Балабақша сабақ жоспары: Сәукеле
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация
Тақырыбы: Қалыңдықтың бас киімі - сәукеле.
Мақсаты: Сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру, қиюдың түрлі тәсілдерін сәндік қолтаңбалы өнер элементтерін жапсыруда қолдана білуді үйрету, саусақ қимылдарын дамыту. Қағазды қатпарлау, бүктеп қию әдістерін үйренуді жалғастыру. Ою атауларын еске түсіру, геометриялық пішіндерді қию ептіліктерін дамыту. Ұлттық өнерді, ұлттық киімдерді қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Ұлттық киімдер слайдтан көрсету, сәукеленің түрлері.
Қажетті құрал жабдықтар: Түрлі - түсті қағаздар, қайшы, желім, қылқалам.
Алдын - ала орындалатын жұмыс: Әңгімелесу, таныстыру, көрсету.
Жаңа сөз: «Сәукеле - сау келеді».
Оқу қызмет кезеңі Педагогтың қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық - қозғаушылық Балалар, келген қонақтармен үш тілде амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Біз, қандаймыз, қандаймыз
Шұғылылы таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз,
Ренжісуді білмейміз!
Біз доспыз, бауырмыз,
Біз бақытты баламыз! Балалар үш тілде амандасады.
Іс - қимылмен қайталайды.
Ұйымдастырушылық - ізденістік Сұрақтар қою.
- Балалар біз қай Республикада тұрамыз?
- Біздің ұлтымыз кім?
Өте жақсы, осы қазақ ұлтының өзіндік ұлттық салт - дәстүрлері, ұлттық ойындары және ұлттық киімдері бар. Ұлттық киімдерге: (балалардың назарын экранға аудару) тымақ, камзол, ішік, шапан, бөрік, тақия, бешпет, сәукеле, жеңсіз, саптама етік жатады. Бұлардың барлығын ата - бабаларымыз киген, қазір де үлкен той жиындарда ата - әжелеріміз киіп жүр. Бұл киімдердің барлығы да түрлі ою - өрнектермен безендірілген, осы ою - өрнектердің түрлі аттары бар, олар: қошқар мүйіз, құс қанаты, ботакөз, ботамойын, ирексу, тарақ және де геометриялық пішінде де оюлар болады.
Қазақ халқы ешқашан жалаңбас жүрмеген. Ер адамдар мен әйел адамдар өздеріне сай бас киім киген. Бас киім қыста аяздан, ал жазда күннің ыстығынан қорғайды екен. Бас киімді екі түрге бөлген: ер балалар және қыз балалар, соның ішінде қыз балалар киетін және қыз балалар қалыңдық болғанда киетін баскиім - сәукеле жөнінде айтайын. «Сәукеле - сау келеді» деген мағынаны білдіреді. Сәукеле әйелдер бас киімі ішіндегі ең әшекейлісі екен. Сәукеле - өте ерте заманнан келе жатқан киелі бас киім. Оның биіктігі - 70см дейін жетеді, пішіні де ерекше.
Сергіту сәті: Ал, балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық,
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық,
Уықтарша иіліп,
Киіз үйді құрайық.
Тосын сәт: Көмек сұрап қонақ келеді.
- Балалар, қандай геометриялық пішіндерді білеміз?
- Аппликация жасау үшін бізге не қажет?
- Сәукеленің аппликациясын жасау үшін, алдымен бүктеу әдісі бойынша қағазды ұзыннан дәл ортасынан бүктеп аламыз, осы сызық арқылы жоғарғы және оған қиғаш төменгі бөлігін бүктейміз. Осы бүктелген сызық бойынша сызықтың дәл үстінен қиып аламыз. Ортасын ашамыз, қандай пішін шықты?
Ақ қағаздың қиындысынан үкі жасаймыз, ол үшін қағазды ұзынша, жіңішкелеп қиып аламыз. Қиған қиындыларымызды сәукелеміздің ең жоғарғы ұшына қылқаламмен желімді жағу арқылы жапсырамыз. Үкінің де өзіндік ерекшелігі, қасиеті бар, ол жамандықтан, тіл көзден қорғайды. Сәукелеміз әдемі, әрі тартымды болу үшін, өткен оқу қызметіміздегі «құс қанаты» оюын қиып жапсырамыз. Желімді қылқаламның көмегімен сәукелеге жағып үстіне шымшу арқылы ұнтақ жылтырақтарды себеміз және алдымыздағы түрлі - түсті қағаз қиындыларынан ұсақтап түрлі геометриялық пішіндерден қиып әшекейлеп жапсырамыз. (Үлгіден қарап немесе өз қалауларың бойынша безендіруге болады.)
Балалар, қане жұмыс жасауға кірісейік.
Балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтауын және бүктеп қию әдісін қолданатынын ескерту.
Саусаққа арналған жаттығулар:
1. Саусақпен қамырды, ермексазды, сазбалшықты бөлу.
2. Әр саусақпен кезектесіп моншақты домалату.
3. Қоңырау сағатты, ойыншықтың кілтін бұрау.
4. Бормен, субояқпен, қылқаламмен ауаға сурет салу.
5. Қайшымен қию.
Балалар жұмыс жасап отырған кезде қосымша түсіндіру. Балаларға көмектесу, жеке жұмыс жүргізу.
Дидактикалық ойын: « Артығын тап»
Шарты: Балаларға ойын шартын түсіндіру.
- Қазақстан Республикасында.
- Ұлтымыз қазақ.
Балалар педагогты тыңдайды
Қайталайды
Сергіту сәтін іс - қимылмен қайталайды.
Балалар қонаққа тақпақ айтып береді, көмектесетіндерін айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
- Үшбұрыш пішіні шықты.
Балалар жұмысқа кіріседі.
Саусаққа арналған жаттығуларды орындайды.
Ойынды қызыға ойнайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Балаларға сұрақтар қою.
- Бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?
Балаларды мадақтау. олай болса жасаған сәукелемізді топқа апарып үріп кептірейік.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ұлттық киімдер туралы, ерекшеліктерін. Игереді: Жұмыс барысында бір - бірімен дұрыс қатынас жасауды. Меңгереді: Ұлттық бас киім ерекшелігін, сәукелені әдемі етіп жасауды......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: