Балабақша сабақ жоспары: Сүйікті елім менің
Мақсаты: Балалардың туған жерін сүюге тәрбиелеу. Қоршаған ортаға және отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балалардың эмоциялық көңіл - күйін көтеру. Адамгершілікке, әдепті болуға тәрбиелеу, үлкендер еңбегін бағалай білуге үйрету. Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу, олардың әдеби сөздік қорын молайтумен қатар дүние танымдарын кеңейту. Балалардың ой өрістерін дамыту.
Керекті құралдар: Екібастұз туралы суреттер, кітаптар, көмір тас.
Сөздік жұмыс: Туған қалам, Екібастұз Богатырь көмір кені.
Сабақ барысы:
Тәрбиеші:
Армысың шапағатты күн ана
Армысың шапағатты аспан ана
Құт дарытқан елімізге жерімізге
Армысың мейірімді жер ана
Осы шапағатты күн анамен, мейірімді жер анадан бойымызға дарытқан мейірімді жүрегіміздің жылуын бір бірімізге, қонақтарға сыйламақшымыз.
Біз доспыз, татумыз.
Сіздерге жүрегіміздің жылуын сыйлаймыз.
Ал, балалар енді орнымызға отырайық. Бүгінгі біздің сабағымыз: «Менің сүйікті қалам»
Осы кезде Дымбілмес кіреді.
Тәрбиеші:
- Сәлеметсің бе Дымбілмес сен қандай жұмыспен келдің?
- Сәлеметсің бе мен ауылдан келіп едім. Сіздердің қалаларыңыз ұнады. Өте әдемі екен.
Тәрбиеші:
- Ал Дымбілмес сен білесің бе? неге біздің қаламыз «Екі - бас - тұз»деп аталғанын?
- Жоқ, білмейді екенмін.
Тәрбиеші:
- Ендеше сен отырып тыңда, мен балаларға, қонақтарға бір аңыз айтып берейін.
Ерте, ерте, ертеде. Бір ауылда қойшы болыпты. Ол өте кедей адам екен. Сондықтан бір байдың қойларын бағып жүріпті. Күздің бір суық күні қойшы қатты тоңады да от жақпақшы болады. Ол құрғақ ағаш бұтақтарын жинап бір жерге үйіп, жел сөндірмесін деп жан - жағын таспен үйіп қояды. Бойы жылынған қойшы ұйықтап қалады. Таңертең оянса міне, қызық...
Оты сөніп қалыпты. Бірақ жан-жағындағы тастар жанып жатыр екен.
- Балалар, ал тас жана ма?
- Қойшы да солай ойлайды. Не істерін білмейді.
Балалар, қойшыға көмектесейікші.
- Міне менің қолымда екі табиғи зат тұр. Мынау не? (Балалар ұстап көреді)
- Тас қандай?(қатты)
Егер оны соғып сындырсақ, тас сына ма?
- Ал, мынау не деп ойлайсыңдар?
- Көмірдің түсі қандай? (қара)
- Балалар қайсысы отқа жанады деп ойлайсыңдар?
- Қайсысы адамға пайдалы?
- Ендеше қойшының жанған тасы не болып шықты?
- Қойшы да бұл тастардың жай тас емес екенің түсініп, сол жерді ұмытпау үшін белгі іздейді.
Ол сол жерді аттың басымен бір жұмыр тұзбен белгілейді.
Содан бері сол жерге үлкен қала салынып, оны қалай атады деп ойлайсыңдар? «Екі - бас - тұз» қаласы яғни біздің қаламыз. Осы қаламыздың аталуына байланысты Айжан бізге тақпақ оқып береді. Ел жиналып үлкен тойды жасапты. Екі бөлек бас сүйекке тұз байлап кен мекенін «Екі бас тұз» деп атапты. Содан бастап біздің қаламызда көп көмір шығарыла бастады. Еліміздегі ең үлкен көмір кені де біздің қалада. Ол «Богатырь кеншісі»Міне мына суретті біздің мақтан ететін «Богатырь»кеншісі.
- Мына үйіліп жатқан не кен?
- Ал мынау сол көмірді қазатын «Роторлы эксковатор»ол қаламызда ғана бар.
- Ол өте үлкен. Мына вагондар оның жанында қандай болып көрініп тұр?
- Балалар ал вагондар ол жерге не үшін керек?
- Олар көмірді тиеп алып керекті жерлерге жеткізілді. Ол жерде еңбек ететін адамдарды «кеншілер» деп атайды. Осының бәрі еңбек.
Тәрбиеші:
Балалар кім еңбек туралы мақал мәтел біледі.
1. Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті.
2. Кім еңбек етсе сол тоқ
3. Жақсы еңбек жанға тыныс.
Сергіту сәті.
Екі көзін не үшін керек
Жақсыларды көру үшін.
Екі қолың не үшін керек
Бір біріне көмектесу үшін.
Құлақтарын не үшін керек
Жақсыларды есту үшін.
Аяқтарын не үшін керек
Алыс кетсең туған елге
Жету үшін керек.
Біздің қаламыз барлық елге, адамдарға өзінің көмірін сыйлайды, жылуын сыйлайды. Адамдарда қаламызда жақсы көріп, өздерінің әндерін, жырларын біздің қаламызға арнаған. Ал біздің балаларымыз өздері қаламызға арнап жаттаған өлеңдерін оқиды.
Бала:
Туған қалам сеннен қуат аламыз
Қияға қанат қағамыз
Елге шырақ жағамыз
Өзіңнен бақыт табамыз.
Сабақты қорыту
Балалар бүгін біз туған қаламыз туралы не білдік?
Үйге барған соң ағаларына, апаларына не айтып бере аласыңдар?
Қаламыз неге Екібастұз деп аталғанын білесіңдер ғой иә?
Бала:
Қаламызға өз сезімімізді білдіреміз.
Туған елім сені сүйіп жетеміз біз биікке
Қияға қанат қағамыз.
Елге шырақ болып жанамыз. .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: