Балабақша сабақ жоспары: Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту ойыны

Балабақша сабақ жоспары: Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту ойыны

Сабақтың тақырыбы: Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту ойыны
Сабақтың мақсаттары:
• байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіру,
• құрастыра сөйлеуге,
• сөздік қорың молайту
• фонематикалық есту қабілетін дамыту
Сабақтың міндеттері:
• Ойынға, сабаққа деген белсенділіктерін арттыру
• Ойын арқылы танымдық іс-әрекеттерін дамыту
• Сөйлеу,ойлау ,есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін ойын арқылы жетілдіру
Негізгі бөлім. Әр бала өзінше жеке, әрі қайталанбас тұлға. Сондықтан баланың жан дүниесін түсіне білу, оларды жақсы көру, өзіңнің жанына жақын тарту менің негізгі ұстанымым. Сонымен қатар баланы жеке тұлға ретінде қабылдау, бала пікірімен санасу және қоғамда өз көзқарасы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті өзін көрсете білетін, шығармашыл тұлғаны қалыптастыра білу. Осы ұстанымдарым негізінде ұстаздық жолда қызмет жасаудамын. Ұстаздық қызметте, шәкірт¬термен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Бұл қасиеттер ұстаз бойынан табылу үшін әр мұғалім өз мәдениетін, біліктілігін көтеріп отыру қажет.«Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту» әдістемелік тақырыбымен жұмыстанудамын. Осы тұрғыда өз педагогикалық шеберлігімді шыңдап, жетілдіру мақсатында 2014 ж. маусым айында біліктілікті арттыру курсын бітіріп шықтым:
“Технология развития критического мышления в процессе преподавания предмета (предшкольные классы) ”.
Жоғарыда айтып кеткендей білім берудін 5 саласы бар.Осы салаларда қолданған тәсілдер және ойындары мен әріптестерімен бөліскім келеді:
«Әлеуметтік орта» саласына жататын «өзін-өзі тану» пәнінен ашық ұйымдастырылған іс-әрекетін бердім,сол ҰОІ-Ә –де әр түрлі тәсілдерді қолдандым.Тілдерің дамыту үшін сөздік жұмыс, карточкамен жұмыс өткізілді.Балаларды топқа бөліп жұмыс өткіздім.Осы сабағымда колданылған ойындар:
Ойын. «Белсенділік жаттыгуы»
Балалар шеңберғе түрып, тәрбиешімен берген тапсырмаларын әр түрлі қимылмен, ыммен көрсетеді.
Тапсырма:
- Үлпілдек мақта.
- Ақша қар.
- Піскен, ыстық картоп.
- Ыстық тәрелкедегі сорпа.
- Кесе толы су.
- Бір уыс тары.
- Сабағы тікен райхан гүлі.
- Домалақ жіп.
- Темір ыдыстағы ыстық кофе.
- Сулы сабын.
Ойын. «Менің досым ...».
Мұғалім бір балаға доп лақтырады да, «Сенің досың қандай?» деп сүрайды, ол мұғалімге допты қайта лақтырып, өз досының қандай екенін айтып береді.
Мысалы: ренжітпейді, алдамайды, бірге ойнайды, т.с.с.
Тәрбиеші жүрекшені әрбір балага кезекпен береді,ойын осылай жалгасады .
«Таным» саласына жататын пән «ҚМТҚ» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын ойындар: «Жетпей тұрған санды жаз»
«Сиқырлы қапшық»
Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.
«Қатынас» саласына жататын «Сауат ашу және жазу негіздері» пәнінде “Естісен шапалақта” ойыны
Мақсаты: Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Ойын барысы: Берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алды жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардын арасынан берілген дыбысты белгілейді. «Сөзді аяқтауға көмектес»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды жалғастыру.
Құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Балалардың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтау керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта. Қал-та, бал-та, мал-та, ба-та, қа-л, ма-л, ша-л, ба-л.
«Қатынас» саласының бір бөлімі «тіл дамыту».
Ойынның тақырыбы: «Қажет суретті тап»
Ойынның мақсаты: Логикалық ойлауға үйрету, күн режиміне қажет іс — әрекетті есіне түсіру. Қай кезде не істелетіні жөнінде сөйлем құрап айтуға үйрету. Түрлі жаттығу жұмыстарын өздігінен орындауға жаттықтыру.
Ойынға қажет заттар: Үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арналған ыдыстар, пластелиннен, балшықтан жасалған тоқаш, конфет, нан, бауырсақ, ет, колбаса т.б
Ойын ережесі: Егер ойын суреттермен жүргізілсе тәрбиеші – мұғалім үлкен суретті балалардың бәрі көретіндей орынға іледі. Мысалы: үлкен тарелка немесе орамал ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен тақтаға ілінген сурет мазмұнына сәйкес заттардың суретін алып столға қояды. Не істегені туралы айтады.
Ойынынң соңында балалар ойынға қатысты заттардың суретін салады (өз қалаулары бойынша нан, қант, тоқаш т.б)
«Денсаулық» саласы білім беру бөлімі «дене шынықтыру» пәнінде қолданылатын ойындар көп,солардың ішінен алынған:
«Мысықтар мен қаздың балапандары» қимыл-қозғалыс ойы- нын ойнату.
«Ақ серек,көк серек»
«Шығармашылық» саласына жататын «бейнелеу өнері», «мүсіндеу», «жапсыру», «музыка» пәндері бар.
«Қуыршақты киіндіру» қағаздан қиылған киімдерді таңдап алып,қуыршақты киіндіру.
Осы мақсаттарға,міндеттерді шешу үшін мектепте материалдық-техникалық база жақсы қалыптасқан. Әдістемелік,көрнекі құралдар күннен күнге толықтырылып,жаңартылып тұрады.
ҰОІ-Ә барысында көбіне қосымша материалдар, интернет,газет-журналдар, көптеген оқулықтан өзге материалдар қолданылады.Сабаққа дайындалған кезде мәтіндер, сұрақтар,жаңа ойын,кестелер,қима қағаздар,үлестірмелі материалдар, суреттер т.б.сабаққа сай,дәлме-дәл келетіндей етіп алынады.
Ойын барысында оқушылардың тілдерін дамыту , сөз өнеріне деген қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылығын дамыту мақсатында күнделікті ғажайып ертегілерді,аңыздарды және т.б әдебиеттерді пайдаланамын.
ҰОІ-Ә түрлері:
• Ойын
• Әңгімелесу
• Ертегіні мазмұндау
• Рөлдік ойындар
Қорытынды бөлімінде Ыбырай Алтынсаринның сөздерін еске алайық: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс»
Шынымен де, қазіргі кезде түрлі жолдар тауып, оқыту технологиясының оқу материалдарын меңгертудің неғұрлым тиімді әдістері таңдалған. Бұл әдістерді жүзеге асыру мұғалімнің тікелей шеберлігіне, ізденуіне байланысты. Осының негізінде мен үздіксіз ізденіс жасаудамын, өз еңбегімді байытып және ынта¬лан¬дырып, біліктіліктілігімді жоғарлатып отырмын.Болашақта барлық ізденістерімді жүзеге асырамын деп ойлаймын.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақша балалар арналған Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту ойыны ойын ойындар балабакша, балабакша ойын турлери балалар, балаларға арналған ойындар, подвижные игры для детей на казахском языке, Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту ойыны

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]