Балабақша сабақ жоспары: ТАБИҒАТ ӘЛЕМІ

Балабақша сабақ жоспары: ТАБИҒАТ ӘЛЕМІ

Тақырыбы: «Табиғат әлемі»

Мақсаты: Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге , табиғат байлығын ,сұлулығын сезіне білуге сурет көрінісін әңгімелеп, бейнелей білуге үйрету.

Көрнекіліктер: Табиғатқа байланысты суреттер, жылдың төрт мезгілі.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру,оқу , әңгімелеу.

Тәрбиешінің оқу қызметі:

-Балалар көңіл күйлерің қалай ?

Жылулық шеңберіне тұрып, жылы сөздер айту.

-Балалар, қуанышымызды бір-бірімізге жеткізейік.



Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжуді білмейміз

Қуанамын менде

Қуанасын сенде

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

Балалар тәриешінің көмегімен өлең жолдарын бірге қайталап , қимылмен көрсетеді.

Жарайсыңдар балалар енді бәріміз күнге қарайықшы

-Күнбізге не береді?

Сәуле ,жарық , жылубереді

Олайболсакүнменамандасыпалайық.

Сәндетіпдаламыз

Сәулеттіқаламыз

Сәлемкүнанамыз!

-Алдыменбалалар мен сендергетабиғатәлемінебайланыстыжұмбақтаржасырайын. Осы жұмбақтардыңжауабыбіздіңжаңаашық оқуқызметімізге байланысты.

Бірзат бар дүниедеқұшағыкең
Ұшқанқұс, жүйрігеноқбәрінетең

Адамзат, жанжануарсоныңарқасында

Мәңгілікөсіпөнеген. (Жер)

Таңменкөзінашады
Әлемнұрыншашады

(Күн)

-Балаларадамдаркүнніңжарығыжәнежылуынсызөмірсүреалама?

-Алжануарлар мен өсімдіктерше?

-Әринежоқжербетіндегібарлықтіршілікиелерінесәуле, жарық,жылуөтеқажетбалалар.



Дәмідежоқ, түсідежоқ
Пайдаланбаскісідежоқ.

(ауа)

-Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Ал ауасыз тіршілік етуге болама?

-Жоқ өмір сүре алмайды.

-Жан-жануарларғада, адамдарғада күннің сәулесі өте қажет

Жарайсыңдар балалар

Жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар?

-Балалар бүгінгі біздің ашық оқу қызметіміздің тақырыбы «Табиғат әлемі» деп аталады.

-Ендеше біздер бүгін осы бізге өмір сыйлаған , қоршаған орта табиғат туралы сыр шертеміз.

-Алдымен мен сендерге Н.Жанаев атамыздың «Табиғат анамыз» деген өлең жолдарын оқып берейін.

Табиғат ол анамыз

Табиғатқа баламыз

Құшағында ойнаймыз

Шаттық әнге саламыз

Өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

Өлеңде не туралы айтылған?

-Табиғат екіге бөлінеді

-Өлі табиғат жәнетірі табиғат

Балалар қоректенбейтін , тыныс алмайтын, ештеңені сезбейтін, өспейтін нәрселерді біздер өлі табиғатқа жатқызамыз. Өлі табиғатқа ауа,су, күн, жер, тау, тастар жатады. Ал тірі табиғатқа жаны бар заттар жатқызамыз. Тірі табиғатқа адамдар, жануарлар, өсімдіктер жатады. Табиғаттың төрт жыл мезгілдері бар. Ертегі тыңдау:«Жыл мезгілдері».

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде Ақ жайықтың жағасында еліне елеулі, халқына қалаулы, жыл ақсақалы өмір сүріпті. Сол жыл ақсақалының төрт немере қыз бар екен. Олардың ай десе аузы, күндей жарқыраған көзідері бар екен. Дүниенің сұлулығын өздеріне дартқан сұлу қыздар болыпты. Үлкен немере қызының аты «Көктем». Ол ақ жарқын мінезі нәзік. Екінші немере қызының «Жаз» жарқырап, әр уақытта күлімдеп, нұрын шашып жүреді екен. Үшінші қыз «Күз» басқа қыздарына қарағандажылауық, жаңбырлыболады, бірақ ашық мырза екен.Ал ең кіші қызы «Қыс» алдыңдағы үш қызға қарағанда салқын қатал, ызғарлы болыпты. Қыздар бой жетіп, саналы да салмақты қыз болып өсіпті. Немере қыздарын Жыл ақсақалы шақырыпты. –Қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Енді мен сендерге үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер- деп, немере қыздарына сынай қарапты. Қыздар дайынбыз қандай тапсырмаңыз бар дейді қыздар.Жыл ақсақалы оларға риза болады. – Ендеше, мен сендерге он екі айды үш-үштен теңдей бөліп, енші бергім келіп отыр, — дейді Жыл ақсақалы. Мына әр қағазға ай аттары жазылған, әрқайсысың үш-үштен алатың болыңдар, — депораулы он екі қағазды шашып тастайды… Қыздар шашылған қағаздарды таласып – тармасып алып алады. – Сонымен сендер кезекпен үш ай жұмыс істейтін боласыңдар. Ал жолдарын болсын! Бірақ бір ескертерім, әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет ететіндеріңді ұмытпаңдар,- дейді де Жыл ақсақалы кетуге ыңғайланады. Содан бері жылдың төрт мезгілі- көктем, жаз, күз, қыс адамдарға қалтқысыз қызмет етумен келеді. Балалар ертегіні зейін қойып тыңдайды.Суретпен жұмыс.Қай мезгіл деп ойлайсыңдар? Қыс мезгілі. Жарайсыңдар балалар қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе. Қар жауады, аяз болып, боран соғады. Қыс туралы тақпақ білеміз ба. –Иә Қандай суық қыс деген.Қалтырайды құс деген. Құлақшынды кимесен. Құлағынды тістеген. -Қыс мезгілінде неше ай бар. Үш ай бар. Аттарың айтайықшы Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан. «Желтоқсан- жылдың аяғы, қыстың басы суық, ызғарлы». «Қаңтар- жылдың басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты аяз болады». «Ақпан- жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық,дүлей боран соғады». Балалар, қыс сөзін үш тілде айтып көрейікші: қыс-зима- Қыс айында қандай ойындар ойнайсыңдар. Қар лақтырып, шанамен сырғынап тебеміз, аққала жасаймыз. -Балалар мынаненің суреті?-Аққала. — Аққала неден жасалады?-Қардан. -Қардың түсі қандай?-Ақ. -Қар мұздай ма, жылы ма? -Мұздай. -Аққала неше бөліктен тұрады? — Үш бөліктен тұрады.-Оның бөліктерінің пішіндері қандай? Дөңгелек.-Аққала сөзін үш тілде айтып көрейікші: аққала-снеговит-Шығармашылық жұмыс: Аққала жасау.

Енді балалар кішкене бір бойымызды жазып,сергітіп алайық. Сергіту сәті: Аққала әні.

Рефлексивті коррекциялауышы: балалар біздер бүгін қандай тақырыпта сыр шерттік , таныстық. Табиғат туралы, қыс туралы таныстық. Сұрақ-жауап арқылы балаларды қорыту. 1. Табиғат қанша бөліктен тұрады? — Екі бөліктен тұрады. 2. Өлі және тірі табиғатқа нелер жатады? –Өлі табиғатқа ауа, су, күн, жер, тау, тастар жатады. –Тірі табиғатқа адамдар, жануарлар, өсімдіктер жатады. 3. Бір жылда неше мезгіл бар? –төрт мезгіл бар Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің соңында балаларға смайлкті сыйға тартылады. «Қыс» әнін айту.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Табиғатты қорғап, оны аялау керектігін

Түсінеді: Жер бетінде қай адам баласы болсын мейлі жан-жануар болсын, өсімдік болсын қай затқада ауасыз, күнсіз, сусыз, тіршілік жоқ екенін

Қолдана алады:Ойындарға қызығушылықпен қатысады. Аққала жасай алады......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақшаға ТАБИҒАТ ӘЛЕМІ арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, ТАБИҒАТ ӘЛЕМІ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]