Балабақша сабақ жоспары: Қасқыр мен жеті лақ

Балабақша сабақ жоспары: Қасқыр мен жеті лақ

Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі
Мақсаты: Мазмұнын таныстыру, мәнерлеп оқып беру, сұрақ- жауап арқылы хайуанаттар мінезі, дауыс ырғағы өздеріне тән қасиеттері туралы әңгімелесу. Балалардың сөйлеу, есте сақтау, тілдік қорын дамыту. Балаларға кейіпкерлердің рөлін ойнауды үйрету, сөздерін жаттау.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Қажетті құралдар:Үйдің макеті, лақтар мен қасқырдың бейнелері, бояғыш заттар, құрылыс ойыншығы, магнит тақтасы, бояу, ақ қағаз, қылқаламдар, суқұйғыштар, гуашь құйылған табақшалар, салфеткалар.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
– Балалар, қанеки, саусақ ойынын жүргізейік!
Саусақтарды ашып, жұмайық,
Ертегілерді атап, шығайық!
«Бауырсақ», «Үйшікей», «Шалқан»,
Шаруа-ата өсіріп алған.
«Қасқыр мен жеті лақтар» –
Ең сүйікті қонақтар!
Тәрбиеші:-Балалар, бүгін сендермен әдемі ертегімен танысамыз дегенде, залға тарсылдатып жалмауыз кемпір кіреді.
Жалмауыз кемпір:
- Балалар, сендер осындасыңдар ма? Мен сендерді алып кетуге келдім, қане, бері келіңдер.
Тәрбиеші: Жалмауыз кемпір асықпа,деміңді ал отыр. Бізге бүгін қонақ бол, біздің ертегімізді тамашала,балаларымыздың өнерін көр.
Жалмауыз кемпір:
Көрсем көрейін, егер де ұнамаса онда мына балалардың біреуін алып кетем.
Тәрбиеші:Ертегінің жалпы мазмұнын магнит тақтасы арқылы дауыс ырғағымен түсіндірді. Ертегінің кейіпкерлері туралы балалардан сұрақ-жауап алынды. Ертегіні толықтай түсіну үшін белсенді орталықтары арқылы бөліп ойнатылды.
Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз
Жапырақтай жайқалып
Табиғатты сүйеміз
Денемізді тік ұстап
Билеп-билеп аламыз.
Жалмауыз кемпір:-Балалар, маған ертегі қатты ұнады, мен сендермен дос болайыншы? Енді сендерге тиіспеймін, мені де ертегі әлеміне қосындаршы.
Тәрбиеші:-Балалар қосамыз ба? Жақсы қоссақ, онда сен біздің айтқанымызды істейсің. Балалар, менің қолымдағы гүлдерді алып орталықтарға бөлінеміз
Бейнелеу орталығында: 4 бала қасқырдың бейнесі сызылған суретті бояу арқылы айқындап бояйды.
Құрылыс орталығында: 4 бала лақтарға үй жасап құрастырады.
Әдебиет орталығында: Қалған балалар жалмауыз кемпірмен бірге ертегіні қызыға сахналайды.
Балалар орталықтармен ауыса отырып ертегіні толықтай ашып, кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз екенін өздері түсіндіреді.
Жалмауыз кемпір:-Балалар, мен кетуім керек, барар жерлерім бар енді тағы келуге бола ма? Маған ертегі қатты ұнады, енді мен де өзгерем жаман болмаймын. Сау болыңдар, балалар.
Тәрбиеші: Балалар қоштасамыз.
Сабақты қорытындылау
– Біз бүгін қандай ертегіні? – «Қасқыр мен жеті лақ»
– Сендерге жаңа ертегі ұнады ма?
– Балалардың бүгінгі еңбектерін бағалап, мадақтау......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақшаға Қасқыр мен жеті лақ арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Қасқыр мен жеті лақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]