Балабақша сабақ жоспары: Ұшады - ұшпайды ойыны

Балабақша сабақ жоспары: Ұшады - ұшпайды ойыны

Сабақтың тақырыбы: Ұшады - ұшпайды ойыны
Сабақтың мақсаты: заттардың қасиеттеріне қарай талдауға, олардың аттарын атай білуге үйрету. Табиғатта ненің ұшатыны, ненің ұшпайтыны туралы түсіндіру арқылы зейіндері мен ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекіліктер: үй құстарының суреттері, дорбаға салынған ойыншықтар.
Сөздік жұмыс: қаз, үйрек.
Әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің іс-әректі
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Балаларды жартылай шеңберге тұрғызып:
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз,
Жоғары-төмен қараймыз,
Топылдатып басамыз- дей отырып, қимыл-қозғалыстар жасату.
Балалар айтады
Іздену-ұйымдастырушы Үй құстарының суретін көрсетіп, олардың аттарын айтады, қайталатқызады.
-Бұлар- үй құстары. Себебі оларды адамдар күтеді, бағады. Олардың жұмыртқасы, еті- тағам, жүнін жастыққа салады.
-Әтеш қандай?
-Тауықтың түсі қандай?
-Қаздың түсі қандай?
Қаз туралы өлең оқиды.
-Қазым, қазым қаңқылда,
Суда жүзіп салқында!
Жем шашайын жейсің бе?
Кәмпит берші дейсің бе?
-Жоқ, жоқ!
Кәмпит тәтті болмайды, ас
Арпа менен бидай шаш!
«Ұшады- ұшпайды» дидактикалық ойыны:
Шарты: педагог дорбаға салынған ойыншықтарды үстел үстіне шашып қояды. Ішінен біреуін алып:
-Ұшады- ұшпайды?- дейді.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Қолымызды жаямыз.
Құстарға ұқсап,
Ұшып-ұшып аламыз.
Қаз, үйрек сөздерін айтқыздырып, үйретеді.
1. «Топтастыр» дидактикалық ойыны.
2. «Не ұшпайды?» тапсырмасын орындау. Суреттен ұшатын, ұшпайтын заттарды ажыратып, аттарын ататқызу. -Қуыршақ ұшпайды,- деп қолдарын көтермейді.
– Торғай ұшады, деп қолдарын көтереді.
Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Ойыншықтарды бөлек, құстарды бір бөлек топтастырады.
-Үй ұшпайды.
Балалар суретке қызыға қарап, тәрбиешіні тыңдап, қайталайды.
Балалар сұрақтарға жарыса жауап береді.
Балалар қызығып тыңдайды.
Балалар қызығып ойнайды.
Рефлексті - коррекциялаушы Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетінде алған білмдерін бекітеді.
Мадақтау
-Жарайсындар менім балаларым,өте жақсы тілалғыш бала болып өсіп келе жатыр.
Балаларға жұлдызша тарату.
Балалар келген қонақтармен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: табиғатта ұшатын, ұшпайтынын;
Игереді: ұшатын, ұшпайтын заттарды топтастыруды;
Меңгереді: үй құстарының аттарын.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақша балалар арналған Ұшады - ұшпайды ойыны ойын ойындар балабакша, балабакша ойын турлери балалар, балаларға арналған ойындар, подвижные игры для детей на казахском языке, Ұшады - ұшпайды ойыны

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]