Балабақша сабақ жоспары: 5 санының құрамы

Балабақша сабақ жоспары: 5 санының құрамы

Мақсаты: Көлемі бойынша заттарды салыстыруға жаттықтыру және ұзынырақ, қысқалау сөздерін қолдану.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап,ойын арқылы.
Шаттық шеңбері: Армысың, алтын күн,
Армысың, асыл жер,
Армысың, жан досым.
Жылуыма, жылу қос,
Міне, менің қолым.
Мотивациялық кезеңі: Есік қағылып, хат әкеледі. Оның ішінде Мақта қыз, балалардан бес санының құрамын тауып берулерін сұрайды.
Іздену кезеңі: Балаларды бес санының құрамымен таныстыру үшін, оларды сандар әлеміне саяхатқа шақырады. Балаларды шеңбер бойымен поезд етіп, айналу.
1-ші аялдама:Бір саны- бір қой, бір қызанақ, бір Біржан, бір Мадина ...
2-ші аялдама:Екі саны- екі жылқы, екі саңырауқұлақ, екі Нұрай, екі Ерасыл...
3-ші аялдама: Үш саны-үш аю, үш сиыр, үш алма...
4-ші аялдама: Төрт саны-төрт ешкі, төрт алмұрт, төрт гүл...
5-ші аялдама: Бес саны- бес түйе, бес саусақ, бес орындық...
Салыстыру. Мысалы:1- сұрақ.Төрт үшбұрыш көп па, әлде екі тіктөртбұрыш көп пе? 2-сұрақ. Бес алма көп пе, әлде үш алмұрт көп пе?...
Сергіту сәті: Оң қолымда, бес саусақ,
Сол қолымда, бес саусақ,
Беске- бесті қосқанда,
Болып шықты, он саусақ.
Орталықтарға бөлу: 1-ші орталық, Тіл дамыту.
Санамақ санау: Бір дегенім- білеу,
Екі дегенім- егеу,
Үш дегенім- үзік,
Төрт дегенім- төсек,
Бес дегенім- бесік.
2-ші орталық, Театр дидактикалық ойын орталығы.
«Бауырсақ» ертегісін сахналау. Бауырсақ алдынан кездескен аңдарды санау: кірпі, қоян, қасқыр, аю, түлкі.
Сонымен, бауырсақ алдынае бес аң кездесті деп, қорытындылау.
3-ші орталық, Сурет салу. Берілген суреттерді түсіне қарай ажыратып бояу, санап беру.
Қорытынды кезеңі: Сабақ барысын қайталау. Балаларды мақтап, мадақтау. Бағалау ретінде, жұлдызшалар тарату. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақшаға 5 санының құрамы арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, 5 санының құрамы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]