Қазақша диктант: Қазақ тілі | Жаңару

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Жаңару

Өмір деген не? Жаңа туған адам дүниенің есігін қағып, бірінші баспалдаққа шығады. Оның алдында — бұраңы көп, мехнаты көп ұзақ жол — өмір жолы.

Адам бір жоғары көтеріліп, біресе төмен түседі, тағы да жоғары көтеріледі. Осы бұраң жолмен ол тез жүріп, асыға ұмтылып, алға басады. Ол — ширақ, ол — шат. Ол осы жолының бір жерге жетіп таусыларын да біледі. Бірақ одан ол қорықпайды. Оған қымбат — сол бұраңы көп ұзақ жол.

Мәңгілік өмір бір көшке бір көш жалғасып, ұрпақ ауысып, ел жаңарып отыратын сол ұзақ жолда.

Мен — жиырмадағы жас жігітпін. Мен өмір жолының біразын жүріп тастасам да, алдымда әлі талай қыр бар. Менің алтын жолым жиырмасыншы ғасырдың биік қырқасынан асып, алға қарай, жоғары қарай тартып барады. Ол жол менің Отанымның кең далаларынан өтеді. (120 сөз)

(Ғ.Мүсірепов)
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ тілі Жаңару диктант по казахскому языку казак тили, қазақ тілі диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктант жазу, диктанты по казахскому языку, диктанты на казахском языке, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Жаңару

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]