Балабақша сабақ жоспары: Биші болам өскенде
Сабақтың тақырыбы: Би музыкасы және сап музыкасы
«Биші болам өскенде» Т. Тайбеков – үйрену.
«Барабан» Б. Дәлденбаев – тыңдау.
Сабақтың мақсаты: Би өнерінің түрлі қасиеттері мен әдемілігін дәріптеу.
Сабақтың міндеті: 1. Оқушыларды көркем өнерге баулу. Хореографиялық әдіс тәсілдердің сипаттарымен таныстыру.
2. Музыкалы - ырғақтық қимылдар жасауға, би өнеріне қызығушылығын арттыру.
3. Ұлттық би өнерін үйренуге, әдет ғұрып, салт дәстүрді білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Қазақтың ұлттық биі «Қара жорғадан» үзінді тыңдалады.
- Бұл қандай әуен? Саған таныс па? Бұл әуенге қандай қимыл жасауға болады?
Қазақтың би өнерінің түп - тамыры ғасырлар қойнауында жатыр. Би - жақсылықты, әсемдікті, сұлулықты, салт - дәстүрмен әдет ғұрыпты дәріптейді.
«Қара жорға», «Айжан қыз», «Келіншек», «Былқылдақ» сияқты ұлттық билер – халық өмірін, оның тұрмыс тіршілігін би тілімен баяндайды. Әр бидің өзіне тән ерекшелігі, мінез құлқы бар. Көкпар, бәйге, қыз қуу, жорға шабыс, қол өнерде – киіз басу, кілем тоқу, ши орау, қазақ үй әбзелдері, ою өрнек, т. б. Ал бишілер өнерін мың бұралған әсем қимылдарымен көрерменге жеткізеді.
Бишілер суреттері көрсетіледі.
1. Қандай би билеп жүр?
2. Биші үстіне қандай киім киген?
Сергіту сәті. «Қара жорға» биін билеу.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып беру. ( 26 бет )
Би билейтін музыканың әуені көңілді, жылдам, ширақ орындалса, сапқа түзейтін музыка нық, бірқалыпты орындалады.
Музыка тыңдау. Б. Дәлденбаевтың «Барабан» әні – аяқты нық басуға, саппен жүруге ықпал етеді. Әннің ырғағын қол шапалақтап немесе барабан, дабылды, соғып көрсетсе, баланың сезімі, қабылдауы артады.
Дауыс жаттығуын Б. Байқадамовтың «Айгөлек» әнінің қайырмасына жай екпінде жасатуға болады. Әннің мазмұны, әуені би ырғағына сай келеді.
Ән үйрену. Т. Тайбековтың «Биші болам өскенде» әні - көңілді, ойнақы орындалады. Әннің әуені де, сөзі де баланың қабылдауына жеңіл, тез үйретіледі. Фраза соңындағы жартылық ұзақтықтағы ноталарды созып орындауға назар аудару керек.
Шығармашылықпен жұмыс. Оқулықта берілген тапсырманы орындау, сұрақтарға жауып беру.
«Айгөлек» дауыс жаттығуына әр түрлі есімдер қойып, би музыкасымен орындау.
Айгөлек, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Сен шақырсаң мен керек,
Мен шақырсам сен керек,
Досан деген ер керек. Осылайша сыныптас достарын биге шақыру. Ақыл қалта бөліміндегі жаңылтпашты оқып, балалардың сөйлеу мәнері, сөз саптауы, дыбысты таза айтуы шыңдалады.
Қорыту. Бірнеше суреттерді көрсетіп, билеуге лайық немесе сапқа түзейтін әндерді ажырату.
Үйге тапсырма: «Биші болам өскенде» әнін жаттау.
Оқушыларды бағалау. .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: