Балабақша сабақ жоспары: Алтын сандық

Балабақша сабақ жоспары: Алтын сандық

Мақсаты:

- «Алтын сандық» интеллектуалды ойын арқылы балалардың алған білімдерін бақылау.
- Сөздік қорын, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын кеңейту.
- Еркін сөйлеуге,Отанды сүюге, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын, сұрақ–жауап, сергіту сәті, қортынды.
Көрнекіліктер: Шарлар, гүлдер, алтын сандық, жұлдызшалар, әр балаға көтеретін таяқшалар, үлестірмелі суреттер тақта.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, бүлдіршіндер мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылып отырған «Алтын сандық» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер.

Ән: «Бау- бақша белдер» хор

Ойын төрт бөлімнен тұрады:

1) «Ұшқыр ой» (берілген әріптерге сөз ойлау)

2) «1001 жұмбақ» (жұмбақтарды шешіп, суреттерін табулары керек.)

3) «Озық болсаң, шауып көр» (әр топқа бес-бестен сұрақтар қойылады, шапшың жауап берулері керек.)

4) «Біз дайындаған сыйлық» (қиынды суреттер арқылы каллаж жасау)

Ойынымыздың ерекшелігі әр тапсырманы орындаған сайын жолымыздағы шарларды бір – бірден жарып отырамыз. Жолымыздағы шарлар біткенде Алтын сандыққа да келіп жетеміз, алтын сандықтың ішінде бізге арналған сыйлықтар болады. Ойын шарты түсінікті ме?

Ойынға «Киіз үй» және «Домбыра» қатысқалы отыр ойыншыларымызға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастамас бұрын әділқазылармен таныс боламыз. 1. 2. 3. Ал,ендеше тұрмайық,
Ойынымызды бастайық.
Не үйрендік,не білдік,
Соны ортаға тастайық.


1-бөлім: Екі топқа екі-екіден әртүрлі әріптер беріледі, сайыскерлер жылдамдық танытып сөз ойлаулары керек. («Киіз үй» тобына: А,Ш) («Домбыра» тобына Т,Қ)

2-бөлім: «1001 жұмбақ» ойыншыларға жұмбақтар жасырылады шешуін екі тілде айтулары керек.

1. Қыс бойы жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (аю – медведь)

2. Өзі айлакер,өзі бір қу,
Жүрген жері айқайда-шу. (түлкі – лиса)

3. Ұйқысынан тұрғанда,
Аяқтарын созады.
Тықыр шықса тышқаннан,
Делебесі қозады. (мысық – кошка)

4. Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.
Сәбізді тамақ қылып,
Күртілдеп жұтады. (қоян – заяц)

5. Адамға серік,
Күзетке берік. (ит – собака)

6. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (қой – баран)

7. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе - верблюд)

8. Жеміс-жидек жегенім,
Балды жақсы көремін. (аю - медведь)

«Қуыршақ» биі: Сейталиева Орынша

3-бөлім: «Озық болсаң, шауып көр»

1) Бір жылда неше мезгіл болады?
2) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3) Бағдаршамда қанша көз болады?
4) Қазір жылдың қай мезгілі, айларын ата, ерекшеліктерін есіңе түсір.
5) Нан туралы тақпақ білесіңдер ме?
6) Қандай ертегілерді білесің?
7) Төрт түлік малды төлдерімен ата?
8) Жабайы жануарларды ата?
9) Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?
10) Елбасымыз кім?

4-бөлім: «Біз дайындаған сыйлық» (берілген суреттердің қиындыларынан мазмұнды суреттер құрау керек.)

Ән: «Ақбұлақ» Қаус Ерасылдың орындауында.

Сергіту сәті: «Көңілді паровоздар»

Қортынды: Сайысымыз өз мәресіне жетті. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Әділқазылар сөз сөйлеп балаларға диплом табыстап, алғыс білдіреді. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақшаға Алтын сандық арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ музыка жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Алтын сандық

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]