Көкем екеуміз көл жағалап кеттік. Үндемей ғана жағалап келеміз. Көкем: «Сөйлеме, жөтелме» – деп ескерткен. Бір рет түшкіргенім болмаса, жөтелгенім жоқ. Дөңмаңдай мен қоңыр......
Бұл кезде шығыстан құлан иектен таң атып келе жатқан. Саяқбай белбеуін алып, айғырдың мойнына салды да, ауылға қарай жетеледі. Түн де ұзақ, суыт жүрістен кейін ісініп тұрған кезінде аңғармаған екенбіз. Таңертең тұрып қарасақ, Қозыкүреңнің, шынында да, ыңыршағы айналған құр сүлдері ғана.....
Ауылдың көлік ағытқан жері, өткен жыл, мекенін переселенге өлшеп, үйлерін көктемде көшірген ауылдың жұрты еді. Сол жұрттағы қалың бұйра талдың арасында құдық барын Баймырза біледі.
Ол қарына шелек іліп, өгізін жетектеп жөнелді. Бұл кезде....
Өзендер сияқты таулардың да аттары бар. Түрлері қандай болса, бұлардың аттары да сондай. Құсмұрынның мұрны қораздың тұмсығына ұқсас. Біздің ауылға жақын таудың аты — Қарабура. Оның өзі ашуланшақ жалбыр шуда қара бура сияқты. Екі өркеші дәу Қарабура мойнын созып, Айнабұлақтан су ішіп тұр. Тайменденің.....
Аңылжыған айдала. Терістіктен темірдей қарып ызғырық жел еседі. Жападан-жалғыз. Шалқасынан жатыр. Бүкіл ту сырты тұтаса мұздап, тұрайын десе, тұра алмайды. Өзіне не болғанын білмейді. Аттан жығылған.....
Әкем айттырған Жаманбаланың шотпақ қара қызын менсінбей, Мамырбайдың Ақбілегін елден таңдап айттырып едім. Мал-жанды соққан екен, малымды түгел алмай, есік көрсетпеймін деп, көнбей қойды. Бойжеткен калыңдығым тұрғанда, қарап жатайын ба, «жасырын барам» — деп кісі жіберіп алып, «өзі біледі» деген.....
Ұлтты ұлт ететін, оның өрісін жайып, тығыз кіретін бірлігі, күш-қайраты болуы керек. Әр тілде сөйлейтін, әртүрлі мәдениеттер ықпалындағы бірнеше дінге бөліне бастаған қазақтың ......
Өткен он айдың ішінде мен бірнеше шабуылда болдым. Өлімді тіпті көп көрдім. Жақын жолдасыңның қиналып барып жан тапсыруын көруден ауыр не болады дейсің. Ол-жаныңа жаны қосылған.......
Жұпар атқан кең жазықтың төсіне жұмсақ қара жолмен жүрдек машина барынша зырлап келе жатқанда, ұшқыр қиял шіркін де тығырында тоқырап қала алмайды-ау. Қанатын қағып-қағып жіберіп, дауылпаздай шарқ ұрып, ол да самғап ұшады. О атамекенім, қазақ жері! Сенің шет-шегіңе қиялдан өзге не жетіп үлгереді. Сол алып өлкеңнің.....