Балабақша сабақ жоспары: Қыс көңілді тамаша
Интеграцияланған ашық оқу қызметінің конспектісі.
3 - 4 жас «Күншуақ» тобы
Ашық сабақ.
Білім беру саласы: Таным, коммуникация, шығармашылық.
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу. Экология негіздері. Сөйлеуді дамыту. Музыка.
Тақырыбы: Қыс көңілді тамаша!
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру. Қыс мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру. Қыстап қалатын құстар туралы әңгімелесу.
Табиғатқа, құстарға деген қызығушылықтарын арттырып, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ағаштар, құстар, шелек, қар, қара, қызыл қалташалар, слайд.
(Сабақтың басталу барысында шелекке қар салып, топтың ішіне қояды. Сабақтың соңында балаларға еріген қарды көрсетіп, қарды жеуге болмайтындығын оның кір екендігін түсіндіреді.)
Сабақтың барысы:
Балалар келген қонақтармен сәлемдеседі.
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Құрметті қонақтар қош келдіңіздер!
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші: - Балалар, бүгін бізде қоршаған ортамен танысу сабағы.
Балалар сабаққа қандай көңіл - күймен келдіңдер.
Балалардың жауабы: (Тамаша)
- Иә балалар көңіл - күйлерің тамаша. Ендеше балалар
ерекше сабақ болайын деп тұр, өйткені бүгінгі сабақта біз сендермен орманға
саяхатқа аттанайық. Орманға тез, әрі көңілді жету үшін ән айтып барайық.
Тәрбиеші: - Міне, балалар, орманға да келіп жеттік.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?(қыс)
- Қыс мезгілінде неше ай бар?(Балалардың жауабы)
- Қазір қай ай?
Балалар: Ақпан айы.
- Ауа райы қандай?(суық)
- Жерде не жатыр?(қар)
- Айналаға қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Қар басқан ағаштарды, шыршаларды, қыстайтын құстарды.
- Қыс қандай болады? (қарлы, боранды, аязды)
Қазір қыстың соңғы айы. Балалар сендер қыс туралы тақпақ білесіңдер ме?
(Балалардың жауабы)
Бауыржан
Жапалақтап әппақ қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Інжу
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып - жылтыр боп жатады.
Ерасыл
Балалар шықты далаға,
Ойнап, күліп жүр енді.
Шаналармен озады,
Аққаланы соғады.
Ярослав
Снежок порхает, кружится,
На улице тепло.
И превратились лужицы,
В холодное стекло.
Макар
Под голубыми небесами,
Великолепными коврами.
Блестя на солнце, снег лежит,
Прозрачный лес один чернеет,
И ель сквозь иней зеленеет,
И речка подо льдом блестит.
Диана
Қыс қызығын көреміз.
Сары аязда шыңдалып,
Жұмыр болып денеміз.
Аппақ, аппақ дала,
Аппақ ауыл қала.
Жапалақтап ақша қар,
Жауа берсін жауа,
Көңіліміз қаласа.
Сыртқа шығып далада,
Қар атысып ойнаймыз,
Қыстыгүні тамаша, тамаша.
Осы кезде құстардың дауысы шығады. (Әуен қойылады)
Тәрбиеші: - Мынау не, балалар? (құстар).
- Қыста аулада қай құсты кездестіруге болады?
Құстар аз көрінеді, қыстап қалған құстар ғана. Олар: ала қарғалар, торғайлар, сауысқандар, суық торғайлар. Бұл құстарға қыста қорек табу өте қиын. Олар аңдардың ізіндегі қардан ашылған шөптің дәнін теріп жейді. Ағаш бүршігімен, кепкен жеміс - жидекпен қоректенеді.
- Ал, қалған құстар қайда? (олар жылы жаққа ұшып кеткен).
- Ал, құстар орманға қандай пайда келтіреді? (ағаштарды құрт - құмырсқадан тазартады).
- Құстар туралы тақпақ білесіңдер ме?
Алиман
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Арайлым
Қарға, қарға, қарғалар.
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қор болар.
Бұтаға келіп қорғалар.
Осыдан кейін қоян кіріп келеді
Қоян: - Сендер кімсіңдер? Орманда не істеп жүрсіңдер
Тәрбиеші: Бұл «Күншуақ» тобының балалары. Біз орманға саяхатқа келдік.
Қоян: Мен кіммін таныдыңдар ма?. Біз орман тұрғындары келген қонақтарға ризамыз. Онда мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ:
1) Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады. (Қар)
2) Суға батпайды, отқа жанбайды. (мұз)
3) Ақ көбелек қонды,
Құстарда енді тоңды. (Қар)
4) Қонып алға жарға,
Қарқылдайды (қарға)
Жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Енді менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр: Ойын «Жақсы - жаман»
Балалар, мен сендерге суреттер алып келдім. Сол суреттер бойынша сөйлесейік. Жаман әдеттерді қара қалтаға саламыз. Жақсы әдеттерді қызыл қалташаларға саламыз.
Мына суретке қараймыз, не көріп тұрмыз? Балалар таза ауада ойнап жүр. Бұл балалар қандай балалар?
Жақсы, онда Дарина қай қалтаға салады екенін көрейік.
Екінші суретке қарайық. Не көріп тұрмыз?
Бала далада мұз жеп жатыр. Бұл қандай бала?
Інжу қандай қалтаға салады екен.
Ендігі суретте не көріп отырсыңдар?
Бұл суретте бала құсты рогаткамен атып жатыр. Бұл қандай бала? жаман бала.
Ал, мына суретте не көріп тұрсыңдар? Бала құстарға ұя жасап, талға іліп қойды. Қандай бала?
Жақсы. Қалташаға салайық.
Қоян: Ақылды балалар екенсіңдер. Мен сендерге ризамын!
Қостілділік компонент: Қар - снег, қыс - зима, құстар - птицы, орман - лес.
(Балалар қайталайды)
Тәрбиеші:- Сендерге бүгінгі орманға жасаған саяхатымыз ұнадыма ма?
- Осы ормандағы құстарды, аңдарды қорғайтын сендерсіңдер. Ел байлығы - жер байлығы. Осы байлығымызды аялайық.
- Қоян, бізді жақсы қарсы алғанына рахмет. Біздің балабақшамызға қайтатын уақытымыз келді.
Қоян: Сау болыңдар, балалар! Онда менде өз үйіме қайтайын.
Тәрбиеші:
- Балабақшамызға тез әрі, көңілді қайту үшін әніміздің жалғасын айтып барайық.
Балалар әуенмен топқа оралады
Тәрбиеші: Балалар, сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? Орманда не көрдік? Қысқы орманды, қыстайтын құстарды көрдік.
Ал, енді балалар қыстайтын құстарды құрастырайық.
(Балалар құстарды құрастырады).
Сергіту сәті:
Көңілді күн.
- Балалар сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс жасадыңдар.
Қазір мен сендерге балалар бүгінгі ашық сабағымызға арнап тосын сый дайындадым, слайдты тамашалау. Тосын сый ұнады ма?
Тәрбиеші:
Ал балалар олай болса мен сендерге сұрақтар қоямын.
Көңіл - күйіміз қандай? Тамаша!
Қыс мезгілі қандай? Тамаша!.
Ауа райы қандай? Тамаша!
Бүгінгі сабағымыз қандай? Тамаша!
Келген қонақтарымыз қандай? Тамаша!
Көңіл күйіміз қандай? Тамаша!
Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық!
(бәрі бірге)
Біз сіздермен бірге болғанымызға қуаныштымыз.
Біз сіздерге сәттілік тілейміз!
Біз сіздерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаймыз!
– деп сабаққа келген қонақтарға.
Кел балалар тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық!
Шашубай кентіндегі «Мектеп – балабақша кешені»
базасындағы Тірек мектебі(ресурстық орталық)»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Балдырған» балабақшасының екінші санатты тәрбиешісі
Тубитаева Лязат Мырзакасымовна .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: