Балабақша сабақ жоспары: Жүзден жүйрік танымдық спорттық ойын

Балабақша сабақ жоспары: Жүзден жүйрік танымдық спорттық ойын

Сабақтың тақырыбы: Жүзден жүйрік танымдық спорттық ойын
Сабақтың мақсаты: Балалардың танымдық білімдерін және спорттық қимыл қозғалыстарын тиянақтау.Жан – жақты сауатты,дарынды, озық, қабілетті бала тәрбиелеу.Ойын арқылы логикалық қабілетін, танымын дамыту.Жылдамдылыққа,алғырлыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сұрақтар жинағы.Тірек сызбасы,арқан, шелек пен кружка,орамалға түйілген теңгелер, жұмбақтар,мақалдар,білім кілтінің макеті.
Ойын барысы
\Ұйымдастыру:
Сәлем бердік, сайысымыз көрермені Алдарыңызда болашақ өрендері
Молайтар ой – санамызды сайысымыз
Біліммен достасуға біз дайынбыз
Хормен:
Өнерлі боп өсеміз, Өмір сырын шешеміз
Өсіріп ой – сананы
Қуантамыз сіздерді.
Кіріспе: Тәрбиеші: Балалар бүгінгі «Жүзден жүйрік» танымдық спорттық ойынымызға хош келдіңіздер!Өз біліміміз бен ептілігімізді екі топқа бөліне отырып көрсетеміз.
І топ: «Сұңқар» Ұраны: Ұшақтанда ұшқармыз Желден озған жүйрікпіз
ІІ топ: «Тұлпар» Ұраны: Қиындықтан қашпаймыз Алған беттен қайтпаймыз
«Жүзден жүйрік» танымдық спорттық сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.
1 – Бөлім: «Нар тәуекел» «Таным» саласы бойынша «Түнгі аспан» ойыны.
«Денсаулық» саласы бойынша «Су тасу»ойыны.
2 – бөлім: «Артық болмас білгенің» «Таным» саласы бойынша екі топқа бірдей сұрақтар:Жеті қазына,жеті күн, жеті ата, төрт түлік, төрт мезгілді атау. «Денсаулық» саласы бойынша: «Теңге ілу»ұлттық ойыны
3 – бөлім: «Зерек болсаң, шешіп көр» «Таным» саласы бойынша жұмбақ шешу. «Денсаулық» саласы бойынша «Секіргіштер» ойыны
4 – бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр» Таным саласы бойынша «Мақалды жалғастыр»ойыны. Денсаулық саласы бойынша: «Жаяу аударыспақ»ұлттық ойыны
Тәрбиеші :«Жүзден жүйрік» танымдық спорттық ойын бастар алдында, жеңізпаздарды анықтау үшін әділ- қазылар алқасын тәрбиешілерден сайлап ойынымызды бастаймыз.
Ойын бөлімдері:
1 – бөлім: «Нар тәуекел». «Түнгі аспан» ойыны екі топтан бір – бірден бала шығады да,аспандағы жұлдыздарды сан ретімен белгілеп шығады. «Су тасу» ойыны. . Шарты: шелектен келесі шелекке су тасып жарысу (топпен)
2 – бөлім: «Артық болмас білгенің» екі топқа да бірдей сұрақтар қою. Бұрын жауап бергеніне ұпай саны белгіленеді. «Теңге ілу» ұлттық ойыны. Шарты:Атқа шауып барып, кідірмей, жердегі бет орамалды «Теңгені»іліп әкету.(топпен)......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақша балалар арналған Жүзден жүйрік танымдық спорттық ойын ойын ойындар балабакша, балабакша ойын турлери балалар, балаларға арналған ойындар, подвижные игры для детей на казахском языке, Жүзден жүйрік танымдық спорттық ойын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]