Балабақша сабақ жоспары: Жадырайық жайнайық жылы лебізімізді сыйлайық

Балабақша сабақ жоспары: Жадырайық жайнайық жылы лебізімізді сыйлайық

Тақырыбы: «Жадырайық, жайнайық, жылы лебізімізді сыйлайық» тренингі
Тренингтің мақсаты: Ата - аналардың қарым - қатынасын жақсарту. Балабақша мен ата - аналар байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата - анамен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту.
Қатысушылар: ата - аналар
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар! Мен бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Сіздерді құрметпен тренингке қатысуға шақырамын. Бүгінгі тренингімізді бастамас бұрын тренингіміздің ережесімен танысып алайық.
Тренингтің ережесі:
1. Белсенді қатысу
2. Тыныштық сақтау
3. Бірін - бірі тыңдау
4. Ойын ашық айту
5. Бірін - бірі сынамау
1 - жаттығу «Танысу» тренингі
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Жұмысымызды таныстықтан бастаймыз. Әркім өз есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын өзіңнің үш қасиетін және өз есімін кезекпен айтады.
2 - жаттығу «Сиқырлы қобдиша»
Мақсаты: Қатысушылар арасында жағымды қарым - қатынас тудыру.
Нұсқау: Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Қатысушылар кезекпен, қобдишаның ішінен сыйлықтарды алып шығады. Сыйлықтар – әр түрлі көңіл - күй күлкілер (смайлдар) бар тілектер. Әртүрлі күлкілі эмоцияларды қатысушылар алып, керісінше бетіндегі жылы лебіздерді оқып, қалаған қатысушыға береді.
3 - жаттығу «Қар қиыршықтары»
Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз де, оң бұрышын жыртып аламыз. Тағы да бүктейміз де оң жақ бұрышын жыртып аламыз. Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз.
Талдау:
- Кімде бірдей қар қиындысы шықты?
- Жоқ, Себебі неде деп ойлайсыңдар?
- Неге бәрімізде бірдей ақ қағаз және бірдей әрекет жасасақ та қар қиыршықтары басқаша шықты деп ойлайсыңдар?
- Психолог сөзі: Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, біздер әр түрлі адамдармыз, әр түрлі қимылдаймыз. Ал балаларымызға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, әрқайсысының ойлауы, дүниетануы көзқарасы бәрі де әр түрлі.
4. Байлаулы бала (ата - аналарға жағдаят көрсету)

5 - жаттығу «Жылы сөз, жанға шипа»
Нұсқау: біз балаларымызбен күнделікті қарапайым мейірімге толы қарым - қатынас арқылы жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Балалардың жан - дүниесін жылытатын сөзді қолданамыз ба? Орыс халқының қолдануында 59 жылы сөз бар екені анықталған. Ал қазақ халқында одан да көп, бірақ соны жиі қолданамыз ба? (қозым, құлыным, ботам, жұлдызым, жарығым.....)
Ата - аналарға кеңес
Баланы өте жақсы көру үшін күнде құшақтап тұру керек.
Өте жақсы өмір сүру үшін күніне 4 рет құшақтап тұру керек.
Дені сау болу үшін күніне 8 рет, өсу үшін күніне 12 рет құшақтап тұру керек.
Қорытынды.
Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екен. Бала тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Олай болса, балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық.
6 - жаттығу.«Жүректен шыққан жылы сөз»
Тренинг сіздерге ұнады ма? Қандай әсер алдыңыздар? Жүрекше стикерге жазу.
Қатысушылар тренингтен алған әсерлерін жүрекшелерге жазып, үлкен жүрекшеге орналастырады.
«Жүректен шыққан жылы сөз, жүрекке жол табады» деген Ә. Науаи.
7. Қорытынды.
Адам өмірінде екі нәрсе ұмтылмайды екен. Біріншісі - қайырымды ісі, екіншісі жүректен шыққан жылы сөз .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақшаға Жадырайық жайнайық жылы лебізімізді сыйлайық арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Жадырайық жайнайық жылы лебізімізді сыйлайық

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]