Қазақша диктант: Қазақ тілі | Қызыл отау
Жүріп кетудің сәті де түсе қалды. Қызыл отауға үшінші түнеудің кешіне, Еркіннің түзетуге берген тарантасы кеп қалды. Қостанайға дейін қажымай апаратын пар ат та даяр болды. Сол күні кешке Әсия мені өз қасына қалдырып, ертеңіне таң салқынымен сапар шегетін болдық. Серігім болса-болмаса да Болқаш пен оның әйелі Жаңыл.
Әсия үйіне барардың алдында Еркін: «Сен сыртта жүре тұр, үй маңына кісі келтірме!» — деп әйелін шығарып жіберді де, өзі менімен біраз уақыт әңгіме жасады.
* Ал, шырағым, сонымен жүретін болдың ғой енді? — деп бастады ол сөзін.
* Солай ұйғардық қой.
* Жақсы тілектер бұрын да болған, қазір де бар. Сондықтан ең алдымен айтар тілек-батам — сапарың оң болсын.
* Рахмет, аға.
— Екінші айтарым: біздің еліміздің дәстүрінде аға мен қарындастың бірін-бірі қатты сыйлайтыны бар. Біз екеуміздің арамызда туысқандық ешбір байланыс болмағанымен, әлдене себептердің салдарынан, туыс адам сияқты халге жеттік. Егер сен бұл ұсынысты қабылдасаң, бұдан былайғы уақытта, мені ең жақын, ең адал туысыңның бірі көруіңді өтінемін. (152 сөз)

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: