Балабақша сабақ жоспары: Ол неден жасалған

Балабақша сабақ жоспары: Ол неден жасалған

Тақырыбы: «Ол неден жасалған»
Мақсаты: «Ол неден жасалған» сұрақтар қоя отырып, ойыншықтардың түрлерімен, олардың сапасымен ойнау тәртібімен жолдарымен таныстыру.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу.
Шаттық шеңбері:
-Сәлем, саған күн ,
- Сәлем саған, күн шуағы.
- Сәлем, достар, сәлем достар.
Мотивациялық кезеңі:
Есікті біреу тарсылдатып қоржын әкеледі. Қоржынның ішінде түрлі ойыншықтар болады.
-Оны мақта қыз әкеледі, ойыншықтар неден жасалғанын айтып берулерін сұрайды.
Іздену кезеңі: 1-орталық Экология .Әр баланың көзін жауып үстел үстінде жатқан затты сылап-сипау әдісімен қандай ойыншық, неден жасалғанын айтқызу, ойыншықтарды сындырмауға баулу.
2-орталық Көркем әдебиет. Балалар ойыншықтарды құшақтап, бауырларына басып өлең, тақпақтардың айтады.
Көрініс: «Мақта қыздың достары »әңгімесін сахналау. Ортаға Мақта қыз шығады. Ағаш мата, темір, қағаз оның досы болуға таласады.
Темір: -Мен мықтымын, менен жасалған ойыншық сынбайды. Мақта қыздың досы болуға мен лайықпын.
Ағаш: Жоқ, мен Мақта қыздың досы болуым керек, өйткені, мен жеңілмін, менен жеңіл , әрі қолайлы ойыншық жасауға болады.
Мата: - Тоқтаңдар, мен матамын менен Мақта қыз өзіне, қуыршағына көйлек тігіп, алады.
Қағаз: - Қойыңдар, дауласпаңдар, барлықтарың маған керексіңдер сондықтан, келіндер «Достық» өлеңін айтайық.
- Біздің топта ұл- қыздар ,
- Тату –тәтті ойнаймыз.
- Әлемдегі бар адамға,
- Тек жақсылық сыйлаймыз.
3.Сурет салу орталығы. Ойыншық салынған суреттерді бояу.
Қорытынды кезеңі: Әр баланың сүйікті ойыншығы қандай, ол неден жасалғанын әңгімелету. Сұрақтар қою арқылы тілдік қорын молайту. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақшаға Ол неден жасалған арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Ол неден жасалған

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]