Балабақша сабақ жоспары: Біздің сүйікті ойыншықтарымыз ойыны

Балабақша сабақ жоспары: Біздің сүйікті ойыншықтарымыз ойыны

Сабақтың тақырыбы: Біздің сүйікті ойыншықтарымыз ойыны
Сабақтың мақсаты: Балаларды сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту қазақ тіліне деген сүйіспеншілікке баулу,ойыншықтарды күтіп баптауға тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Ұлттық киім киген қуыршақ, сәукеле музыкалық кітапша,ойыншықтар,сиқырлы қорапша.
Сабақ барысы: Балалар залға кіріп,дөңгелене тұрады,қонақтармен амандасады.
Сәлеметсіздерме , қонақтар
Ал енді балалар бір-біріңе қарап жылы көңілмен «сәлем, досым» деп амандасайық,сендер бүгін бәрің де өте әдемісіңдер, енді орындарыңа отырыңдар, қазақ тілі сабағын бастайық
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Дұрыс ,қазір қыс мезгілі?
Ал далада не бар?
Қардың түсі қандай ?
Жақсы балалар біз бүгін қазақ тілі сабағында сендермен сүйікті ойыншықтарымыз туралы әңгімелесеміз..
Біздерде бар қуыршақ
Бұзау қозы құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды
Әмір беріп ұрыссақ.
Өздеріңнің сүйікті ойыншықтарың туралы кім айтып береді?
Алуа: Менде әдемі қуыршақ бар,аты Мадина, Мадинам менің әдемі,мен оны өте жақсы көремін.
Мадияр:Ал менде мәшине бар,ол үлкен ,тез жүреді.
Карина: Менде аю бар,ол жұмсақ, мен аюмен ойнаймын.
Диана :Менде қуыршақ бар, аты Камила, ал үлкен сондай сұлу.
Жақсы балалар ойыншықтарың әдемі екен ,мана жерге отырғызып қойыңдар.
Музыка: Тауық кіреді:
Ко-ко-ко, сәлеметсіңдерме, балапандарым,ко-ко амансыңдар ма,қонақтар
Мұғалім:Сәлеметсің бе,тауық
Балалар бізге қонаққа әдемі тауық келіпті,тауық қандай екен?
Балалардың жауабы.
Тауық: Мен өзімің балапандарымды іздеп жүрмін, көрген жоқсыңдар ма? Балалар:Жоқ-жоқ көрген жоқпыз
Мен балапандарыма деген өлеңім бар еді,енді сендерге айтып берейін.
Шөп,шөп шөжелерім
Шөп, шөп шөжелерім
Мамық жүнді шөжелерім
Нәзік үнді шөжелерім
Көк шалғында жайылым бар
Тез келіңдер ,жайылыңдар
Әй, менің шөжелерім
Әй , менің шөжелерім
Тауық: Ко-ко-ко, келіңдер, балалар келіңдер, дөңгелене тұрып мына әдемі көңілді биді билейік.
Би «Балапандар»
Тауық: Рахмет,балапандарым,мен сендерге жай келген жоқпын,міне мына қорапшаны ала келдім,ол жай емес сиқырлы міне мына таяқшаны тастап кетейін, қорапшаны ашу үшін,сиқырлы сөзді айтасыңдар.
Сау болыңдар
Мұғалім:Балалар қорапта не бар екен көргілерің келе ме, ол үшін біз сиқырлы сөз айтуымыз керек ,кәне бәріміз бірге.
1,2,3 қорапша ашыл.
Қорпашаның бетінде хат бар екен ашып оқып берейін, не туралы жазылған екен бұл хатта.
Құрметті балалар ,сиқырлы қорапта сендерге ойыншықтар бар,ол қандай ойыншықтар сендер өздерің жұмбақ шешу арқылы танып айтып берулерің керек.
*Дөп-дөңгелек әдемі
Лақтырсаң ұшады,секіреді.( доп)
Кәне ашып көрейік,иә шынымен де доп екен, балалар доп қандай фигураға ұқсайды( дөңгелек) , ал түрі қандай ( қызыл)
Доп туралы кім тақпақ оқып береді, мына қызыл допты қолыңа ұста да айта ғой.
Доп-доп
Теп-теп
Әдемі доп
Жоқ ,жоқ
Рахмет балақан,енді доп қалай секіреді екен көрсетші бізге, ал бәріміз де доп сияқты секірейік.
Ал енді сиқырлы қорапшаны тағы да ашайын,балалар мынау не.( мәшине)
Мәшине туралы бізге Илья тақпақ оқып берсін.
Отырамын ролде
Машинам гүрілде,
Жайлауға әжеме
Мен бүгін барамын.
Сергіту сәті. Бала,бала баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамыз да,қаламыз.
Балалар бір дыбыс естілетін сияқты ол не екен
(Аудиозапись) Мяу-мяу-мяу
Достарым қайдасыңдар?
Қандай тамаша мысық та бүгін бізге келіпті ғой. Мысық туралы кім өлең біледі?
Мен мысықпын,мысықпын
Пысықпын, қызықпын мяу-мяу
Әдемі мен мысықпын.
Мысықты орындыққа отырғызып қойайын,қонақ болсын.
Балалар балды қандай аң жақсы көреді?(Аю) міне қараңдаршы аю да келіпті ғой, Таир аю туралы тақпақ оқып беремін дейді.
Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
А деді,Б деді
Р-ға тілі келмеді.
Аюдың жүрісін кзрсетіңдерші.
(Аудиозапись) Мен де бақшаға барғым келеді,достарыммен ән салып,дем алғым келеді,мен кішкентай қуыршақ Сәулемін кішкентай достарыммен танысайын деп едім. Балалар қуыршақ та бар екен , сәлем Сәуле
Сәуле балалармен танысқысы келеді.
Сенің атың кім?
Менің атым …..
Балалар қуыршақ бізге мына сиқырлы кітапшаны ала келіпті ғой ашып көрейін,тамаша дене мүшелері туралы екен.
Д идактикалық ойын: «Кәне-кәне»
Кәне,кәне қолың
Міне,міне қолым
Кәне,кәне басың
Міне,міне басым
Кәне,кәне көзің
Міне,міне көзім
Балалар сендер көп сұрақтарға жауап беріп жақсы жұмыс істедіңдер шаршаған шығарсыңдар жаттығу жасап дем алып алайық.
Қо-қо-қоян
До-до-доп
Қо-қо- қол
Кө-кө-көз
Балалармен ойнап жатқанда терезе ашылады,қараңдаршы қандай әдемі терезе мына алақанды іліп кетіпті,сендерге арналған тілек бар екен, мына алақандарды әдемі етіп бояп іліңдер.
Ойын: «Қуырмаш»
Қуыр-қуыр-қуырмаш
Балапанға бидай шаг
Басбармақ,Балан үйрек
Ортан Терек,сылдыр шүмек
Кішкентай бөбек
Енді үстелге жақындап әркім өз қолының бейнесін әдемілесін де терезеге әкеліп ілсін.
Бүгінгі сабақта өте жақсы жұмыс істедіңдер бәріміз ортаға шығып
«Біз көңілді баламыз» әнін орындап берейік.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақша балалар арналған Біздің сүйікті ойыншықтарымыз ойыны ойын ойындар балабакша, балабакша ойын турлери балалар, балаларға арналған ойындар, подвижные игры для детей на казахском языке, Біздің сүйікті ойыншықтарымыз ойыны

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]