Балабақша сабақ жоспары: Сиқырлы сандық
Тақырыбы: «Сиқырлы сандық»
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта».
Оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, математика, көркем әдебиет.
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтап бекіту, берілген сұрақтарға ойланып дұрыс жауап беруге дағдыландыру, ойын арқылы ойлау қабілетін, тіл байлығын, танымын дамыту.
Қолданылған құрал жабдықтар: бейнелі суреттер, сандықшалар, көрініске қажетті атрибуттар.
Шаттық шеңбері:
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жарқырайды бақшамыз.
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы таң балалар!
- Балалар, бүгін бізде ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміз ерекше болмақ. Бір жыл бойы алған білімімізді тиянақтап, қайталап еске түсіреміз.
Слайдтан төрт мезгілдің суреті көрсетіледі.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Көктем мезгілінің айларын атайық.
Осы кезде есік қағылып, топқа қолында сандығы бар қуыршақ келеді.
Қуыршақ: Балалар, мен жолда келе жатып сандық тауып алдым. Бірақ сандықты аша алмадым. Маған көмектесіп жібересіңдер ме?.
Тәрбиеші: Қане, сандықты маған берші, мен ашып көрейін. Сандықтың үстінде «Бұл сиқырлы сандық. Сандықты ашсаңдар мол сыйлыққа кенелесіңдер»- деп жазылыпты. Балалар, қуыршаққа сандықты ашып беруге көмектесеміз бе? Ендеше үстелдің үстінде тұрған бір санды суырып, суырған санның сұрағын слайдқа қарап тыңдаймыз.
Сұрақты балабақшамыздың әдіскері Гулмира Рахат қызы қойыпты.
- «Тәуелсіздік алдық»дегенді қалай түсінесіңдер?
- «Тәуелсіздік алдық» дегеніміз - Тәуелсіз еліміздің жері теңдігі өзінде және Туымыз. Елтаңбамыз. Гимніміз бар.
- Туған ел, Отан туралы мақал - мәтел білесіңдер ме?
«Отан - отбасынан басталады».
«Өзге елге сұлтан болғанша. Оз еліңе ұлтан бол».
«Отан - оттан да ыстық».
«Отан үшін отқа түс күймейсің».
«Өз елім өлең төсегім».
Сандық ашылып, ішінен тағы сандық шығады.
Тәрбиеші: Балалар, тағы бір сан суырайық.
Келесі сұрақты «Айгөлек»тобының тәрбиешісі Ынта Дүйсен қызы қойыпты.
- Сан санайық мүдірмей,
Онға дейін кідірмей,
Қане, кім санайды?
Балалар 1 - 10 дейінгі сандарды тура және кері санайды.
Бәрің дұрыс санадыңдар, енді асықпай 5 - санына дейін санамақ білесіңдер ме?
Санамақ.
Бір дегенім бала.
Санды дұрыс сана.
Екі дегенім ешкі.
Таудан келер кешке.
Үш дегенім үйім.
Үйде жақсы күйің.
Торт дегенім түлік.
Жүргін мұны біліп.
Ортаншы сандығымыз да ашылды. Ішінен кішкентай сандықшаны алады.
Тәрбиеші: Келесі сұрақты шешу үшін тағы бір сұрақ суырайық.
-Бұл ағылшын тілінің мұғалімі Гүлдана Бауыржан қызы балаларға ойын ойнауды ұсынады.
Ойын: «Бұл қай ертегі».
Ойынның шарты: мұғалім бір ертегінің үзіндісін оқиды, балалар бұл қай ертегінің үзіндісі екенін табуы керек.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Кішкентай сандықша ашылып, ішінен сыйлықтар шығады. Қуыршақ қуанып балаларға рахметін айтады.
Сергіту сәті.
- Көрдің бе, қуыршақ біздің балалар достық, бірлік, мейрімділіктің не екенін біледі. Кез келген сәтте көмектесе алады.
Қуыршақ:
- Ой, балалар, достық дегеніміз не?
- Достық, мейірімділік дегеннің не екенін
білмеймісің? Ендеше біздің балалардың
«Мейірімділік мекені» көрінісін тамашала.
«Мейірімділік мекені»
«Мейірімділік мекенінде»бір еңбекқор да, мейірімді ана тіршілік етіпті. Ол қашанда тыным таппай еңбек етіп, айналасындағы адамдарға да қамқорлық жасап, бауырмалдық танытып жүреді екен.
Бір күні ол, мекенде серуендеп жүрген балаларға уылжып піскен алма береді.
Ана: Балаларым, келіңдер, мінекей мына алманы жей қойыңдар,- дейді.
Балалар алманы жеп болғаннан кейін:
Апа, алмаңыз өте дәмді екен. Рахмет!- дейді
Ана: Ол алғысты маған емес, жақсы алма өсіргені үшін Бақшаға айтыңдар,- депті.
Балалар Бақшаға келіп: Бақша, бақша тәтті алма бергенің үшін рахмет!- дейді.
Бақша. Оны бізге емес, қара топырақты, қайырымды жерге айтыңдар,- депті.
Балалар: О - о Жер - Ана! Тәтті алма үшін рахмет!- дейді.
Жер: Ол алғыстарыңды маған емес. Жаңбырға айтыңдар. Жаңбыр болмаса жер көктеп. бақша гүлдемейді.- депті. .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: