Балабақша сабақ жоспары: Төлдер айтысы ойыны

Балабақша сабақ жоспары: Төлдер айтысы ойыны

Сабақтың тақырыбы: Төлдер айтысы ойыны
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Сөздік жүмыс: Төрт түлік, төл.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Үй жануарлары және төлдерінің
суреттері.
Оқу іс-әрекетінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
1.Кіріспе әңгіме Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Балалар аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады.
- Менің атым Айша, мені анам «қошақаным» деп еркелетеді.
- Менің атым Елжан, мені анам «ботақаным» дейді.
- Менің атым Әмина, маған анам «құлыншағым» дейді.
2.Дидактикалық ойын: «Төлін тап».
Ойын шарты: Тақтаға үй жануарлары ілінеді. Балалар әрбір үй жануарларының қасына өз төлін тауып ілуі тиіс. Ойын осылай жалғаса береді.
3.Дәптермен жұмыс: «Төлдер айтысы» ертегісімен балаларды таныстыру.
- Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты?
- Лақ не айтты?
- Құлын ше?
- Бұзау не деді?
- Қошақан, бота не деді?
- Адам не деп жауап берді?
4.Сергіту сәті: Айналайын торпақ, бола берме қорқақ, Айналайын қозым, малда жуас бозым.
Айналайын ботам, қандай күлте жотаң,
Жалт-жүлт етіп лақ, жағалайсың бұлақ.
(Қимылмен көрсетеді).
5.Дәптермен жүмыс: Жұмбақтың шешуін тап.
Жарысуға дайын, менің қасқа ... (тайым)
Тастан тасқа секірген үзын салпаң қүлақты,
Қойдан маза кетірген, кім біледі ... (лақты)
Моп-момақан өзі, сүп-сүйкімді... ( қозы)
Қорытынды:
- Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?
- Ешкі, қой, сиыр, түйе, жылқының төлдерін ата.
- Малдарды қалай шақырады?.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақша балалар арналған Төлдер айтысы ойыны ойын ойындар балабакша, балабакша ойын турлери балалар, балаларға арналған ойындар, подвижные игры для детей на казахском языке, Төлдер айтысы ойыны

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]