Балабақша сабақ жоспары: Күзгі орман ертеңгілі

Балабақша сабақ жоспары: Күзгі орман ертеңгілі

Күзгі орман.
Мерекеге сай түрлі - түсті жапырақтармен безендірілген зал.(Музыка әуенімен ортаға жүргізуші және балалар шығады).
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы, айнала қандай әдемі? Керемет, мынау нелер?
Балалар: Жапырақтар.
Жүргізуші: Айнала қандай түске боялып тұр?
Балалар: Сары түске.
Жүргізуші: Әрине, дұрыс. Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қазір күз мезгілі
Жүргізуші: Дұрыс, күз. Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіндер ме?

Тақпақ:
Аида
Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Ералы
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Санжар
Алтын, сары, Қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз таратады атырап.
Томирис
Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік ойнайық.
Алихан
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Мустафа
Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Сулу
Падают, падают листья
В нашем саду листопад.
Желтые, красные листья.
По ветру вьются летят.
Альнур
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша
Қандай әсем, күз.
Назым
Fall is fun Фолл из фан
I can run. Ай кэн ран
I see the sun Ай си зэ сан
Fall is fun. Фолл из фан
Жансая
Алтын - алтын сары алтын
Алтын күзде нұр жатыр

Жүргізуші: Керемет, балалар.
Баяу әуенмен залға Күз ханшайымы кіреді.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сәлеметсіздер ме менің кішкентай бүлдіршіндерім!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Жүргізуші: Қош келдіңіз, Күз ханшайымы. Біз сізді асыға күттік.
Күз ханшайымы: Мен де сендерге асығып келдім.
Жүргізуші: Той ажарын ашайық
Әннен шашу шашайық
Күз ханшайымы бұл ән сізге арналады.
Ән: «Күз, күз»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!
Жүргізуші: Ой балалар, қара бұлт келе жатқан сияқты, қазір не болады екен?
Балалар: Жаңбыр.
Жүргізуші: Ендеше
«Күннің көзі және жаңбыр» деген ойын ойнайық

Жүргізуші: Би: «Тише, тише, тишина!»
Жүргізуші: Тақпақтар:

Аяна
Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр - сыбдыр етеді
Адия
Қуандырып біздерді
Кел, жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз.
Айару
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Ой, алақай, тамаша
Шашу шашты жапырақ
Әли
Жайдары күз, жомарт күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.

Ислам
Көк майсалы, көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін
Нұрай
Күз келді, алақай!
Алтын келді далаға!
Дархан
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.

Ән «Күз, күз, күз келді» (Жаңбыр)

(Әуен жүреді. Ортаға Қоян секіріп кіреді)
Қоян: Салеметсіңдер ме, балалар, қонақтар!
Балалар: Салеметсіз бе!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, қоян, біз сізді көргенімізге өте қуаныштымыз
Қоян: Міне, қыс та жақындап қалды, ал мен болсам өзімнің көжектеріме сәбіз жинауға үлгермей қалдым. Балалар, сендер маған көмектесесіңдер ме?
Балалар: иә көмектесеміз.
Ойын: « Сәбіз жинау»
Қоян: Ой, балалар, сендер қандай шапшаң, тез жинап бердіңдер. Сендерге көп рахмет! Енді менің көжектерім қыста аш болмайтын болды. Мен өте қуаныштымын.
Жүргізуші: Қоян, балалардың сізге арналған тағы бір сыйлығы бар.

Айша
Down! down! down
Yellow and brown
Tht leaves are falling
Over the town
Даниял
Листопад, листопад.
Осыпается наш сад,
Листья желтые летят,
Под ногами шелестят...
Самира
Қамбаға ел жинайды
Алқаптан бидайды
Тырнасы тізілген
Ұнаттым күзді мен
Таир
Птицы на юг улетают.
Гуси, грачи, журавли.
Вот уж последняя стая.
Крыльями машет вдали.
Әмина
Жапырақ ұшты
Суық та түсті
Сонда да бізге
Қызық көп күзде.
Нұрдәулет
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
Джан
Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз!
Қоян: Рахмет сендерге балалар. Сендер өнерлі балалар екенсіңдер! Мен енді көжектеріме барайын. Сау болыңдар, балалар!
Балалар: Сау болыңыз!

Дыбыс: фыр, фыр, фыр
Күз ханшайымы: Ой, балалар, тыныш, тыныш! Біртүрлі дыбыс естіп тұрмын.
Дыбыс: фыр, фыр, фыр
(К. Х Ағаштардың артын жақындап қарайды. Жапырақтың астынан кірпі шығады.)
Кірпі: Сәлеметсіңдер ме, балалар, сәлеметсіздер ме, қонақтар! Мен сендердің мерекелеріңе асығып сыйлық алып келе жатыр едім, шаршап шыршаның түбінде ұйықтап қалыппын. Тұрсам себетімдегі жапырақтар мен жаңғақтар араласып кетіпті.
Күз ханшайымы: Кірпі сен мұңайма. Біздің балалар өте шапшаң, тез жапырақтар мен жаңғақтарыңды себеттеріңе бөліп салып береді. Солай ма, балалар?
Балалар: иә
Ойын: «Жапырақтар мен жаңғақтарды жинау»
Кірпі: Рахмет, балалар. Енді мен бұл себеттерді сендерге сыйлаймын.
Жүргізуші: Көп рахмет, кірпі. Біздің балалар сізге арнап, тамаша би билеп берсін.
Жүргізуші: Кірпі, біздің балалар сізбен және Күз Ханшайымымен бірге би билегілері келеді.
Би «Көңілді би» (у меня у тебя)
Кірпі: Ой, көптен бері мұндай көңілді би билемеп едім, рахмет сендерге, балалар.
Күз ханшайымы: Маған да сендердің мерекелерің ұнады. Кірпі екеумізге басқа да балаларға баруымыз керек.
Кірпі: Менің баларға тағы да сыйлығым бар (шырша артынан үлкен саңырауқұлақ алып шығады, ішінде себет толы алма). Мұнда көп дәрумендер бар.
(Күз ханшайымы мен кірпі балалармен қоштасып шығып кетеді.)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен біздің «Күзгі орман» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Назар қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақшаға Күзгі орман ертеңгілі арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Күзгі орман ертеңгілі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]