Қазақша диктант: Қазақ тілі | Көз көрген

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Көз көрген

— Құтыбай, өлең айтшы, көңіл көтерші! — деді бір кезде, сөзден іш толды, құлақ сарсыды. Қақыраған қыста торғай екеш торғай да күнелтеді. Құдайым сол құрлы жаратқан шығар. Қазақтың босқаны бір бұл ма «Ақтабан шұбырындыдан» кейін де ел болдық. Әлі де болармыз.

— Әй, Жәмила-ай, Махамбетше атаның аруағымен, еркектігімен асып жүр-ау! Әйтпесе, нағыз би өзіңсің ғой, — деп Құтыбай қолына домбыра алғанша, Жәмила жауап қайырып үлгерді:

— Көпшікке зәру едім, өркенің өссін. Бірақ есіңе сақта, бақ шіркін қонарында әйел түгілі ақымақтың да басына қона салады. Қонбасында еркек түгіл ақылдының да басынан қашады.

— Иә…-деді де, Кұтыбай домбыра шертті. Ән емес, күй емес, әлдеқандай бір сарын, айтып түсіндіру қиын. Әйтеуір бойды сергігіп, сезімді қоздырып барады. Жап-жаңа шұқанақ, батпақ көңіл жайнаған мынау көк майса даладай далиып сала береді. (119 сөз)

(Ғ.Мұстафин)
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ тілі Көз көрген диктант по казахскому языку казак тили, қазақ тілі диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктант жазу, диктанты по казахскому языку, диктанты на казахском языке, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Көз көрген

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]