Балабақша сабақ жоспары: Ойын ойнап ән салмай Өсер бала болар ма

Балабақша сабақ жоспары: Ойын ойнап ән салмай Өсер бала болар ма

Тақырыбы: « Ойын ойнап, ән салмай, Өсер бала болар ма!»
Мақсаты: Балалардың әуен тыңдау арқылы әуеннің көңіл – күйін, екпінін ажырату, әуенді қимыл – қозғалысты бере білуін жетілдіру. Үннің дауыс ырғағын ажыратуда баланың шығармашылық белсенділігін, берілген бейне ( немесе кескін ) туралы өз ойын анық, еркін жеткізуде баланың сөйлеу қабілетін дамыту. Үнтаспада ойналған күйді жақын сезіну, соған сәйкес іс - әрекет жасауда баланың арман – қиялын шарықтату.
Баланың музыкалық қабілетін жан – жақты дамыта отырып, сахна мәдениетін бойына сіңіруде, оның жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету. Балалардың осы уақытқа дейінгі алған білімдерін, біліктілігін тиянақтап бекіту.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Дәстүрлі емес , Сайыс
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің типі: Жинақтау, бекіту.
Алдын – ала жүргізілген жұмыстар: Күннің II – жартысында баланың қалауы бойынша түрлі ән, би, әуенді қимыл – қозғалыс, ойындар ұйымдастыру.
Сөздік жұмыс: Ұяшық.
Көрнекіліктер: Аңдар суреттері мен бетпердесі, аспаптар мен аспап суреттері, презентация, ұяшықтар, ойыншықтар, эмблема, түрлі – түсті асықтар, үнтаспалар, бөлме безендірілуі.
Тақырыбы: « Ойын ойнап, ән салмай, Өсер бала болар ма!»
II – кіші топ бүлдіршіндерінің орындауында
« Біз көңілдіміз» биімен ашылады.
Құрметті апайлар, қымбатты әріптестер мен сүйкімді бүлдіршіндер!
Арайлап атқан күн қуаныш әкелсін!
Өнер десем ойыма жыр келеді,
Ашылып ақ көңілдің кірлегені.
Өнер десем көмейім ән салады,
Орындалып жүректің аңсағаны.
Өнер деген ұлылық ұялаған,
Кәдімгі қарапайым дарынды адам.
Өнер деген шіркін - ай бір - бір арман,
Өнер деген биші ғой мың бұралған.
Өнерменен талайлар жан сақтады,
Өнер деген шебердің саусақтары.
Адамдықтың рухын түсірмеген,
Ұлылардың тағдырын мүсіндеген.
- Бізде бүгін ерекше күн!
Біздер өзіміз балабақшада тәрбиеленіп жатқан балғын бүлдіршіндердің бойына халқымыздың әдет – ғұрпын, салт - дәстүрін өнегелі қасиеттерін сіңіре отырып, әдемілікке, әдептілікке, инабаттылыққа, имандылыққа, өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, музыкалық сезімін ояту мақсатында өткізілетін
« Ойын ойнап, ән салмай, Өсер бала болар ма!»- атты өнер байқауына қош келдіңіздер!
Асыл сөздің ұстасы,
Ақын болар ұрпақпыз.
Өнер, білім, еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз.
Он саусағы майысқан,
Шебер болар ұрпақпыз,
Тұла бойы тұнған бір
Өнер болар ұрпақпыз.
Құрметті меймандар! Бүгін үлкен мереке! Себебі өнерлі балаларымыздың өнерлерін тамашалау қандай қуаныш! Біз өнерлі балаларымызға сәт - сапар тілейміз. Олай болса өнер байқауымызға Ересектер тобы, Ортаңғы « А» тобы және Ортаңғы « Б» тобы қатысқалы отыр. Әр топтан 1 ұл бала, 1 қыз бала және тәрбиешілерімен қатысады.
Ендеше бүгінгі өнер байқауына келген өнерлі бүлдіршіндердің білімдерін, тапқырлығы мен өнерлерін бағалайтын әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. Әділқазылар алқасының төрайымы,
балабақшамыздың меңгерушісі: Б. Б. Шарапқызы
2. Әділқазылар алқасының мүшесі,
балабақшамыздың әдіскері: Р. С. Қалжанова
3. Әділқазылар алқасының мүшесі,
балабақшамыздың психологы: А. С. Қожамұратова.
Сарапқа салатын әділқазылармен таныстыңыздар, енді байқау шартын айтып өтейін.
I – бөлім: « Таныстыру»
II – бөлім: « Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй»
III – бөлім: « Ән көкпар» - көңілашар.
IV – бөлім: « Музыка тілімен сөйлеу»
V – бөлім: « Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»
VI – бөлім: «Ойлан тап»
Әр бөлімді біздің шағын ансамбльдің орындауындағы күйлермен белгіленеді.
Құрметті жанкүйерлер! Сіздердің қошеметтеріңізбен қатысушы талапкерлерімізді ортаға шақырамыз.
1. Ортаңғы « А» тобы
2. Ортаңғы « Б» тобы
3. Ересектер тобы
Байқауға қатысушы өнерпаздарымыздың реттік санын
« Асық» ойыны арқылы анықтап алсақ, ортаға әр топтың қатысушы жігіттері шығып өздеріне тиесілі асықтарын алса, сол арқылы реттік санын белгілейміз. Әр асық түстері бағдаршам ретімен келтірілген:
1. Қызыл түсті асық: Ортаңғы « Б»
2. Сары түсті асық: Ортаңғы « А»
3. Жасыл түсті асық: Ересектер тобы
Ендеше сәттілік тілеп қошемет берейік.
Кезекте I - бөлім: « Таныстыру»
Сәлемдесу, ата – салтың ол – дағы,
Көрсете біл, асылыңды қолдағы
Өнеріңмен бір жүрмесе тәрбиең
Қиын емес өнерсіз боп қалмағы.
Мақсаты: Баланың кейіпкер қимылын дұрыс көрсете білуі, таныстыру мазмұнын көпшілікке айқын, мәнерлі жеткізе білуі көзделеді.
Шарты: Әр топ қатысушылары таныстыруды ертегі кейіпкерін көрсетіп немесе тосын сый арқылы жеткіземе өз еріктерінде.
1. Ересектер тобы: « Тауық балапандарымен»
2. Ортаңғы «Б» тобы: «Қызыл телпек»
3. Ортаңғы «А» тобы: « Мысық тышқандарымен»
Күй орындалады.
II – бөлім: « Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй» - деп Абай атамыз айтқандай, әуен тыңдау.
Мақсаты: Кез - келген ұяшықтың біреуін таңдап, әуенді мұқият тыңдап, сөзбен - сөзді байланыстырып айту.
Шарты: Жасырылған әуенге өз бетінше сөйлем құрастырып ойын еркін жеткізе білу қарастырылады.
II – кіші топ бүлдіршіндерінің орындауында
« Менің ойыншықтарым» әнін қабыл алыңыздар.
III – бөлім: « Ән көкпар» - көңілашар.
Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін дамыта отырып, берілген әуеннің сөзін жылдам еске түсіру.
Шарты: Ұяшықты ашып жасырылған өлеңнің сөзін, авторын толық тауып, топ мүшелерімен аспап сүйемелдеуі арқылы нақышына келтіре орындау.
1. Ересектер тобы: «Достық» әні.
2. Ортаңғы «Б» тобы: «Домбырасыз сән қайда» әні.
3. Ортаңғы «А» тобы: «Доп» әні.
IV – бөлім: « Музыка тілімен сөйлеу»
Мақсаты: Берілген тапсырмаларды ұқыпты, тиянақты орындауға үйрете отырып, балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту.
Шарты: Сұраққа байланысты музыканың көңіл - күйін, берілген суреттегі бейненің қимылын және дауыс ырғағын ажыратып, айырып айту.
Тамаша, ауылдың алты ауызы деген бар, сендер бізге қандай тарту ала келдіңдер. Қандай өнер көрсетпекшісіңдер.
1. Ересектер тобы: «Өзбек» биі
2. Ортаңғы «Б» тобы: «Қазақ» биі
3. Ортаңғы «А» тобы: «Орыс» биі
V – бөлім: « Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»
Мақсаты: Өздеріңе таныс суреттерге бала тіліне жеңіл, тартымды етіп, ойдан шумақ шығару, және оны орындау.
Шарты: Өздері шығарған шумақты таныс әуенге салып жеткізу, айту.
VI – бөлім: «Ойлан тап»
Мақсаты: Баланың ойынға қызығушылығын арттыра отырып, дайындалған көрнекіліктердің көмегімен логикалық ойлауы және іс - әркетін байланыстырып орындауы.
Шарты: Шарда жасырылған бейнені көз алдына елестете отырып оның жүрісін салып көрсету. Берілген суреттегі жасырылған музыкалық аспаптың атауын айтып, ол аспапта қалай ойналатынын көрсету.
Күй орындалады.
Құрметті апайлар, әріптестер және кішкене бүлдіршіндер!
Балғын бүлдіршіндердің өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, музыкалық сезімін ояту мақсатында өткізілген
« Ойын ойнап, ән салмай,
Өсер бала болар ма!»
- атты өнер байқауының шешуші кезеңіне де келіп жеттік.
Олай болса әділқазылар алқасы бүгінгі байқауға қатысушы бүлдіршіндеріміздің білімдерін, тапқырлығын, ой шеберліктерімен ептілігін, өнерпаздығын бағалап қорытындылаймын дегенше, қатысушы өнерпаздарымыздың
« Әніміз бар тамаша» әнін қабыл алыңыздар.
- Жерге шыбық қадамасаң тал болмас.
Өрісіне қарамасаң мал болмас.
Түлік төлден өседі.
Аққу көлден өседі.
Жеміс жерден өседі.
Өнерлі елден өседі.
Асыл – тастан.
Өнер – жастан –
Көрдіңіздер бүлдіршіндер өнерін,
Ән салысып, би - билеген өренің.
Қалайғана тамсанбасқа болады,
Мен болашақ жұлдыздарын көремін. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақшаға Ойын ойнап ән салмай Өсер бала болар ма арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Ойын ойнап ән салмай Өсер бала болар ма

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]