жүреді кішкентай үйлер,
Сол үйлерді жүргізушілер жүргізер./Машина/

Бағдаршам мен жолдың суретін карандашпен бояу.

Рефлексивті коррекциялаушы

Ой балалар жарайсыңдар!
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Бағдаршам түсіндей жұлдызша, төртбұрыш беру.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақша балалар арналған Мен көшеде келемін тәрбие сагат балабакша, балабакша тарбие сагат балалар, балаларға арналған тәрбие сағаттар, сценарий для детей на казахском языке, Мен көшеде келемін

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]