Балабақша сабақ жоспары: Аналар-мәңгі жасасын

Балабақша сабақ жоспары: Аналар-мәңгі жасасын

Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Аналар-мәңгі жасасын!
Жүргізуші:
- Аяулы біздің аналар мен әжелер, Сіздерді Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Біздің сәбилеріміз сіздерге, аналарға деген ыстық лебіздері мен шексіз махаббатарын ән мен таппақ арқылы жолдамақ. Қабыл алыңыздар!
Армысыздар, аяулы аналар,
Армысыздар әжелер мен апалар!
Мерекемен құттықтайды сіздерді,
Шашу шашып, өнерімен балалар.
- Балалар, сонда қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем.)
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады, қар ериді, жер көктейді, бәйшешектер шығады, құстар қайтып келеді.)
- Қазір қандай ай? (Наурыз.)
- Сонда бүгін қандай мереке? (Аналар мерекесі.)
- Балақайлар, аналардың бүгінгі мерекесіне дайындаған қандай сыйлықтарың бар?
1. Көктем келді жадырап,
Күн нұрымен таласып.
Жайнай берші жарқырап,
Жаны жайсаң анашым.
2. Көктем келді, алақай!
Көктеп жатыр даламыз.
Біз бақытты балақай,
Мәнгі жүрсе анамыз.
Көктем келді, балалар!
Асыр салып ойнайық.
Түн ұйқысын төрт бөлген
Анамызды сыйлайық.
3. Көктем келді, балалар,
Жердің беті жаңарар.
Ақ сүт беріп өсірген,
Аман болсын аналар!
4. Көктем келді,балалар,
Ән айтайық, би билеп.
Мейрамында аналар,
Қабылдасын сый қылып.
5. Менің анам аппақ,
Кәмпит берсе - тәтті-ақ.
Күні бойы тынбастан,
Үйретеді тақпақ.
6. Менің анам ақылды,
Тарап берді шашымды.
Қалтасы бар әдемі,
Шалбарды сатып әперді.
7. Анашым, асылым,
Аяулы ғасырым.
Сен жоқта мұңайып,
Бар болсаң - тасыдым.
8. Анашым, ақ таңым,
Ақ сүтін ақтаймын.
Жүректе атыңды
Тұмардай сақтаймын.
9. Анашым, жүрегім,
Өмірлік тірегім.
Аман боп жүрші тек,
Алладан тіледім.
Жүргізуші:
- Келесі балалардың орындауындағы ән - «Нұрын төккен маған».
Жүргізуші:
- Барлық балалар бүгін аналарына сыйлық жасап әуре болуда. Осы мерекеге Мақта қыз да, анасына сыйлық дайындап жатқанда, бір қызық оқиға болыпты. Мақта қыз ертегісін тамашалаңыздар!
Сахна ортасында үстел басында Мақта қыз отырады. Ол қағаз, бояу алып, анасына сыйлық жасау үшін, сурет салып отырады. Үстел үстінде түрлі-түсті бояу, стаканда су, қарандаштар. Мақта қыздың қасына мысық келеді.
Мысық:
- Мақта қыз не істеп отырсың? Маған да көрсетші.
Мақта қыз:
- Сурет салып жатырмын. Ары тұршы. Қазір бір нәрсені бүлдіріп тастарсың.
Мысық:
- Қарайыншы, енді, ақырын ғана қараймын.
Мақта қыз:
- Көрсетпеймін!
Мысық:
- Көрсетпесең, мен сенің бояуыңды төгіп тастаймын.
Мақта қыз:
- Осыдан төгіп көр, құйрығынды кесіп аламын.
Қырсық мысық бояуды төгіп тастайды. Мақта қыз мысықты шап беріп, құйрығын кесіп алады. Мысық қатты мияулап, Мақта қызға Жалынады.
Мысық:
- Мақта қыз-ау, Мақта қыз, құйрығымды берші. Кешірші.
Мақта қыз:
- Бермеймін. Маған қағаз бен бояу тауып әкеліп берсең ғана құйрығыңды қайтарамын.
Мысық жан-жағына қарап енді не істеймін деп қатты уайымдайды.
Мысық:
- Мен бала бақшаға барайын, балаларда қағаз бен бояу деген көп болады ғой.
(Балаларға барады)
Мысық:
- Балалар, менің құйрығыма күлмеңдер. Оны Мақиа қыз кесіп алды. Мен оның бояуын төгіп, қағазын бүлдіріп тастадым. Маған қағаз бен бояу тауып беріндерші.
Осы кезде балалар:
- Сен бізге кәмпит әкеп берсең, біз сенің іздегеніңді тауып береміз.
Мысық жан-жағына қарап ойланып тұрып, сахнаны айналып шығып кетеді.
Сахнада дүкеннің көрінісі. Тәттілер, әр түрлі ойыншықтар бар. Бір қыз дүкенші болып отырады.
Мысық:
- Дүкенші, маған ойыншықтар, тәттілер берші, - дейді.
Дүкенші:
- Әуелі маған ақшасын төле. Сонан соң қалағаныңды беремін.
Мысық:
- Менде ақша жоқ.
Дүкенші:
- Онда саған ештене бере алмаймын.
Жүргізуші:
- Мысық, енді ақшаны қайдан табарын білмей, көп ойланады. Осы кезде сахнаның екінші бұрышында, есік алдында жұмыс істеп жүрген әже көрінеді. Мысық оған жақындайды.
Мысық:
- Әже, мен сізге көмектесейін, есік алдын тазалап берейін.
Әже:
- Сөйтші айналайын, өзім де белімді көтере алмай тұрмын, дейді.
Мысық сыпырып көмектеседі.
Әже:
- Ой, айналайын саған көп разхмет. Өте еңбекқор екенсің. Ұзақ жаса, сабағыңды жақсы оқып тәртіпті бол! Бүгінгі мерекеде аналары мен әжелерін құттықтап жатқан ұл-қыздарыңда денсаулықтары да мықты болсын. Осы бүлдіршіндердің бәрі үлкен азамат болып өссін.
Осылай деп әже, мысыққа көмектескені үшін ақша береді. Мысық ол ақшаны дүкеншіге беріп, кәмпит пен ойыншықтар алады. Кәмпит пен ойыншықтарды балаларға апарып береді. Балалар, мысыққа бояу мен қағаз береді. Мысық бояу мен қағазды Мақтақызға апарып береді. Мақтақыз мысықтың құйтығын тағады. Осымен Мақтақыз бен мысық татуласады.
Мақтақыз:
-мен - Мақтақыз, Мақтақыз,
Өнерліміз баршамыз!
Міне, осындай, қойылым,
Дайындады бақшамыз.
Мысық, 8-наурызымен құттықтап сыйлық береді. Осы кезде, балаларда, мерекелік сыйлықтарын аналар мен әжелеріне табыс етеді.
- Балалар, бүгінгі ертегіден қандай тәрбие алдық? Айтыңдаршы. Мақтақыздың бояуын төгіп тастаған мысық дұрыс істеді ме?
- Жоқ!
- Оның құйрығын жұлып алған Мақтақыз дұрыс істеді ме?
- Жоқ!
- Жамандық істеуге бола ма екен?
- Жоқ!
- Біреу жамандық істесе, оған жамандықпен жауап қайтару керек пе?
- Жоқ!
- Ал, қалай ойлайсыңдар, не істеу керек?
- Жамандық жасағанын түсіндіру керек.
- Жамандық жасауға болмайтынын айту керек.
- амандық жасаған кісі көп қиналатынын айту керек.
Жүргізуші:
- Құрметті, аналар мен әжелер. Сіздерді “Болашақ” тобының бүлдіршіндері атынан бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Аспандарыңыз ашық, дендеріңіз сау болсын. Осы өсіп келе жатқан ұл-қыздарыңыздың қызығын көріп, жүз жасаңыздар. Осымен мерекелік кешіміз аяқталды.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақшаға Аналар-мәңгі жасасын арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сценарий сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Аналар-мәңгі жасасын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]