Балабақша сабақ жоспары: Бір –көп Ортақ белгілеріне қарай заттарды топтастыру және топтап белгілі заттарды бөлу
Мақсаты:
а) цифр мен заттың санын сәйкестендіруді жалғастыру;
ә) математикалық жұмбақтар шешу;
б) балалардың зейінін дамыту;
Оқу іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру
(талпындыру) Амандасу
Амансың ба алтын күн!
Амансың ба көк аспан!
Амансың ба достарым!
Амансыздар ма қонақтар!
Сабағымызды бастайық
Жамандықты тастайық.
Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру - Жарайсыңдар! - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
Қызықты сәт: Ренжіп Дара кіреді.
- Дара, сәлеметсің бе, қайдан жүрсің?
Дара: Кеше мен Ботимен ренжісіп үйден шығып кетіп едім, енді жаңбырға әбден жаурап қалдым, оның үстіне қолшатырым да тесіліп қалды.
Дидактикалық ойын: «Тесік қолшатыр»
- Балалар, Дараның қолшатырын жөндеп, әдемілеп берейік. Ол үшін үстел жанына жақындайық.
- Балалар қандай пішіндер жапсырдыңдар?
Дара: Ой, рахмет! Қолшатырым бүтінделіп, әдеміленіп қалыпты.
Дара: Ой балалар мен жолда келе жатып мына бір қорапша тауып алдым ішінде не бар екенін білмеймін.
- Қорапшада не бар, көрейік. Балалар, бұл математика ханшайымының қорапшасы екен, мұның ішінде бізге тапсырма берілген екен.
1 - тапсырма: «Математикалық жұмбақтар»
- Үш мысықтың құйрығы нешеу?
- Қоянның құйрығы нешеу?
- Екі балада неше құлақ бар?
- Бес сиырдың басы нешеу?
2 - тапсырма:
Дидактикалық ойын «Цифрды тап»
Мақсаты: Балалар атаған цифрларды табады да, оны айналдырып сызады.
Карточкамен жұмыс
- Суретте неше дөңгелек бар? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
- Үшбұрыш нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
- Сопақша нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
- Шаршы нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
Сергіту сәті: «Аңқайма, қайтала»
Қане, достым, аңқайма,
Менен кейін қайтала.
Барша қимыл үш – үштен:
Көзіңді қыс үш рет: 1, 2, 3
Басыңды еңкейт үш рет: 1, 2, 3
Иықты көтер үш рет: 1, 2, 3
Солға – оңға иіл үш рет: 1, 2, 3
Орныңда секір үш рет: 1, 2, 3
Ентігімізді басамыз және орнымызға отырамыз.
Математика әлемінің есігі ашылып, алдарынан математика ханшайымы шығады.
Математика ханшайымы: Қош келдіңдер! Сендер менің жіберген тапсырмамды орындадыңдар. Көп нәрсе білетіндеріңді мен мына «сиқырлы таяқшам» арқылы біліп отырмын.
- Жарайсыңдар балалар, бәрің де тапсырманы орындап, тамаша жауап бердіңдер.
- Күз
3 ай бар. Қыркүйек, қазан, қараша
Балалар үстел жанына жақындап түрлі - түсті қағаздардан жасалған «қолшатырға» үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш пішінді қағаз қиындыларын жапсырады.
Үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш.
- үш мысықтың құйрығы үшеу
Қоянның құйрығы біреу
Екі балада төрт құлақ бар
Бес сиырдың басы бесеу
Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы орындайды.
Балалар сергіту сәтін қимыл іс әрекетпен орындайды. Және бірнеше рет қайталайды.
Рефлексия (орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою)
Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: 1 - ден 5 - ке дейінгі цифрларды;
Қандай тапсырманы игереді: цифрлар туралы түсініктерді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады: бір – көп. Ортақ белгілеріне қарай заттарды топтастыру және топтап белгілі заттарды бөлуді......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: