Қазақша диктант: Қазақ тілі | Ауыл тұрмысы

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Ауыл тұрмысы

Ел жайлаудан тараған. Шөкен, Мақаш ауылдары қыстақта «Жамбас құдықта» отыр. Кешеден бері күн көзі көрінбейді. Аспан қалың бұлт, жел тынық. Анда-санда толасы бар. Ыбылжыған ақ жауын мазаны кетіріп тұр. Талай үйде отын жоқ, тезек су, панасыз нәрсенің бәрі су. Көп мінілген көлік, көп сауылған төл бүрсеңдеп, үй паналап немесе ықтай оттап жүр. Үйлердің түндігі шақтап ашылған, қайсыбірі қалпымен жабық. Түтін шыққан шаңырақтар некен-саяқ. Жаз бойы жайлауда жадыраған жан-жануар күздің бір лайсаңында-ақ кірбеңдеп қалды. Қараша үйлердің адамы кәдімгідей күйзелді. Киіз жыртық, отын жоқ. Отын болса, ішті жылытатын ас жоқ.

От жағылмаса да, Шәкен үйі бұл күндерді елемеді. Шәкен басына тысы қара барқыт, іші түлкі пұшпақ бөрік киіп, арқасына күрең сәтенмен тыстаған су жаңа түйе жүнді күпі жамылып отыр. (119 сөз)

(Ғ.Мүсірепов)
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ тілі Ауыл тұрмысы диктант по казахскому языку казак тили, қазақ тілі диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктант жазу, диктанты по казахскому языку, диктанты на казахском языке, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Ауыл тұрмысы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]