Балабақша тәрбие сағаты: Мен және менің құқығым

Балабақша тәрбие сағаты: Мен және менің құқығым

Сабақтың тақырыбы: Мен және менің құқығым
Сабақтың мақсаты: Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру;құқықтық білім
әр адамның ісі екенін ұғындыру; ой-өрісін дамыту, адам құқығы туралы Конвенция шарттарын меңгерту; белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту; балалардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер,суреттер,слайд.
Мотивациялық қозғаушы
Жылулық шеңбері
Кел, балалар, күлейік
Көңілді болып жүрейік
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік!
/балалар шеңберде тұрады/
Іздену ұйымдастырушы
Күтілетін нәтиже:
Қайырлы күн балалар,сабағымыздың қонақтары!Бүгін бізде ерекше тақырып балалардың құқығына және міндеттеріне арналады. Іс-әрекетімізді бастамай тұрып мынадай бірнеше сұрақтарға жауап берейік.
 Біз қандай планетада өмір сүреміз?
 Жер неге ұқсайды?Бұл не?
 Глобусқа қарандаршы қаншама мемлекеттер мен елдер орналасқан?Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
 Біздің елде тұратын адамдарды
қалай атайды?
Қазақстан – өте бай,әдемі ,көп ұлтты, ірі мемлекеттердің бірі. Қазақстанның астанасы қай қалада орналасқан? Мемлекетіміздің ең басты байлығы – оның халқы. Қоғамның басты байлығы – адам. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында,жұмыста,мектепте,көпшілік жерде.Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау,салық төлеу,мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Қазақстанда барлық ұлт өкілдері татулықта,достықта өмір сүреді. Әр мемлекетте Бала құқығы туралы конвенция қабылданған. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
Конвенция дегеніз ол- бала құқығы туралы келісім шарт. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
(1995 ж.Нью-Иорк қаласында156-мемлекет болып қол қойды). Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
(2002 жылы 8-тамызда). Баланың құқығы туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады?(10 тарау,53 баптан).
Заң бойынша бала деп кімді атайды?(18 жасқа толмаған адам).
«Сандар сөйлейді.
1-маусым-Балаларды қорғаудың халықаралық күні.
20-қараша-Дүниежүзілік балалар күні.
10-желтоқсан - Адам құқығы күні.
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.
/Асылбек Еңсеповтың күйі «Детство»орындалады/
«Біз неге құқылымыз?»
 Әр бала өз ата-тегін алуға құқығы бар.
 Ата-аналарымен бірге өмір сүруге
 әркімнің өмір сүруге құқығы бар
 Тегін ауруханада емделуге
 Балабақшаға келуге
 Тегін білім алуға
 Демалуға
 Еркін ойнауға
 Еркін өз ойын толық жеткізуге
 Өз тілінде сөйлеуге
-Балалар,ыңғайланып отырып болсақ ,менің қолымда сиқырлы алтын сандық бар.Ал,сендер, ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
-Бұл «Туу туралы куәлік».Куәлікті таныстыру.
Көрініс: « Ералымен Дінмұхамедтің орындыққа таласуы»
Ералы: Дінмұхамед,сен бұл орындықтан тұр,бұл жерге мен отырамын.
Дінмұхамед: Неге?
Ералы:Сол,тұр дедім ғой,тұрсаңшы.
Дінмұхамед:Жоқ тұрмаймын,бұл орындыққа мен бірінші отырдым.
Ералы:Отырсаң қайтемін,сенің атың жазылып қойған жоқ қой бұл орындыққа?!
Дінмұхамед:Сенің де атың жазылып қойған жоқ.Бұл менің орным,саған бермеймін.
Автор:Орындыққа таласқан Дінмұхамед айқай салды.
Дінмұхамед : Тұр дедім ғой,бұл орындыққа менің құқығым бар.
Ералы: Менің де құқығым бар,саған ғана беріліп қойды дейсің бе?
Автор:Орындыққа таласқан Дінмұхамед пен Ералы төбелесе кетті.Топ балалары аң-таң.Төбелесті тоқтату үшін топ белсендісі
Мерей араласты.
Мерей: Ералы,Дінмұхамед төбелесті тоқтатыңдар,қазір апай екеуіңнің дауларыңды шешіп береді.
Автор:Осы мезетте топ бөлмесіне тәрбиеші апай келді.
Тәрбиеші :Бұл не шу?
Мерей : Апай,Ералы мен Дінмұхамед мына орындыққа таласып, «Менің құқығым бар отыруға» деп дауласып жатыр,қойыңдар десек те қоймайды.
Тәрбиеші :Ералы, Дінмұхамед , сендердің бұл құқықтарың дұрыс емес.Өздеріңнің жеке бастарыңның қажетін ойлап,бір-бірлеріңе тіл тигізу адамгершілікке жатпайды.Әркім өз құқығын дұрыс түсінуі қажет.Әрине сендердің әрқайсыларың оқуға,білім алуға,ойнауға,демалуға құқықтарың бар,бірақ барлық мәселені ақылмен шешу керек.
Слайд көру: «Бала құқығы туралы»
Тәуелсіз еркін ел бүгін,
Талай жыл күткен теңдігім –
Ата заңым менің.
Санама құйған таң нұрын,
Бақытым, бағым, тағдырым –
Ата заңым менің!
-Балалар,біз бүгін сендермен қандай та
қырыпта сөз қозғадық?
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:
-Сонымен,қорытындылай келе,біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
- Бала құқығы және міндеттері туралы конвенциямен таныстыру.
Балалардың жауаптары
/Жер/
/глобус/
/Қазақстан/
/қазақтар/
/Астана/
Балалар мұқият тыңдайды.
Қ-азақ
Ұ-лты
Қ-айырымдылықты
Ы-ымырашылдықты
Қ-олдайды
.-Бәріміз бірге оқиықшы.Хормен оқыту.
Сюжетті-ролдік көрініс
Хормен оқыту.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақша балалар арналған Мен және менің құқығым тәрбие сагат балабакша, балабакша тарбие сагат балалар, балаларға арналған тәрбие сағаттар, сценарий для детей на казахском языке, Мен және менің құқығым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]