Балабақша сабақ жоспары: Көңілді қоңыздар ойыны

Балабақша сабақ жоспары: Көңілді қоңыздар ойыны

Сабақтың тақырыбы: Көңілді қоңыздар ойыны
Сабақтың мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайтуға, дене бітімін жақсы жақсы қалыптастыруға, қан айналымын жақсартуға, көздерін демалтуға, балалардың арқасындағы, қолындағы, табандағы нүктелерді оятуға арналған. Ағзаның көптеген қызметтерін жақсартады.
Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету.
Көрнекілік: ілгекті жолдар, тастар матрастар, қоңызда киімі, ойыншық қоңыздар.
Музыка әуенімен балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: Түс мезгілі, мезгілі,
Қоңыздар ұйқыға кірісті
Қоңыздар көреді түсті
Әдемі сиқырлы әлемді. (балалар ұйқыдан оянады
Көзімізді ашайық,
Тәрбиеші:
Аунап, қунап алайық ,
(жалпы денеге арналған жаттығу)
Бойымызды жазайық,

Қолымызды созайық
Жаттығулар жасайық,
Ұйқымызды ашайық
(көзге арналған жаттығу)
Қоңыз, қоңыз, қоңызым,

Ағашқа ол өрмелеп
Бұтаққа келіп отырып,
Күнге көп қарайды,
Қоңыз,қоңыз,қоңызым
Тербеледі таяқта
Тынығады, ұйқтайды.

(Табанды шынықтыру массажы)
Оң қолға ұстап тарақты,
Түрлі массаж жасайық.
Сол қолға ұстап тарақты,
Табанға массаж жасайық.

(арқаға арналған массажы)
Қыбыр-қыбыр жүріспен,
Қоңыздар қырға шығады.
Төмен қарай сырғанап,
Қайта өрмелеп шығады.
(Қолға арналған массаж)
Қоңыз шықты ағашқа,
Артында оның баласы.
Бір мезгілде жаңбыр жауды
Қоңыз жерге құлады.
Қүн шапағын шашады
Қоңыз үйге қайтады.

(ілгекті жолмен жүру)
Әдемі ирек жолдармен
Лақтарша біз ойнақтап
Тастан-тасқа секіріп
Жалаң аяқ жұреміз.
Табанға біз нұктелі
Массаж жасау білеміз.
Балалар жарты шеңбермен тұрып, қонақтар мен қоштасады)
Қол үстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық!......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақша балалар арналған Көңілді қоңыздар ойыны ойын ойындар балабакша, балабакша ойын турлери балалар, балаларға арналған ойындар, подвижные игры для детей на казахском языке, Көңілді қоңыздар ойыны

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]