Қазақша диктант: Қазақ тілі | Күйші

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Күйші

Атақты күйші, композитор Дина Нұрпейісова 1861 жылы Орал облысы, Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмында дүниеге келген.

Динаның музыкаға деген зеректігі өте ерте байқалады. Ол жеті-сегіз жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында Құрманғазыны көреді.

Бұдан кейінгі жылдарда Дина өз заманының тамаша күйшілері Дәулеткерей, Түркеш, Ұзақ, Мәмен, Байжұмалардың күйлерін үйренді. Олардан тәлім-тәрбие алады. Өзі де күй шығара бастайды.

Құрманғазы, Дәулеткерей және басқа композиторлардың күйлерін біздің заманымызға жеткізгендердің бірі Дина болды. Динаның «Той бастар», «Әсем қоңыр», «Жеңіс», «Бұлбұл» күйлері қазақ халқымен бірге жасайтын асыл қазына. (84 сөз)
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ тілі Күйші диктант по казахскому языку казак тили, қазақ тілі диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктант жазу, диктанты по казахскому языку, диктанты на казахском языке, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Күйші

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]