Балабақша сабақ жоспары: Кірпі сурет

Балабақша сабақ жоспары: Кірпі сурет

Білім беру саласы: Шығармашылық, коммуникация
Бөлімі: Сурет салу, сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Тікенекті кірпі»
Мақсаты: Білімділік: балаларды орман жануары кірпімен таныстыру,
Дамытушылық: Бастыру әдісі, ойын арқылы ұсақ қол бұлшық еттерін жетілдіру, ойлау қабілеттерін, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер, қажетті құрал - жабдықтар: демонстрациялық материалдар және слайд. Қара бояу, шанышқы,
Билингвальды компонент: кірпі - ежик - Hedgehog
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Қонақтарға құрметпен,
Бас иеміз біз. Шаттық шеңберін айтады.
Ұйымдастыру - шылық - ізденістік - Балалар, жұмбақ шешіп көрейікші. Жауабын тапсаңдар бүгін сендермен сол жануар туралы қызық деректермен бөлісемін.
Тұмсығы бар түймеден,
Тон жамылған инеден.
- Дұрыс, кірпі. Енді назарымызды слайдқа салайық. Кірпінің дене құрылысы, өмір сүру жағдайы туралы ақпарат беру.
- Енді балалар, мына суретте кірпіге не жетпей тұр?
- Шанышқыны алдымызда тұрған сұр сияға малып, кірпінің үстіне бастырсақ тікенек пайда болады.
Сергіту сәті: «Кірпімен қара жорға билейік»
Кірпі- тікенек

Видеоға қарап билейді.
Рефлексиялық - түзетушілік Ойын: «Кірпіні тамақтандырамыз»
Мақсаты: балалардың іс - әрекет бойынша алған білімдерін қорытындылау, ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Шарты: кірпінің үстіне алма, саңырауқұлақ, шаянды жабыстыру.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Кірпі туралы мәліметтерді
Игереді: бастыру арқылы сурет салуды.
Меңгереді: таза, ұқыпты болуды. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақшаға Кірпі сурет арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Кірпі сурет

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]