Балабақша сабақ жоспары: Жемістер

Балабақша сабақ жоспары: Жемістер

Мақсаты: Жемістер туралы түсініктерін кеңейту. Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу. Коммуникативтік дағдыларын дамыту. Жемістерді атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жемістердің суреттері, муляж.
Сөздік жұмыс: жеміс, алма, шие, өрік.
Қостілділік компонент: алма – яблоко.
Ұйымдастыру - қозғаушы қызмет:
- Балалар бүгін біздің тобымызға көп қонақтар келіпті, кәне барлығымыз шаттық шеңберің құрып сәлемдесіп алайықшы.
Балалар:
Амансың ба, Алтын күн,
Амансың ба, Жер - ана,
Амансың ба, достарым,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, орындарына отыра қойыңдар.
Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз, күз мезгілі.
Тәрбиеші: Күздің неше айы бар?
Балалар: Қыркүйек, Қазан, Қараша.
Тәрбиеші: Олай болса, біздің ұйымдастырылған іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Жемістер».
Тәрбиеші: Балалар, күз мезгілінің ерекшеліктер: Күздер күн салқындап жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, жемістер мен көкөністер піседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Үстімізге жылы киімдер киеміз.
Тәрбиеші: Балалар, жаңа айтып өттік, жемістер мен көкөністер піседі деп, ал жемістер қайда өседі? Жемістерге нелер жатады? Қане, бәріміз жемістерді аттайықшы.
Балалар: Алма, Алмұрт, Өрік, Шабдалы, Жүзім бұлардың барлығы ағашта өседі. Бұлар – жемістер.
Тәрбиеші: Балалар, сендер жемістер туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Қане, кім айтады?

Алма:
Нарттай қызыл алмам бар,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.

Өрік:
Өрік деген атым бар,
Менен де дәм татыңдар.

Шие:
Шиемін мен шиемін,
Піскенше тон киемін.
Бала келсе қасыма
Басымды мен иемін.

Тәрбиеші: Ал, ендеше, балалар, тақтадағы сурет бойынша әңгіме құрайықшы (Балалар сурет бойынша жемістердің аттарын айтады).
Тәрбиеші: Балалар енді барлығымыз орнымыздан тұрайық, бойымызды сергітіп алайық.

Балалар:
Жапырақтар соғады ду - ду - ду,
Қатты - қатты жел соғады гу - гу - гу.
Құйын келіп билейді зу - зу - зу,
Жел ұлиды у - у - у.
Селтетпе сәт: Топ ішіне Алтын күз ханшайымы кіріп келеді.
Алтын күз ханшайым: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы: Балалар, Сендер мен күз мезгілі екенімді қайдан біліп қойдыңдар?
Балалар: Сары жапырақтарыңыздан және қолыңыздағы себеттегі жемістерден.
Алтын күз ханшайымы: Ал ендеше тәрбиеші апай балаларыңыздың білімдерін тексеріп көрейік.
Алтын күз ханшайымы жемістерді көрсете бастайды. Балалар жемістердің аттарын дұрыс айтып береді.
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар, сендер көп нәрсе біледі екенсіңдер.
Тәрбиеші: Балалар, барлығымыз Күз ханшайымымен бақшамызға барып «Кім жылдам» ойының ойнайық.
Балалар ағаштағы жемістерді жинап себетті толтырады. Шапшаңдықтарын арттырады.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар, сендер өте білімді екенсіңдер. Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
Тәрбиеші: Күз мезгілінде жапырақтың түсі қандай түске боялады екен?
Балалар: Сары.
Тәрбиеші: Бізге қонаққа кім келді?
Балалар: Күз ханшайымы.
Тәрбиеші: Балалар сендерге көп - көп рахмет! Сендер бүгінгі «Жемістер» атты іс - әрекетке өте жақсы қатысып өз білімдеріңді көрсете біліңдер дей отырып күз берекелі астықты болсын демекпіз. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақшаға Жемістер арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Жемістер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]