Балабақша сабақ жоспары: Жабайы жануарлардың тіршілік мекені

Балабақша сабақ жоспары: Жабайы жануарлардың тіршілік мекені

Тақырыбы: "Біз көңілді балдырған! Балабақша әлемі".
Мақсаты: Адамгершілік қағидаларына тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Көрнекіліктер: Елбасының портреті , ҚР-ның рәміздері, "Балдаурен" балабақшасының суреті. Желім, ақ қағаз, сабаққа байланысты суреттер.
Шаттық шеңбері: Аспанымыз ашық болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Деніміз сау болсын!
Достарымыз аман болсын!
-Біз қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?
-Қазақстанда
-Дұрыс айтасыңдар, кең байтақ, бай өлке Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз.
-Қандай рәміздерді білесіңдер?
-Елтаңба, Әнұран, Ту.
Күміс күннің астында,
Желбірейді туымыз.
Қазақ деген халықтың,
Ұлы менен қызымыз.
Көк байрағы-бабамның,
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі - әке баланың,
Қазақстан жалауы.
-Балалар,біздің Қазақстанның елбасшысы кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
-Отанымыздың бас қаласы қалай аталады?
-Астана
Елордам менің Астанам,
Осында жаңа бастама.
Сәулетті зәулім үйлер көп,
Көрікті сондай жас қала.
-Балалар, біз таңертең қайда келеміз?
-Балабақшаға
-Ал балабақшада не істейсіңдер?
-Ойнаймыз, тамақ ішеміз, сабақ оқимыз
-Дұрыс айтасыңдар. Сендер осы балабақшада өсіп, өніп, жақсы тәлім-тәрбие алып жатырсыңдар.
-Сендерге балабақшада ұнай ма?
-Иә, ұнайды
-Олай болса, осы балабақша туралы кім тақпақтар айтады?
Арслан: Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәрімізде баламыз.
Бір ауылда тұрамыз,
Біз бақытты баламыз.
Архат: Болашаққа қол созып,
Үмітпен отты жандырған.
Ел сенімін ақтайтын,
Біз бақытты балдырған.
Даяна: Өнер білім жол қуып,
Біліммен қамал салдырған.
Азаматы ертеңнің,
Біз бақытты балдырған.
-Жарайсыңдар, балалар!
-Балалар, балабақшада қандай ойындар ойнаймыз?
-"Ақ серек-көк серек", "Мысық пен тышқан", т.б.
-Балаларды залға шығарып, "Мысық пен тышқан" ойынын ойнату.
-Бізде балабақшада қандай ойыншықтар бар?
-Машина, қуыршақ, балапан, поезд, құрастыру.
-Ал енді осы ойыншықтардың суреттерін ақ қағазға жапсырамыз.
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп, алайық,
Қалтамызға салайық.
Қорытынды: -Балалар, біз қандай ойын ойнадық?
-"Мысық пен тышқан"
-Сабақта не жапсырдық?
-Ойыншықтар
Балалардың еңбек нәтижесін мадақтау......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақшаға Біз көңілді балдырған арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Біз көңілді балдырған

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]